Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет163/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

нысаны 
болған Цезарь – көп нəрседен бейхабар, алаңсыз жүрген
кейіпкер. 
Ол ойланбайды
, сондықтан ол кейіпкердің бойында сот залында
тұрған бұлтартпас айғақ заттың берік, таза қалпындай кейіптегі образ
сақталуы керек.
Мұнда да таңба екіұшты мəнге ие. Аңғарған адамға ол оның бетінде тұр.


Алайда тереңге бойлаудан бас тартқандарға танылмайды, көрінбейді де. Ол
– адамдарға түсінікті болуды (бұл – көңіл қуантарлық жайт) алдына мақсат
етіп қойған жан. Сонымен қатар оның аяқ астынан жасанды болғанын да
меңзейді (мұнысы – айлакерлік). Ол əдейі жəне тоқтаусыз, жасанды əрі
табиғи, қолдан жасалған һəм жаңадан ашылған кейіпте. Бұл бізді таңбалар
этикасына алып келеді. Таңбалар екі формада көрініс табуы керек:
ашықтан-ашық интеллектіні талап ететіндей жəне соншалық алшақ
болғандықтан, ту тігіп қойса, əскери жасақты білдіретін дəл Қытай
театрындағы көрініс тəрізді болуы тиіс. Таңба кейде математикалық есеп
деңгейіне дейін қысқартылуы немесе терең орнығуы мүмкін, əр жағдайда
ойлап табылғандықтан, ішкі, жасырын қырын паш етуі əрі сол сəтке бағыт
сілтеуші болуы да ғажап емес (мысалы, Станиславскийдің өнеріндегідей).
Римдікке тəн кекіл немесе ойдан туындаған тер тəрізді аралық таңба
қарапайым шынайылықтан да, көпе-көрнеу жасандылықтан да қорқатын
жандардың сезім күйін паш етеді. Қойылымның əлемді айшықтау үшін
жасалуы қуантарлық жайт, ал таңба мен таңбаланушыны шатастырып алу 

айыптауға тұрарлық алдамшы əрекет. Мұндай екіжүзділік, əсіресе
буржуазиялық өнерге тəн. Мұндағы интеллектуалдық əрі түйсікке тəн
таңба жалғандықпен астасқан, сонымен қатар даңғазалықпен «табиғи»
сипат таңылған.
Кір жуғыш ұнтақтар мен жуғыш заттар
Жуғыш заттар өндірушілердің Дүниежүзілік бірінші конгресі (1954
жылдың қыркүйегі, Париж) дүниежүзінің 
Omo
ұнтағының эйфориясына
берілуіне жол ашқандай. Жуғыш заттар теріге еш зиян келтірмеуімен қатар,
кеншілерді силикоздан да құтқаруы мүмкін екені айтылуда. Соңғы
жылдары кең тараған жарнаманың арқасында осы өнімдер француздардың
күнделікті өмірінің қажеттілігіне айналды. Ендеше, заман ағымына ілесу
үшін психоаналитиктер осы мəселеге көңіл бөлгені жөн. Тазалағыш
сұйықтықтардың (мысалы, хлорланған) психо- анализін іске жарату үшін
кір жуғыш ұнтақтарды сабынға (
Lux, Persil
) немесе жуғыш заттарға (
Оmо
)
қарсы қою арқылы бəсекелестіруге болады. Əр жағдайда залал мен ем, кір
мен өнім арасындағы қатынас əртүрлі болған.
Мəселен, хлорлы ерітінділер сұйық күйдіргіштің бір түрі болғандықтан,
оны қолданғанда абайламаса болмайды. Өйткені тазартылуға тиіс заттың
өзін «күйдіріп» жіберуі мүмкін. Өнімдердің осы түріне қатысты аңыз


сияқты құрылған сюжет заттың күшпен, ауыр қол еңбегімен, яғни
қырғылаумен өзгеруіне қатысты идеяға негізделген. Коннотация химиялық
я болмаса зақымдау сипатына ие, өнім кірді «өлтіреді». Оған қарағанда,
ұнтақтар 

ажыратқыш зат. Олардың мақсаты 

затты жанама кемістіктен
арылту, яғни кірді «өлтірмей-ақ», «оны заттан айырып, қуып шығады». Кір
Оmо
-ның 
қаһарынан 
қаймығып, 
мұнтаздай 
тазалықтан 
табанын
жалтыратқан кішкене ұсқынсыз қара құбыжық ретінде бейнеленген. Хлор
мен аммиакқа негізделген өнімдер соқыр болса да, жалмағыш от,
құтқарушының кейпінде. Ал ұнтақтар болса кірді матадан ығыстырып
шығарады. Олардың мақсаты 

соғыс жариялау емес, тəртіп сақтау. Бұл
айырмашылық этнографиялық сəйкестікке ие: химиялық сұйықтық кір
жуушы əйелдің киімдерді ұрғылаған қимылының жалғасы іспетті болса,
ұнтақтар кірді тақтайға езіп, сығып жатқан үй шаруасындағы əйелдің
орнын алмастырады.
Алайда ұнтақтар категориясының өзінде де, психологияға негізделген
жарнаманы психоанализге (бұл сөзді нақты бір мектепке сілтеме жасамай
қолданып отырмын) негізделгенінен ажырата білу керек. Мəселен, 
Persil
ағартқышының беделі қорытынды нəтижеге байланысты. Бірі
 
екіншісіне
қарағанда ағырақ
екі затты салыстыруды ұсыну арқылы біздің еш нəрсенің
байыбына бармайтын дарақылығымызды, сыртқы бейнеге қатысты тез
алданып қалатын, қоғамдық пікірге тəуелділігімізді пайдаланады. 
Omo-ның
жарнамасы да өнімнің əсеріне назар аударады (əсіре көрініспен), алайда
олар оның қалай əрекет ететінін ашып көрсетеді. Осының барысында,
тұтынушы нəтижесінде еш пайда көрмей, ұтылудың «құрбаны» ретінде
іске араласады. Зат бұл жерде мұнтаздай тазалыққа ие, құнды күйге енеді.
Omo 
жуғыш заттар категориясында бұрынғы пайдаланылып жүрген
тазартқыштан екі есе кем пайдаланылады. Оған қоса, кірді сіңген жерінен
түк қалдырмай, тұтас тазалайды əрі жақсы көпіреді. 
Omo
тереңнен
тазалайды, (Cinema-Publicite жарнамасын көріңіз) бұл – киім-кешек матасы
қалың болса, кір де тереңге сіңеді дегенді меңзейді. Бұлайша түбегейлі
тазалау 

осыған дейін ешкімнің ойына келмеген жаңалық. Əр адамның
тəні құшақ пен аялы алақанға лайық болғандықтан, 
Omo-ны
да соған сай
жауап беретін зат ретінде əйгілейді. Көз алдыңда шүбəсіз нəтижеге қол
жеткізу оны аспандата түседі. Ал көпіршік болса, осы бір ғажап
тазартқыштың сəн-салтанатының таңбасы ретінде əмбеге аян. Көпіршік
көрінісінің ешқандай пайдасы жоқ екенінен бастасақ, соған қарамастан, аса
мол көпіршіктің жеңіл жəне ешқандай кедергісіз таралуы –
 
оны бөлетін


бастапқы белсенді элементтің зор күшке ие екенінің айғағы. Көбік
тұтынушының материяны затпен жанасқан кезде жеңіл жəне тікелей əсер
ететін салмақсыз мақтадай жеңіл зат ретінде елестетуге деген ұмтылысын
да қуаттайды. Сонымен бірге адамның тағамнан (фуагра, тəттілер, шарап),
киім-кешек (муслин, тюль) немесе сабыннан (ванна қабылдап жатқан кино
жұлдызы) алатын «бақытпен» парапар келетін рахатты бастан кешкендей
қанағаттанарлық сезім де сыйлайды. Бұл жерде көпіршік тіпті белгілі бір
рухани таңба да бола алады. Себебі тек рух қана жоқтан бар жасауға
қауқарлы. Аз ғана салдардан кең көлемді нəтижеге қол жеткізердей (ал
кремдер мүлдем өзгеше, жайлылық беретін «психоаналитикалық» мəнге
ие: олар əжімдерді кетіреді, дененің ауырған жерін, ауырсынуды т.б.
жазады) елестейді. Жуғыш зат бір мезетте кірді тұтас кетіріп қана қоймай,
ауадай жеңіл субстанция адамды тамсандырады. Материалға зақым
келтірмей-ақ, оның молекулалық құрылымын түзете алатын бейнесі
арқылы жасыру өнері – осы мəселедегі ең маңызды жайт. Осындай
эйфория арасында есімізден шығаруға болмайтын бір мəселе – 
Persil
де,
Omo 
да ағылшын-голландтық 
Unilever 
компаниясының өнімі екені.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет