Әдебиет теориясы. 1-том


Мұқабадағы иллюстрация туралы бірер сөз



Pdf көрінісі
бет4/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   369
Мұқабадағы иллюстрация туралы бірер сөз.
«No Radio» белгісін Нью-
Йорктегі көліктерден жиі көруге болады. Бұл белгінің мағынасы «көлікті
қиратып əуре болмаңыз, ондағы радио əлдеқашан ұрланған немесе иесі
шешіп алған» дегенді білдіреді. 
Wiley-Blackwell 
баспа үйінен кітаптың
мұқабасындағы суретке осы тіркесті қоса жазуды өтіндік. Себебі тіркес
астарындағы «теория» тұжырымына сəйкес, бұл жазуды көрген адам
ұтымды «идеологиялық» ескертудің арқасында көлікті қирату ниетінен бас
тартуы тиіс. Əрине, осыған ұқсас теорияларды жинақтап-насихаттап
жүрген 
редактор 
ретінде 
«идеямыз» 
жүзеге 
асатынына 
іштей
қобалжығанымызды жасырмаймыз. Себебі «теориялардың» барлығы
тəжірибеде шүбəсіз жүзеге асып жатса, мұндай əрекетке бармас та едік.
Шындығын айтсақ, біздің кітапқа енгізген кейбір теориялық толғамдар
мұқабадағы аталған тіркеспен бірге қолданылған суреттегі, қолына əйелдің
жүрегін алып, алаңсыз мұқият үңіліп тұрған ер адамға ұқсауы да мүмкін.
Дегенмен бұл еңбектен ота үстеліндегі əйелдің ахуалына алаңдайтын, оның
сауығып кетуіне жəрдемші болатын ойларды да табасыз деген пікірдеміз.


Теорияның қыcқаша тарихы
Адамзат тарихы таңбаланған ең алғашқы жазба дерек – Перигё қаласы
маңындағы (Франция) Ласко үңгірінің қабырғаларында кескінделген
«Аңшылық» (
The Hunt
) деп аталатын сурет. Археолог Ричард Кляйннің
пікірінше, үңгір еденінде қалған қол мен аяқ іздері бұл суреттерді баланың
салғанын немесе оның балаларға арнап салынғанын көрсетеді. Сурет жай
аңшылықты бедерлеп қана қоймайды. Ол осыдан 42 мың жыл бұрынғы
адамның санасында үлкен серпіліс, өркендеу болғанын айғақтайды. Сол
кезеңнен бастап, адамзат біздің қазіргі түсінігіміздегі «адамгершілік»
ұғымын бойына біртіндеп сіңіре бастады деуге болады. Олар соқа сияқты
қарапайым еңбек құралдарынан бастап, адамзат мəдениетінің жоғары
деңгейін айқындайтын ақша өлшемін ойлап тапты. Мұның барлығы
адамның дерексіз ойлау тұжырымдарын бейнелеуге жəне рухани əлемді
сезінуге деген бейімділігін көрсетеді. Уақыт өте келе, олар аңшылықтан
егіншілікке, одан кейін отырықшылық өмір салтына көшеді. Енді кішігірім
тобыр түрінде жеке-жеке өмір сүруді доғарып, бірнеше топтың бірігуімен
ұйымдасып, қауым болып қоныстана бастайды. Алғашқы қауымдық
құрылыс кезіндегідей қандас бауырларына күш көрсету, зорлық-зомбылық
жасау əрекеті біртіндеп бəсеңдеп, адамдар, керісінше, өзара тату, бейбіт
өмір сүруге дағдылана түседі. Мұндай жаңа өмір салтының пайда болуы
«Аңшылық» жазбасында бейнеленген адам санасындағы өзгерістен
көрінеді. Алғаш рет суреттерде бейнеленген адамның саналы түйсік
қабілеті қоғамдық өмірдің пайда болуында аса маңызды мəнге ие болды.
Санада бейнелей алу қабілеті сол кезеңдегі қоғамдық өмір сүру салтына
қарсылық түріндегі ыза-кек, ашу үстіндегі əрекетті көрсетумен бірге,
саваннада тірі қалудың амалы ретінде қауіптің алдын алу, қарсы күресу
немесе бас сауғалау кезіндегі сезімдерді игеру қабілетіне де тікелей
қатысты. Мұндай жаңа, танымдық мəні бар ишаралық, еліктеушілік
қабілеттің өзге біреудің өмірін бағалауда, соның негізінде туыстық
байланыс немесе жат қауымдастықтар туралы ақпарат алуда маңызы өте
зор болды. Тарихты баяндау, көп жағдайда, қазіргі заманғы адам өмірінің
пайда болуына ықпал еткен танымдық қабілеттермен тығыз сабақтастықта
қалыптасқан.
Біздің бір-бірімізбен көбірек тілдесуімізге үлкен қауымда бірігіп өмір


сүруіміз себеп болған жоқ, керісінше, біз бір-бірімізбен тілдесу арқылы
үлкен қауым құрдық. Тілдің қызметі
 
қазіргі қоғам өмірінің пайда болуында
айрықша рөл атқарғанын айтуымыз керек. Болған оқиғалар мен оларға
қатысты əңгімелер бұрынғы адамдарға қоғамдық сипаттағы маңызы бар
ақпаратты сақтап, оны кейінгілерге жеткізуге мүмкіндік берді. Бұл жаңа
адамзат қоғамының қалыптасуына тікелей əсер етті. Осындай ақпараттар
жалғастығы арқылы қалыптасатын тарих – өткеннің сабақтары жазылатын
жəне оны келесі ұрпаққа жеткізетін жəдігер. Кейбір этнологтер қысқа
мерзімді есте сақтау қабілеті осыдан 42 мың жыл бұрын өмір сүрген
адамның танымдық революциясындағы басты өзгерістерінің бірі болды
деген пікірді қуаттайды. Адамның ерте кездегі əңгімелері бастапқыда есте
қалған оқиғаларға, қарапайым деректерге құрылғаны дау тудырмайды.
Уақыт өте келе, бұл құжаттық жазбалар көркем туындыларға, əңгімелерге
айнала бастайды, өйткені бір кездерде өмір сүрген шынайы кейіпкерлер
ұмытылып, ондағы тұлғалар
 
əдеби көркем бейнемен алмасады (олардың
кейбіреуі «қарға» немесе «тасбақа» түріндегі қоршаған ортадан, табиғаттан
алынған бейнелер болуы да мүмкін). Естелік əңгімелердің ойда сақталған
белгілі бір бөлігі оқиғаға негізделіп құрылса, толық айтылмаған бөлігі
болашақты болжайтын баян да бола білді. Өмірдегі іс-əрекеттерді белгілі
бір уақыт шегінде өткен шақ, осы шақ пен келер шақ тұрғысынан
қарастыратын мұндай баяндау тəсілінен ертедегі адамдардың табиғат
құбылыстарын күні бұрын болжай алғандығы, іс-əрекетін алдын ала
жоспарлай білгендігі, яғни мақсатты, саналы түйсік қабілеті көрінеді.
Олардың өмірі ендігі жерде қысқа мерзімді физикалық қажеттіліктерді
қанағаттандырумен ғана шектелмеді. «Аңшылық» бейнеленуіндегі «Қорек
табу үшін сапарға шығу» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет