Әдебиет теориясы. 1-том


Тәжірибе жүзіндегі теория. Романтикалық риторика



Pdf көрінісі
бет100/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

Тәжірибе жүзіндегі теория. Романтикалық риторика
(Елизабет Бишоп: тілді түрлендіру)
К.К. Дорески
Елизабет Бишоптың өлеңдері Америка академиясына жаңа критицизм ағымы еніп,
студенттердің өлеңді қалай оқып түсінуі жөніндегі
мәселе
күн тәртібіне қойылған кезеңде
жазылған. Ол кездері бірегей ойды белгілі бір бейнеге салып, құрылымы мен мазмұны үйлесім
тапқан өлеңдер үздік деп танылатын. Оның сәтті өлеңдері ұлы ақиқатты ашып жеткізді. Көбінесе
мұндай ақиқат рухани сипатқа ие еді. Мысалы, Уильям Уордсуорт табиғатты кемел рух ретінде
сезінген. Гүлге қарасаң, Құдайды көресің деген. Ал Бишоп болса скептицизм мен материалистік
көзқарасқа жақын болды. Әлемді суреттегенді жаны сүйгенімен, әлемді кемелденген рух деп
қабылдай алмаған. Расымен де, ол өзінің «Крузо Англияда»
 
(
Crusoe in England
) және «Екі
мыңнан астам киелі көркем бейнеден үйлесім іздеу» (
Over 2,000 Illustrations and a Complete
Concordance
) сияқты өлеңдерінде әлемді жансыз, қарапайым материалдық әлем ретінде ғана
сипаттаған. Рухтың өмірге айналған сәтін «эпифаниялық»
 
деп атаған. К.К. Дорески Бишоптың,
Уордсуорттың ізімен рухтың эпифаниялық аян арқылы ашылу мүмкіндігін тек осы үміттен
түңілту мақсатында қалай қолданғанын сипаттайды.
Эпифания мен атақ-дарынның салмағы (жазушылықты үлкен бедел иесі
деп санаудан басталған жаңа кезеңде) білімнің екі түрлі романтикалық-
заманауи риторикалық сипатта жүзеге асуынан көрінеді. Мұны белгілі бір
дəрежеде Уордсуорттан үйренген Бишоп оның бұл əдісін өзінің бай
əсерлерімен, сондай-ақ кейбір көзге түсер күрделі қырларымен өз
шығармашылығына бейімдеп қолданады. Бұрын айтып өткенімдей,
психикаға немесе рухтар əлеміне енуге тырысатын тілге қарсылығы – оның
өлеңдеріне тəн басты ерекшелік. Алайда осы қарсылық үрдісінің өзі оның
үздік шығармаларының берік риторикалық өзегін құрайды. Осы тарауда ең
алдымен айтылатын эпифаниялық құрылым ақынның мəтіннен аттап өтіп,
өзін-өзі танытуды өзгелермен бөлісіп, тілдің артықшылығын тұрақты
қасиетке айналдыруды талап етеді. Елизабет Бишоп рухтың өмірге
айналуына бірден илана қойған жоқ. Оның «Сантарем»
 
(
Santarém
) өлеңі
тыңдарманның бастапқыда тақырып мағынасын дұрыс түсінбей, идеясын
əдейі келемежге айналдырып, «бұл не деген ұсқынсыз нəрсе?» деп сұрақ
қоюы əбден мүмкін екенін ескертеді. Кейбір сыншылар Бишоптың шектен
тыс ұстамдылығы мен сыпайылығы оның тəртіп пен қарым-қатынас
туралы түсінігіне жəне эпифанияға біржола сенбеуіне байланысты болуы
мүмкін деп есептейді.


Бишоптың мақсаты – ұстамдылық (психологиялық батылсыздықтан гөрі
əдеби) əдебін сақтай отырып, рухты өмірге айналдыру қойылымын пайдаға
асыру (оқырманды соған дайындау құралы). Бишопты сынаушылар оны
эпифанияға жатқызғанымен, ақынның «ішкі мүмкіндігінен аспайтын»
құдіретті уордсуорттық бейнеге деген ишараты əрдайым рухтың өмірге
айналған сəтін дөп басып, өзі ойлаған деңгейде жүзеге аса бермейді.
Пейзаж арқылы ұсынылған немесе ашылған рухани өлшемдер түсінігімен
қауышқан сəтте, оның өлеңдерінің өзінше құрылымы өлеңнің шегінен тыс
жататын жəне оған қайтып оралатын өзіндік ерекшелігін сақтайды.
Бұл Бишоп поэмасының аса терең сындарлылығын (
reticence
)
 
көрсетіп
тұр. 
Ол 
поэманың 
эпифаниясына 
енген 
метафора 
(ауыстыру)
заңдылықтарынан бас тартып, тілдің əдеттегі өлшемдерінен тыс, ерек
формаларды қолдана отырып, поэманы сыртқы күштердің ырқына
бейімдеуге тырысты. Поэзияны шектеулі деп есептеген, поэманың
мазмұнында қандай да бір кездейсоқ алмастыруды шектеп, қатаң тəртіпті
мойындағысы келмеген Бишоп осы өнер арқылы шексіз рухани еркіндікке
бой ұрды. «Күмəншіл»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет