Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет351/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   347   348   349   350   351   352   353   354   ...   369
Қоғамдық сала 
(public sphere).
 
Юрген Хабермастың бұл термині азаматтардың қоғамның саяси
қимыл-қарекетіне ықпал ететіндей межеде талқылау мен пікір алмасуға қатысатын қоғамдық талқы


саласына қатысты. Хабермас мұның пайда болуын Батыс Еуропадағы жаңалықтарда, кофе-
мейрамханалар мен журналдарда т.б. орындарда қоғамдық талқылаулар ерекше белең алған ХVІІІ
ғасырдың соңына жатқызады.
Құзыретті қауымдастық 
(interpretive community) – белгілі бір əдебиетті түсінуге құзыреті
жететін немесе ерекше біліктілігі бар жəне оқулары мəтінді тиянақтауға көмектесетін оқырмандар
тобы. Оған мысал ретінде Милтонның «Жоғалған жұмағының» (Paradise Lost) алғашқы басылымын
алса болады.
Құрама 
(assemblage).
Жил Делөз бен Феликс Гуаттари бұл терминді бірегей əртекті элементтер
біріктіретін болмыс түрін атау үшін ұсынған. Біздің денеміз де ақыл-ойымыз сияқты құрама
(Assemblage).
Логоцентризм 
(logocentrism). Бұл терминді Жак Деррида батысеуропалық философия дəстүрінде
ақылды ақиқаттың өлшемі ету үрдісін сипаттау үшін қолданған. Платоннан бастап Гуссерльге
дейінгі идеалистік дəстүрде ақыл немесе логос жаттанған ақиқатты таза идея ретінде тануға
қабілетті боп суреттеледі.
Матерализм 
(materialism) – материалдық əлемнен тыс еш нəрсе, əсіресе, рухани əлем жоқ деген
философиялық ұстаным.
Мәдени капитал 
(cultural capital) – əртүрлі экономикалық таптарда туындайтын символдық
тауарлар мен артықшылықтар (мысалы, таңдаулы білім түрінің бірін игеруге қол жеткізу сияқты).
Пьер Бурдьенің айтуынша, бұл тауарлар қаржылық капитал сияқты əркелкі дамиды жəне бір
əлеуметтік-экономикалық тапты, оның белгілі бір эстетикалық шешімді қаншалықты жақсы
қолданғандарына қарай, екіншісінен ажыратуға көмектеседі.
Мәдени материализм 
(cultural materialism). Раймонд Уильямс бастаған бұл əдеби зерттеулер
қозғалысы барлық назарды нақты əдеби еңбек пен ол өмір сүріп жатқан мəдени тарихқа аударды.
Бұл – материалистік ұстаным, өйткені ол жұмыс, сондай-ақ экономикалық таптардың шынайылығы
мен олардың өмірімізге əсері тəрізді іргелі физикалық элементтер жəне өмір процестеріне қатысты
марксистік ұстанымға жақын. Өзінің əйгілі зерттеулерінде Уильямс елдегі жағдайға байланысты
немесе соған қатысты жазылған ағылшын əдебиеті мен қала өміріне қатысты əдебиеттердің
арасындағы айырмашылықты қарастырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   347   348   349   350   351   352   353   354   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет