Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет260/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

Артықшылық атрибуциялары
Тұлғаның əлеуметтік қатынастарды тануы барысында жəне схемаларды
қолдану аясында ұшырасатын немесе кездестіруі мүмкін сипаттамаларды
көрсететін, позитивті яки негативті қызығушылық принципінің негізін
(жалпы мағынадан басқа анықтамасын) көрсететін сипаттарды жеке
тұлғалар мен топтар анықтайды. Əрі жеке тұлғаны осы ерекшеліктердің
жиынтығының бейнесі ретінде танып-білуге мүдделі болады. Бұл аспектіге
қызығушылық оны зерттеуге байланысты. Оны гомосексуалдар мен
гетеросексуалдар арасындағы əдеттегіқайшылық сияқты белгілі сипаттағы
жіктеуден айқын көре аламыз. Сондықтан да оның басқа ерекшеліктерін
(яғни жыныстық қатынастың барлық басқа түрлерін) оқшаулап, оларға
бейресми сипат береміз. Бұған «таңбаны талқылау» барысында көзіміз
анық жетеді. Олар, шын мəнінде, айыптау, бастапқы аристотельдік
мағынадағы санаттар мен қорлау сияқты. Оны тек («Сен тек…») назар
аударта отырып, жеке я болмаса топтың əлеуметтік идентификациясын
құрайтын қасиеттердің бірін білгісі келуі деуге болады. Мысалы, некеде
тұрған гомосексуалды немесе яһудиді «жасырын ханшайым» яки
«жасырын еврей» деп атайды. Бұл – оны «қызтеке» еврей не гомосексуал
дегені. Стигма логикасы əлеуметтік идентификация болып табылады. Бұл
дегеніңіз – стигматизациялық жеке я болмаса топтық идентификация деген
сөз. Жалпы айтқанда, кез келген жеке не топтық идентификацияның негізі
өз объектісі болғандықтан, тек сол объектінің сипаттамаларының біреуіне
ғана қарсы болады. Ол объектінің сипаттамаларының ең жақсы
қасиеттерін, тұтастай алғанда, сипаттамасы үшін ең қолайлы болып
табылатын таксономияны таңдайды. Олай болмаған күнде, оның бəріне əрі
қандай болғанына мəн бере отырып, таксономияның контентіне
лайықтайды.
Тұрақты логика мен тілдің, үздіксіз қалыпты жағдайда қолданған кезде
тілге əсер ететін парадокстарға таңырқағандар, тілге таза логикалық құрал


ретінде қарауға тəн парадокстарды, тілге осындай қарым-қатынас жасауға
мүмкіндік беретін əлеуметтік жағдайды ұмытып кетеді. Кəдімгі тілдің
жіктелуінен пайда болған қарама-қайшылықтар мен парадокстар,
позитивизмнің 
барлық 
формалары 
қарапайым 
тілдің 
кейбір
кемшіліктерінен туындамайды. Дегенмен əлеуметтік-логикалық мұндай
əрекеттер логикалық үндестікті іздеуге бағытталды деуге де келмейді.
Тілдің филологиялық, логикалық немесе лингвистикалық сипаттарына
қарағанда, айырмашылығы едəуір көп. Оны, шын мəнінде, схоластика деп
атау керек. Өйткені ол бəрінен бұрын оқуды, яғни бос уақытты, шұғылдану
мен қажеттіліктің қашықтығын, өмірге қажет маңызды үлестің кемшіндігін
көрсетеді. Сырт қарағанда, əлеуметтік үй-жай секілді көпшілік оқитын оқу
мекемесін бейнелейді. Мүмкіндіктердің бəрін қамтамасыз ете алатын
мұндай жалғыз мекеме, бейнелеп айтқанда, сот бөлмесіне көбірек ұқсайды.
Дегенмен ол келісімге келу мақсатында жасалатын жəне қисынға
сыймайтын, айыптау мен қорғаныстан тұратын пайымдарға емес, тек
призмаға бағынады. Қарсы тараптың айтқандарының бəрін қисынға
лайықтайтын мамандар мен лингвистер де ұмытып қалуы мүмкін. Себебі
тілді оқыту барысында, көркемөнер туындысы мен иландыру өнерінің
арасында, шет тілін қолдануда айырмашылық бар. Адвокаттың не
саясаткердің тілді қолдануы, логистик пен статистик арасындағы жіктеу
жүйелерінің когеренттілігі мен эмпирикалық жеткіліктілігі күнделікті
өмірдің категорияларына байланысты. Этимология ұсынып отырғандай,
бұл – сот процесінде кездесетін жағдай.
13
Əлеуметтік қатынастар жөніндегі
əрбір нақты сұрақ мүдделерге қатысты болуы тиіс. Əлеуметтік топтық
күрес пен таптық ынтымақтастық яки «кадрлар» арасындағы «еңбек
аристократиясы» сияқты стратегиялық «шекаралық» топтар да теріс бірлік
жасырған «мүдделі тараптардың» бюрократиялық статистика санатынан
болып келеді. Олардың қарсыластары мен бақылаушылары тарапынан
таптар арасындағы шекараларды белгілеу сияқты стратегиялық мақсаттағы
«iшінара 
санау» 
һəм 
«ішінара 
санаған», 
«каталогтау» 
немесе
«аннексификациялаған» топтарды құрады. Мұндай көзге түспейтін
топтардың ара-қатынасына заң жүзінде кепіл болмаса, оған cтратегиялық
маңыз берген жөн.
Еркін шекараны кесіп өту (мысалы, жүкті 30 келіден асырмай шектеу яки
көлікке екі тоннадан артық зат тиеуге рұқсат етпейтін ереже), заңмен
бекітілген барлық жайтты қоспағанда, үй-жайдағы софизмдік ұстанымнан
туындайтын қиындықтарды жоюға да қауқарлы. «Астық»
14
шектеулер (бір


дəннен екі өскін шықпайтыны жайлы софизмдегі пəлсапалық ұғым. – 
Ред.
)
тіпті «жастық» топтар арасындағы ең формалды көріністер де белгілі бір
əлеуметтік 
күресте 
нақты 
жағдайды 
күрделендіре 
түседі. 
Оған
зейнетақымен қамтамасыз ету сияқты артықшылықтар мен борыштарды
бөлудің нақты жағдайы немесе арзан тарифтер, міндетті оқыту, кейде
əскери қызмет те кіреді. Егер бізді Альфонс Аллейстің əңгімесіндегі əке
туралы образ қызықтыратын болса, онда: баласының үш жастағы кезі, əкесі
пойызды тоқтату үшін байланыс сымын тартып қалады (себебі жол жүру
билетін ала алмаған, қалайда оған міну керек); осы үзіндіден біз логикаға
сүйенген мамандардың социологиялық абсурдын аңғарамыз. Олардың
парадокстарына негізделген, логикаға сүйенген қисын бар бұл жерде.
Мұнда лимиттер шабуылға ұшырауы немесе оның бар күшімен қорғануы
мүмкін. Оларды бекітетін классификациялық жүйе əлеуметтік функциялар
ретінде 
қолданылады. 
Ол 
топтың 
мүдделерін 
қанағаттандыруға
бағытталған ашық немесе құпия түрдегі білім беру құралы емес, билік
құралы ретінде болады.
Бірнеше этикалық, эстетикалық, психиатриялық немесе соттық жіктеу
«институттық ғылымдар» арқылы жарыққа шығады. Оны айтпаған күннің
өзінде, олар білім беру жүйесі бойынша «бағынышты əлеуметтік
функцияларға» ие. Бірақ нақты тиімділігі өздерінің бейтараптығынан
туындайды. Олар белгілі бір логикаға сəйкес жəне тұрақты бір тілде
салыстырмалы автономды өрістерге қол жеткізеді. Ақыр соңында,
əлеуметтік құрылымдары өнім болып табылатын, үстемдік əдет бойынша
олардың классификациялық жүйелеріне айқын тəуелділігі басыңқы түрде
тəуелсіздігімен бірігеді. Соңғысы оларға жіктеу күресінің һəм кластық
күрестің деректі жағдайын заңды етуге көмектеседі. Бұл жартылай
автономдық бағаларды негіздейтін сыни жүйелерге тəн, ең тиімді мысал
болуы да мүмкін.
15
Қарапайым əрі классификациялық жүйе, осылайша, өздері сипаттайтын
һəм қарсы тұрған топтардың арасында күреске түсіп, өз артықшылығына
ие болуға тырысады. Жорж Дюби əлеуметтік құрылымның жай-күйін
белгілейтін əрі оны кодтау арқылы тұрақты етіп жасауға бағытталған үш
тапсырманың үлгісін бір мезгілде, яғни дəйекті түрде антагонистік
топтардың қолдануына болатындығын көрсетеді: алдымен, оны əзірлеген
епископтар еретиктерге, монахтарға жəне рыцарларға қарсы; ақсүйектер
епископтар мен патшаларға қарсы; сайып келгенде, классификациялы


операцияның абсолютті тақырыбы ретінде қалыптасып, ол сыртқы һəм
тысқары сыныптардан жоғары (үш тапсырмадан басқа; субъектілер,
судьялар, сондай-ақ партиялар) болмақ. Бұл жағдайда əр топ өз орнын
əлеуметтік тəртіпке сүйеніп тағайындайды əрі өзін-өзі қолайсыз орын
ретінде белгілейді.
16
Дəлірек айтқанда, сонымен қатар үстемдіктің əртүрлі
нысандарын, жыныстары мен жас ерекшеліктерінің арасындағы топтық
оппозицияны, сондай-ақ ұрпақтар арасындағы оппозицияны бейнелейтін
схемалар мен əдеттегі орындар да манипуляцияланғаны байқалған. Сол
топтардың ақсақалдары «жастар» ұсынған ұғымдарды қабылдауы мүмкін.
Көптеген қоғамдарда олардың рұқсат етілген уақытша лицензияны
пайдалануы сөз болады: («Жастар» өз флотына ие болуы керек»;) бейнелеу
өнеріндегі жастардың «ерекше қасиеттері» немесе білім алуы; жақсы
қасиеттері, жан тазалығы, іске құмарта, үлкен ынта-жігермен айналысуы;
өз ісімен айналысудағы ортағасырлық рыцарь-ақсүйектерге арналған,
17
Ренессанс Флоренция жастарына деген сүйіспеншіліктері, соларға еліктеуі;
зорлық-зомбылық, қазіргі заманғы жасөспірімдерге тəн кездейсоқ жəне
жанама ойнауды байқап көруі; күлкілі, жабайы табиғаттың (спорт,
жыныстық т.б.) кез келген түрінде өздерін сынап көруі, қысқаша айтқанда,
олар 
өз 
мінез-құлықтарын 
«жастар» 
жағдайында 
ұстап, 
яғни
жауапкершіліктен босатылған бостандыққа ерік берген.
18
Ерекше дағдарыс
жағдайында ғана, мұрагерлік тəртібіне қауіп төніп тұрған кезде «жастар»
«жас» болып қалудан бас тартады. Олардың ұғымында «қария болу»
адамды «кəрілікке» жеткізеді. Ересектерді анықтайтын жауапкершіліктерді
алу (əлеуметтік тұрғыдан толыққан, кемелденген адамдар мағынасында)
зейнеткерлік ұғымымен айқындалмақ. Сонымен ғана «кəрілікті» анықтауы
тиіс. Былайша айтқанда, бұл көзқарас қарттық деген ұғымнан қашу, оны
ұмытуға тырысу болып табылмақ. Олардың түсінігінде қарттықты
мойындау ақсақалдардың ақыл-парасаты мен ойларын қасаңдыққа,
архаизмге немесе өте қарабайырлыққа əкеп соқтырады, қисынсыз
жауапсыздыққа 
ұшыратады. 
Мұндай 
жаңа 
ұғыммен 
келгендерге
биологиялық тұрғыдан қарасақ, жас секілді көрінгенімен, шама-шарқы
белгілі. Бірақ олардың артықшылықтары да бар. Өздерінің бойындағы
көптеген қасиеттермен қоса, айрықша мүліктерге де ие (яғни, негізінен,
отбасының хал-жағдайы һəм білім беру жүйесі бойынша). Осылайша
жүктелген жауапкершіліксіз, тоқталған мінез-құлықтан бас тартып,
өндірушілердің əлеуметтік жағдайындағы өзгерістерден туындаған бұл
«мінез» 
өзін-өзі 
белгілі 
бір 
шектеулерден 
босатады 
(яғни 
елу


жастағылардың «тым жас көрінуге ұмтылуы», лауазымы мен абыройы
болса, ақылға қонымды деген түсінік қалыптасады). Еш қымсынбай,
«эскалатор тепкішектерін» артқа тастап, алға қарай «секіріс» жасаңыз.
Осыған дейін өткен ғасырлардағы ескірген қалыптасқан ұғымдарды артқа
тастамасаңыз, 
олар 
сізді 
«əлеуметтік 
өлімге» 
əкеп 
тірейтініне
күмəнданбауыңызға болады. Бірақ бұл «жастардың» күресті жеңу
мүмкіншілігі жоққа тəн. Əлеуметтік шектеудегі адамның жаңа анықтамасы
əзірге белгісіз. Оған қоса, əдеттегі сипаттамалары (басқаша айтқанда,
басым классикалық принцип бойынша) толық анықталмаған. Белгілі бір
мүмкіндіктің мағынасы жоғалған кезде яки сарқылған шақта (материалдық
артықшылығы мен жетістіктері, басқа да жиып-тергені) «жастық» топтары
арасында пайда болатын шектеулерді (яғни қауқарын) жастармен (ынта-
жігер, энергетика т.б.) салыстыруға келмейді. Ересектерге тəн əдеттегі
қасиеттерге əсер ететін сипаттамалармен байланысты болғандықтан (күш-
жігердің қайтуы, икемсіздік т.б.), олар жеңу мүмкіндігіне ие емес.
Қысқаша айтқанда, жеке адамдар мен топтар өздері жасаған осындай
жіктелген жүйелерді пайдалануы арқылы өмірге қандай да бір мағына
беруге 
тырысады. 
Терминнің 
кəдімгі 
мағынасында 
олардың
«қызығушылығының» соңы жоқ, шексіз сияқты: олар өздері туралы,
өздерінің идеяларын айқындайтын барлық нəрселер жайында, «бізге»,
«басқа адамдар» «оларға» деген сөздеріне қарағанда, «бізді» анықтайтын,
һəм олардан бас тартатын негіз болып табылады. Десек те олар «Бізді
ұнататындар 
үшін» 
(«Бізді 
ұнататындары 
үшін 
емес») 
жалпы
классификациялық жүйе арқылы шығарылған сипаттамалардың арасында
ғана орын алады.
Əлеуметтік психологтер халықты екі топқа бөлу бір топтың ішіндегі
адамдардың қарым-қатынасындағы дискриминацияны ғана азайтып
қоймай, тіпті екі топтың бір-біріне дұшпандық ниетін де азайтатынын
айтады.
19
Оның үстіне, психологтер «əртүрлілік санаты» деген ұғым
тараптардың қарым-қатынасты нақты бағалап үйренуіне септігін
тигізетінін айта келе, «өз адамдарымен» жақындата түседі, ал
«бөтендерді» ажырата білуге үйретеді дейді.
20
Сол сияқты, нəсілшілдікті
зерттеу барысы да бір топ екінші бір топтың тарапынан қысым көргенде
ғана сол топқа наразы болатынын көрсеткен.
21
Əртүрлілік əлеуметтік
біртектілікке негізделеді. Бірақ бұл көзқарас жақын сипаттарға бағыттала
қалыптасатындықтан, өз кезегінде үлкен қауіп те туғыза алады.
Қалыптасқан стереотипке талдау жасай келе, белгілі бір категориядағы


адамдардың 
арасындағы 
қарым-қатынас 
пен 
олардың 
меншік
көлемдерінің əртүрлі екенін ескеруге тура келеді. Қандай да бір адамның
нақты қай категорияға жататынын білу, сол адамға қандай да бір меншік
көлемінің тəн екені сол кісі жайлы нақты көзқарастың қалыптасуына
ықпал етеді.
Басым топтармен қарым-қатынас өздеріне еңбек пен əскери-жауынгерлік
билікке қатысты күштерді белгілейді. Мəселен, дене күші, сондай-ақ
сипаттың күші, батылдық, еркектік т.б. Басым топтардың күшті / əлсіз
схемалары қатынастарды түсінуіне кедергі келтірмейді. Алайда олар басым
күшті бəсеңдетеді: (жас немесе əйел) өзін əлеуетті күшке, құмарлыққа жəне
түйсікке, соқырлыққа, табиғаттың күтпеген ықпалына, негізсіз зорлық-
зомбылыққа, өздерін рухани һəм интеллектуалдық күшке, өзін-өзі
басқаруға, сонымен бірге басқаларды басқаруға да бейім етеді. Рухтың
күші олардың қарым-қатынастарына əсер етеді. Атап айтар болсақ,
«тобыр», əйелдер, жастар рухани денені, сезімталдықты түсінуге
тырысады. Мəдениетті жаратылыспен байланыстыруға ұмтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет