болады.
Мысалы, бастапқы ең айқын нəрсе – олардың маңыздылығы бірдей емес.
Бұл жерде синхронды көзқарас басым болып тұр. Өйткені ол сөйлеушілер
қауымдастығы үшін шынайы əрі жалғыз ақиқат.
Бұл лингвистикаға да
қатысты; егер ол диахронды тұжырымды қабылдаса, онда ол енді тілді
сақтамайды, оны өзгертетін бірқатар əрекетке айналып кетеді. Адамдар
«қандай да бір əрекеттің генезисін түсінуден маңызды еш нəрсе жоқ» дейді.
Əрекетті қалыптастырған күштер оның шынайы табиғатын бейнелейді. Ал
олар туралы білім бізді кейбір иллюзиялардан қорғайды.
Бірақ бұл
диахронды лингвистиканың мақсатының аясы тар емес екенін дəлелдейді.
Журналистика туралы мəселе де диахронды жүйеге жатады: біреу одан
алыстап кетсе, ол кез келген басқа жерден жол тауып кете береді.
Диахронды жəне синхронды жүйелердің əдісі екі амалмен ажыратылады:
(а) Синхронды лингвистиканың тек бір ғана бейнесі бар, ол – сөйлеушілер.
Оның барлық əдісі сөйлеушілерден дерек жинау əрекетінен тұрады;
жағдаяттың шынайы екенін білу үшін оның сөйлеушілер санасында
қаншалықты дəрежеде бар екенін анықтау қажет əрі сол жеткілікті.
Диахронды лингвистика, керісінше, екі түрлі көзқарасты ажыратуы керек.
Оның бірі
болжамды
, ол уақыт ағымына қарай жүреді; екіншісі
ретроспективті
, ол уақыт
ішінде өткенге қайтып оралады, яғни соңына
көз тастайды; мұның нəтижесі бесінші бөлімде айтылатын əдістемедегі
көбею болады.
(ə) Екінші айырмашылық екі пəннің əрқайсысы қамтыған өрістің
шекараларымен байланысты. Синхронды зерттеудің өз мақсаты бар. Ол –
бір мезетте болатын əрекеттер емес, əр тілге сəйкес
келетін деректердің
жиынтығы. Қажет болған жағдайда, диалектілер мен субдиалектілер де
бөлінеді.
Син-хронды
деген термин шынымен де нақты емес; сенімді болу
үшін оны
идиосинхронды
деген атаумен алмастыру керек. Керісінше,
диахронды лингвистика мұндай арнайы
атау беруді қажет етпейді, тіпті
оны жоққа шығарады. Оның зерттейтін терминдері міндетті түрде бір
тілге ғана қатысты емес (салыстырыңыз: прото-үнді-еуропалық
*
esti
грекше
esti
, немісше
ist
жəне французша
est
). Диахронды жағдайлардың
ауыспалылығы һəм олардың кеңістікте көбеюі идиомалардың əртүрлілігін
қалыптастырады. Екі түрдің ассоциациясын ақтап алу үшін, қаншалықты
жанама болса да, олардың бір-бірімен тарихи байланысы бар екенін
көрсету жеткілікті.
Жоғарыда айтылған көзқарастар ең айқын, жан-жақты терең зерттелген
көзқарастар емес. Эволюциялық жəне статикалық мəліметтер
арасындағы
түбегейлі терең салдардың бірі – бəрімен байланысты барлық түсініктің тең
дəрежеде өзара қысқартылмайтындығы. Кез келген түсінік осы ақиқатты
көрсетеді. Син-хронды жəне диахронды «құбылыстардың» ортақ еншісі
жоқ. Олардың бірі – бір мезгілді элементтердің арасындағы байланыс, ал
екіншісі – бір элементтің екінші
элементпен уақыт бойынша, жағдайға
байланысты орын ауыстыруы.
Біз сондай-ақ диахронды жəне синхронды бірегейліктің екі түрлі нəрсе
екенін көреміз. Тарихқа көз жүгіртсек, француз тіліндегі терістеуді
білдіретін
Достарыңызбен бөлісу: