Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет257/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

Тұжырымсыз білім
Дифференциялаушы жəне дифференцияланған алғышарттардың бəрі
өмірдің заңдылықтарымен, яғни қосылу (некелер, істер, альянстар т.б.) мен
ажырасу (сəйкессіздіктер, бөлімдер, күрес т.б.), кездесу-қоштасу сияқты
əлеуметтік құрылымдар мен құрылымның жүйелерінде (мысалы, білім беру
жүйесінде) көрсетілген. Жай сөзбен жазылған иерархиялар мен
классификациялар арқылы, сондай-ақ мекемелердің қабылдаған барлық
үкімдерімен 
(əсіресе 
мəдениет 
өнімдері), 
сын-қатерлерімен 
əрі
ескертулерімен жазылған. Бұл мақсат үшін арнайы əзірленген отбасылық
немесе білім беру жүйесі яки күнделікті өмірдің кездесулері мен өзара
əрекеттесуінен үнемі пайда болатын əлеуметтік тəртіп адамдардың
ойларында 
біртіндеп 
орнығады. 
Əлеуметтік 
бөліністер 
бөлінудің
принциптеріне айналып, əлеуметтік əлемнің бейнесін қалыптастырады.
Объективті шектеулер осы шектеудің мəндеріне, объективті шектеу
тəжірибелері арқылы игерілген объективті шектеулер болжамына, біреуді
заттардан, адамдардан, орындардан (мекендерден) һəм қолдан шығып
кеткен басқа да нəрселерден айыруға мəжбүрлейтін «орынның мəніне»
айналады.
Шектеуді сезіну дегеніміз оны ұмытып кетуді білдіреді. Жіктеудің
шынайы бөлімдері мен тəжірибелік қағидалары арасындағы, əлеуметтік
жəне менталды құрылымдар арасындағы өте маңызды эффектілердің бірі.
Сөз жоқ, «əлемнің бастапқы тəжірибесі – «ой», «сезім» (
doxa
) дейтін факт
һəм тəртіппен үйлесуге ұмтылу. Өйткені олар шынайы əлем мен ойдағы
əлемді бір-бірінен ажырағысыз күйде құрастырады əрі олар айғақ ретінде
қабылданады. Əлеуметтік дүниенің негізгі көрінісі – қарапайым


механикалық көрініс емес, əрдайым құрылыстың қағидаларын қамтитын
танымдық акт. Ол – əрқашан құрылыстағы объектіге тікелей жақын
орналасқан, сондай-ақ əлеуметтік тəртіпті мойындаудың ең абсолют
нысанын білдіретін тану туралы акт. Объективті заңдардың (осы заңдар
арқылы олардың құны объективті түрде құралады) көрінісіне айналған
қабылдау мен бағалау схемалары жүйесін қолдану арқылы олардың
позициясы мен ерекшеліктерінің құндылығын бағалайтын айрықша
мəртебелі өкілдер (
agents
)
 
бөліністен туатын салдарды өзіне қабылдауға
бейім. Бұл сəтте олар өздеріне жат нəрселерден бас тартады («Бұл біз
сияқтыларға арналмаған»). Олардың болжамдарын мүмкіндіктерімен
үйлестіреді. Өздерін қолданыстағы тəртіп жүйесіне қарай айқындайды.
Жүйенің (
economy
) жариялаған үкімдеріне қарай өздеріне үкім шығарады.
Кез келген жағдайда, өз тағдырының соры – «сенің сұлулығың» (
ta beautou
)
саналатын шешімге сай өздерін айыптайды. Бұл, Платон айтқандай,
олардың «байсалды», «сабырлы» жəне «көмескі» кейпімен келісімге келуі.
Сөйтіп, əлеуметтік тəртіпті сақтау Дюркгеймнің «логикалық сəйкестік» деп
атағанына байланысты
6
күшейтілді. 
Демек, 
белгіленген 
тəртіптің
бөлімдеріне түзетілген (əлеуметтік əлемді өз мүдделеріне қарай
қабылдайтын төменгі санаттағы топтардың үстінен үстемдік етушілердің)
жəне осы құрылымдарға сəйкес құрылымдалған барлық ойларға ортақ,
яғни объективті қажеттіліктің əрбір көрінісін көрсетеді.
7
Жіктеу схемалары жүйесі, талғам мен этносты құрайтын көріністер
(өлшемдері болып саналатын) эстетикаға немесе этикаға қарама-қайшы
болып көрінетін айқын əрі анық келісілген қағидаттарға негізделген
таксономияға қарама-қарсы. Əлеуметтік қажеттіліктің нақты түрімен
қарама-қайшылықта жинақталған ел-жұртқа тəн шындықтың мағынасы
адамзат қауымдастығына қатысты əлем құрылымын, оның ішінде өз орны
мен сақталуы керек қашықтықты аңғаратындай əрекет етуге мүмкіндік
береді.
Белгілі бір мүддені не олжаны көздемейтін, тамырсыз əрі жалғыз, «еркін
ағатын» 
утопиялық 
ойшылдың 
идеологиясы 
материалистік
тұрпайылықтың жоғарғы формасынан сəйкесінше бас тартуға мəжбүр. Ол
таптар (
class
) бірлігін қысқартумен қатар, жоғарғыны төменгі деңгеймен
салыстыра түсіндіруге тырысады. Түсіндіру модельдері тартысты əрі
жіктеуге келмейтін қолданыстармен қабат келіп, тек «буржуамен», ұсақ
буржуамен, 
шектеледі 
һəм 
жалпы 
құбылыстармен 
сəйкеседі.


Интеллектуалдарды олардың жеке позициясынан, сонымен бірге өздерін
мəжбүрлейтін əлеуметтік əлемге деген күйретуші қарым-қатынасынан
төмен орналасқан əлеуметтік жағдай сезімін түйсінуге бейімдейді. Сартр
осыған керемет мысал бола алады. Оның тұтас еңбектері мен тұтас өмірі
интеллектуалдардың күйретуші абыройы мəселесін нақтылау, дəлелдеу
төңірегінде ой қаузайды (айналып жүреді). Бұл Флобердің психологиясын
арқау ететін «Болмыс жəне Ештеңе» (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет