Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет349/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   345   346   347   348   349   350   351   352   ...   369
Контр-гегемондық 
(counter-hegemonic). Гегемония үстем жағдайға қатысты қолданылады. Контр-
гегемондық дегеніміз – үстемдікке немесе билікке қарсы əрекет.
Коэволюция 
(coevolution) – eкі ағза бір-бірінің эволюциялық дамуына əсер еткен кезде, паразит
пен қожайынның өзгеруіне қарай, бірі екіншісін өзара ұтымды жағдайда эволюцияға ұшыратуы.
Көлемді нарративтер 
(grand narrative). Жан-Франсуа Лиотардың «Постмодерн ахуалы»
 
атты ұзақ
баянынан бастап
,
бұл термин гуманизм сияқты адамзат тарихын хатқа түсіруде қолданатын
«көлемді» баяндауларға қатысты айтылады. Бұған қарама-қарсы шағын əңгімелер қатарына
жұртшылықтың белгілі бір тобын бейнелейтін, гендерлік азшылық немесе адамның түсіне қатысты,
негізінен, ақ гетеросексуалды ерлерді бейнелейтін шағын хикаяттар жатқызылады.
Куир 
(queer)
 
– бастапқыда, 1980 жылдары куир сөзін көпшілікке кеңінен таныс гейлерден
ажырату үшін қолданды. Ал қазір куир (queer) ұғымын гендерлік «сұр түстің түрлі реңктеріне»
(
gray-scale variety
)
 
қатысты қолданады. Куир деп – гетеронормативтік əлемге жат көрінетін, ал
олардың өздері гетеронормативтік өмір салтына күмəнмен қарайтын топты айтамыз. Яғни сексуалды
тəжірибенің құбылмалы сипаты мен гендерлік даралыққа қатысты олардың ұстанымы өзгеше. Куир
теориясының негізгі идеясы мынандай – куир азшылықтың жақтаушы мүшесі емес. Бұған қоса, куир
критицизмінің бір жобасы – гетеросексуалды мəдениеттің олар үшін теріс саналатын
гетеронормативтігін мансұқтау. Ал əдебиеттегі куир критицизмі дегеніміз – барша əдеби мəтінде
жасырын жатқан (барлық адамдар ойында да дəл солай) гетеросексуалды емес сексуалды жəне
гендерлік болуы мүмкін сипаттарды ашу. Психологиялық зерттеулер көрсеткендей, кейбір адамдар
белгілі бір деңгейге дейін куир жəне гетеросексуалды қалауға қайшы келетін құштарлықты сезінеді.
Дивергенцияны (алшақтықты) шектейтін репродуктивті нормаларды сақтауды қамтамасыз ететін
мəдени заңдарды ұстанбаған кезде, гендерлік пен сексуалдық бұдан да еркін əрі əртүрлі, көптүрлі
жəне полисипатты болуы мүмкін. Қоршаған табиғат əлемінде гетеросексуалды репродукция –


азшылықтың формасы. Белгілі бір деңгейде, куир – биологиялық норма, ал репродуктивті
гетеросексуалдық, керісінше, аберрация (ауытқу).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   345   346   347   348   349   350   351   352   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет