Мифология
Ролан Барт
Ролан Барт
–
1950 жылдардан 1970 жылдарға дейін Франциядағы структуралистік және
постструктуралистік әдеби сынның дамуына зор үлес қосқан көрнекті ғалым. «Семиология
элементтері» (
Elements of Semiology,
1965) атты алғашқы еңбегінде ол Соссюрдің идеяларын
француз зиялы қауымына таныстырып, әдебиеттен бастап, сән және аспаздық өнерге дейінгі
дүниелердің барлығын «семиология» немесе таңбалар ғылымының кең қолданысына
мысалдар арқылы ұсынды. Ол структуралистік әдеби сынға қатысты көптеген еңбектер жазды.
Жак Деррида еңбегінің ықпалына түскен Барт 1968 жылдан кейін классикалық структурализмнің
таңбалар тәртібінен бас тартты. Оның орнына, әдеби семиозистің бейберекет әлеуетіне ден
қойды
.
Бұл – дәстүрлі әдеби зерттеулерге тән бірегейліктер мен шектеулерден аттап өту
тенденциясы («автордың» идеясы тәрізді). Оның «Автордың өлімі» (
Death of the Author,
1968)
атты еңбегі постструктуралистік манифест сарынында жазылды. Ал «S/Z» атты әйгілі еңбегі
(1970)
Барт
шығармашылығының
осы
кезеңдегі
кемелденуінің
көрінісі
іспеттес.
«Мифологиядан» алынған бұл топтама 1957 жылға тиесілі.
Мифке қатысты алдыңғы тарауда сипаттап өткен үшөлшемді үлгіні (
tri–
dimensional pattern
) осы жерде қайта көреміз: таңбалаушы (
signifier
),
таңбаланушы (
signified
) жəне таңба (
sign
). Алайда миф
–
өзіндік ерекшелігі
бар жүйе, өйткені ол өзіне дейін болған семиологиялық тізбектен
құрастырылған. Ендеше миф
–
екінші реттік семиологикалық жүйе
.
Бірінші жүйедегі таңба (нақтырақ айтқанда, концепт пен бейненің
ассоциациялық жиынтығы) екіншісінде жай ғана таңбалаушыға айналады.
Бұл жерде миф тілінің материалдары (тілдің өзі, фотосурет, кескіндеме,
постерлер, ритуалдар, объектілер т.б.) басында əртүрлі болғанымен, мифтің
құрамына өткенде саф таза таңбалаушы ретінде қызмет атқаратынын
ескерте кетуіміз қажет. Миф оларды жаппай шикізат материалы санайды;
оларды тұтастырып тұрған бірлік
–
қарапайым тіл статусы.
Алфавиттік болсын, кескіндеме жолымен болсын, жазылған дүниенің кез
келгенінен миф тек таңбалар жиынтығын, яғни алғашқы семиологикалық
тізбектің қорытынды термині саналатын ғаламдық таңбаны көргісі келеді.
Анығырақ айтқанда, дəл осы қорытынды термин өзі құратын əрі өзі соның
бір бөлшегі болатын ерекше ауқымды, күрделі жүйенің алғашқы термині
болып қалыптасады. Барлығы, миф бейне бір алғашқы мағыналардың
формалды жүйесін бір шетке ысырып қойғандай, жүзеге асады. Мифтің
талдауын жасағанда осындай сөздік мағынаның түрленіп ауысуы қажет
болғандықтан, кеңістік үлгісі бұл жерде тек метафора ғана болып
қалатынын түсіне отырып, мен оны төмендегідей үлгімен ұсынамын:
Мифте бірі екіншісімен байланыста тербеле қозғалатын екі түрлі
семиологиялық жүйенің бар екенін көруге болады. Біріншісі – миф өзінің
жүйесін құру үшін қабылдайтын, мен
объект-тіл
деп атаған тілдік жүйе
(немесе онымен ассимиляцияға ұшырайтын түйсіну тəсілі), екіншісі – мен
метатіл
деп атаған мифтің өзі, өйкені
бұл –
біреудің алғашқы жүйе жайлы
айтуына септесетін екінші тіл. Метатіл жайлы толғаған кезде семиолог
үшін, бұдан былай, тіл-объектінің құрамы жайлы сұрақ қоюдың,
лингвистикалық схема жайлы ойланудың қажеті жоқ. Оған жалпы термин,
не болмаса, ғаламдық таңбаны білсе болғаны. Əрі бұл термин мифтің
қолайына қаншалықты жарайды, сол межеде ғана қызықты. Міне,
сондықтан семиолог жазба мен суреттерге бөле-жармай, бірдей қарауға
құқылы; мифтің ол екеуінен алған дүниесі – екеуі де мифтің шекарасына
енген
таңбалар
, екеуі де тіл-объектінің бітімінде бар таңбалық
функциямен қаруланған.
Миф тілінің бір-екі мысалын келтіретін кез келді-ау, шамасы. Оның
біріншісін Валеридің зерттеуінен аламын.
1
Мен француз
лицейінің
екінші
сынып оқушысымын. Латын грамматикасын ашып, Эзоп пен Федрдан
алынған сөйлемді оқимын:
quia ego nominor leo
. Кідіріп, ойланамын. Осы
сөйлемде екі жақты мағына жатқан сияқты. Бір жағынан, ондағы сөздердің
мəні қарапайым, өйткені
менің атым арыстан
(
Лион
) деп тұр. Екінші
жағынан, сөйлем маған ишара беру үшін осында тұрғаны анық. Ол маған,
яғни екінші сынып оқушысына қаратылып айтылғандықтан, оның сөзі мен
үшін айқын. Мен баяндауыштың қиысуы ережесін көрнекілейтін
грамматикалық предикаттың мысалымын. Бұл сөйлем маған ешқандай
мағына
таңбаламайтынын,
маған арыстан һəм оның есімі жайлы ақпарат
беруге соншалықты ұмтылмайтынын
да мойындауға мəжбүрмін. Оның
шынайы əрі негізгі мағынасы
–
предикаттың белгілі бір келісімін маған
таңу. Мен ерекше, күрделі семиологиялық жүйемен бетпе-бет келдім деген
ой түйдім. Себебі оның тілмен қиылысатын тұстары бар: мұнда
таңбалаушы бар, бірақ таңбалаушының өзі таңбалар жиынтығынан
құралған, ол алғашқы семиологиялық жүйенің ішінде (
менің атым
арыстан
(
Лион
). Демек, формалды үлгі дұрыс ашылған: мұнда
таңбаланушы (
мен грамматикалық мысалмын
) əрі ғаламдық мағына бар,
олар таңбалаушы мен таңбаланушы арасындағы арақатынас (
correlation
);
арыстан атауы да, грамматикалық мысал да ажыратып берілмеген.
Тағы бір мысал. Мен шаштараздамын. Ол жерде маған
Paris-Match
журналының бір нұсқасы ұсынылды. Мұқабасында француз мундирін
киген қара нəсілді жас жігіттің қаққан қазықтай, көзін жоғарыға қадап, үш
түсті туға құрмет көрсетіп тұрған суреті бар. Картинаның бар
мағынасы –
осы. Мұным аңғалдық болар, бəлкім, болмас; бірақ мен үшін қандай
мағына беретінін анық білем: Франция – ұлы империя, азаматтары
ешқандай кемсітуге ұшырамайды, түр-түсі, нəсіліне қарамай, оның туы
астында абыроймен қызмет етіп келеді. Колониализмді болжап, «тисе –
терекке, тимесе – бұтаққа» деп өсектеушілерге қарсы осы қара нəсілдінің
суретінен артық жауап жоқ. Өйткені солдат «қанаушы» деп аталатын
зұлымдарға қызмет көрсете отырып, өз құлшынысы арқылы өзгелердің
сыни сөзін жоққа шығарып тұр. Сондықтан мен тағы да ірі семиологиялық
жүйемен бетпе-бет келдім: мұнда заманы өткен жүйеде қалыптасып
үлгерген таңбалаушы бар (
французша құрмет көрсетіп тұрған қара нəсілді
солдат
); екінші, бұл жерде таңбаланушы бар (дəл осы жерде француздық
пен милитаризмнің мақсатты қосындысы бар). Қорыта айтқанда, бұл жерде
таңбалаушының таңбаланушы арқылы бар болуы көрініс тауып тұр.
Мифтік жүйенің əрбір терминін талдамас бұрын, терминология жайын
келісіп алуымыз қажет. Біз енді мифтегі таңбалаушыны екі түрлі көзқарас
бойынша қарастыруға болатынын білеміз: тілдік жүйедегі қорытынды
термин немесе мифтік жүйедегі бірінші термин. Сол үшін бізге екі атау
қажет. Тіл тұрғысынан, яғни бірінші жүйедегі қорытынды термин ретінде
мен таңбалаушыны айтамын; мағына (
менің атым арыстан
(
Лион
)
, қара
нəсілді французша құрмет көрсетіп тұр
), миф тұрғысынан алғанда, мен
оны
форма
деп атаймын. Таңбаланушы жағдайында ешқандай да
құбылмалы мағына шығып тұрған жоқ, біз
концепт
атауын сақтап қаламыз.
Үшінші термин алғашқы екі терминнің арақатынасын білдіреді. Тілдік
жүйеде бұл –
таңба
. Бірақ бұл сөзді қайтадан екі түрлі мағынада қолданбау
мүмкін емес. Өйткені мифте (бұл кейінгінің басты ерекшелігі) таңбалаушы
тілдің
таңбаларымен
қалыптасып қойған. Мифтің үшінші терминін мен
мағына
деп атаймын. Бұл сөз өзін осы жерде толық ақтайды. Өйткені
мифтің, шынында да, екі түрлі функциясы бар: ол нұсқайды һəм ескертеді,
бұл бізге бір нəрсені ұқтырады əрі оны бізге таңады...
Достарыңызбен бөлісу: |