түсініксіз еді, «қол» деген сөзге «жуу» немесе «ұстау» деген сияқты
сөздерді тіркеу логикалық тұрғыдан əлдеқайда қисынды болар еді.
Силлогистикалық қозғалыс дегенде, Силлиман сөйлемнің өз өлшем
бірлігіне қатысты логиканы айтып тұр. Негізгі логика сөздерге
(морфемдерге) немесе олардың шағын топтарына басты назар аударылған
тиянақты ойдың тобын біріктіретін сөйлемдердің аясынан аспайды. Алайда
абзац деңгейінде я болмаса жалпы деңгейде қызмет атқаратын екінші
логиканың болуы да мүмкін. Силлиманның жаңа сөйлемдер тобының
мысалын Гарриманның «Ол үшін» (
For She
) деген шығармасынан таба
аламыз:
«Оның жастықтың астында жатқан қолдары ғайып болып кетпеген. Біз бір-біріміздің сөзімізді
ести алмадық. Ваннадағы ластықтың өзі арсыздық. Біздің арамызда қаншама жылдар жатыр. Мен
мазасыз түндерден кейін, орманнан құр сүлдері шыққан Максинді бейтаныс жанмен бетпе-бет
кездестірдім. Мен өзгеше тұңғиықтан келдім. Қызылды-жасылды салтанатты дүние иттердің
өршелене үргеніне ұқсайды».
Бұл мысалда есімдіктер мен дейктикалық көрсеткіштер (-да, -ге, -ден, -
нан) түрленген (немесе өзгерген) сөйлемдерге қарсы қалыптылық сезімін
тудырады. Мұндай жазбаларға қатысты барынша дəстүрлі термин –
паратаксис
(салаласа байланысу) қақпайлауға көне қоймайтын проза.
Жаңа сөйлем осыған əдеттегі пайдаланып жүрген тілдегі грамматикалық
өзгерістер мен жергілікті тілдің айырмашылықтарын қосады.
21
Оқуға ұсынылған əдебиет
Рон Силлиман.
The New Sentence
(1987)
Достарыңызбен бөлісу: