Әдебиет теориясы. 1-том


Китстің «Орман тарихшысы»: сілтемесіз тарих



Pdf көрінісі
бет36/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   369
Китстің «Орман тарихшысы»: сілтемесіз тарих
*
Клинс Брукс
XX ғасырдың ортасында әдебиет сахнасына шыққан жаңа критицизм өкілдері осыған дейін
танымал болған әдебиетті тарихи тұрғыдан зерделеуден гөрі әдеби мәтіннің өзін «
мұқият
оқуды
»
 
жөн көрді. Бұл әдістеме сыншыға туындыдағы образдық үлгілер мен мағыналық
шиеленістерге мұқият мән беруді міндеттеді. Осы сыни талаптарға барынша ыңғайлы
болғандықтан, XVI–XIX ғасырлардағы ағылшын поэзиясы өзінің стилі мен философиялық сипаты
тұрғысынан зерттеу нысаны ретінде ерекше мәнге ие болды. Бұл мақалада жаңа критицизм
жетекшісі Клинс Брукс Джон Китстің «
Грек құмырасына ода»
атты әйгілі шығармасындағы
шынайы өмірдің баянсыздығы мен өнер кепілдік беретін мәңгілік өмір арасындағы шиеленісті
зерттейді. Брукстің пайымдауынша, поэзияның мәнін ашу үшін парадокс маңызды рөл
атқарады, себебі поэма әмбебап идеяны нақты формаға айналдырады.
Китс поэзиясында Арчибальд Маклейштің «Поэзия тұспалдамауы тиіс,
оның өзіндік мəні бар» (
A poem should not mean / But be
)
 
деген нақыл сөзін
құптайтынын көрсететін көптеген жолдар бар. Тіпті əйгілі одаға шабыт
берген грек құмырасы (шынайы немесе қиялдан туған болса да) Китс үшін
жай ғана поэма, «көрнекті əрі мылқау» тастағы поэма болған деген ойды
меңзейтін пікірлер де бар. Сондықтан бұл жердегі таңғаларлық нəрсе –
«Оданың» өзі, оның Китстің басқа туындыларынан тым ерекше болуында.
Басты мəні – тіпті əлдебір бейəдеп тұжырымның өзі шарықтау шегіне
жеткен кезде де, белгілі бір деңгейдегі өсиеттік сипатқа ие екенінде;
құмыраның сұлулық екені ақиқат дегенді айтуында. Бұл даналықтың бір
шеті жалпы өмірдің соңы өліммен аяқталатынын қорытындылауға алып
келетін ащы шындықты жеткізуінде жатыр. Ақиқатты баяндау арқылы
емес, ақиқаттың шегін анықтау арқылы объективті коррелят доктринасын
бұзуды 
«білдіреді». 
Бірқатар 
сыншылардың 
одан 
жаңа 
түскен
қалыңдықтың ерекше қарсылық танытатынындай тазалықты байқағаны
айтарлықтай таңданыс тудырмайды.
T.С. Элиот, мəселен, былай дейді: «Өлеңнің осы бір жолы («Сұлулық
дегеніміз – ақиқат» т.б.) əп-əдемі туындыдағы елеулі бір кемшілік ретінде
мені ерекше алаңдатты. Мұның себебі менің не оны дұрыс түсінбеуімде, не
болмаса ол тұжырымның жалғандығында жатқан болуы керек». Тіпті
мағынасын түсіндік деген адамдардың өзіне бұл өлең жолында бір кінəрат
бардай сезіледі. Китстің басқа да поэмалары мен хаттарын талқыға


салғаннан кейін, оның «сұлулық» жəне «ақиқат» деген сөздер арқылы нені
тұспалдағанын аңғардым. Ал «Китс оларды жақша ішінде бір қатарда
тұруына мүмкіндік беретін мағыналар үшін қолданды» деген Мидлтон
Мюрридің өзі былай деп тұжырым жасауға мəжбүр болды: «Менің өлең
контексіндегі осы екі шумаққа қатысты пікірім T.С. Элиот мырзаның
пікірінен ерекшеленбейді».
Бізді алаңдатқан поэмаға қисынсыз «шабуыл» жасалғаны, яғни өңделгені
көрініп тұр. Ол бірақ жасанды болуы да мүмкін, өйткені толықтай сай
емес.
Шынында, бұл Гэрродтың наразалығы еді. Бірақ Гэрродтың «Оданың»
соңғы бөлігіне білдірген қарсылығы жалпыға ортақ мойындалған «модерн»
талаптарын сынауға еш кедергі келтірмейді.
Мəселе Элиот, Мюррей мен Гэрродтың «Сұлулық дегеніміз – ақиқат,
ақиқат дегеніміз – сұлулық» деген өлең жолдары поэмаға зиянын тигізді
деген көзқарастарының маңыздылығында емес. Бұл жердегі оның қозғау
салғаны жалпы сұлулық пен ақиқатқа байланысты: «Поэмадағы
сұлулықтың (жақсылық, кемелдік) ақиқатқа немесе өзгелерді нандырып
отырған жалғандыққа қандай қатысы бар?» Бұл – салмақты сөз. Біздің өз
ұрпағымызды алаңдатып отырған мəселе, И.A. Ричардстың сөзімен
айтқанда: «Бұл сенім мəселесіне айналды».
«Ода» сұлулық пен ақиқатты батыл теңестіруімен осы мəселені өткір
көтерген, оған қоса, поэманың өзі жалпы поэзияның, өнердің табиғаты
жөніндегі өсиет əңгіме болуға арналғаны анық. «Ода»,
 
шын мəнінде,
жұмбақ тəмсіл болды: сұлулықты ақиқат деп айқындап, əдеттегі жосық
ретінде Китс туындысын таза өнер қатарына жатқызуға болады. Бірақ
ақиқатты сұлулық деп анықтау жəне отызыншы жылдардағы маркстік
сыншылармен пікір таластыру, өнерді насихаттау тұрғысынан алғанда, өте
орынды. «Сұлулық дегеніміз – ақиқат, ақиқат дегеніміз – сұлулық» деген
тұжырымның екіұштылығының өзі бізді бұл тұжырымның оқшаулығын
мəлімдеуден сақтандырып, осы тұжырым құрылған контексті қайта
қарастыруға мəжбүрлейді.
Ендеше, біздің Китстің пайымдауларына, əңгімелері мен хаттарына жай
ғана қайта оралуымыз жеткіліксіз болады. Біз ол жерден «Джон Китс
қандай ботқа жеді?» деген Браунингтің ирониялық сұрағын зерттеуді жөн
көрген стипендиат тарапынан да мардымды жауап таба алмаймыз. Оның
табиғи не қиялдағы ботқаны, əйтеуір, қандай да бір ботқа жегенін білсек те,
«мадақ» мəселесін шеше алмас едік. Себеп түсінікті болуы керек. Мəселе –


сұлулық пен ақиқаттың байланысына сендірмек болған Китстің ер адам
болғанында емес, Китстің ақын ретінде осы байланысты өлең жолдарында
қалай суреттей алғанында. Миддлтон Мерри дұрыс айтады: «поэманың
соңғы тұжырымы жалпы контекст үшін аса маңызды».
Шындығында, Элиот «Одаға» шабуыл жасаған өзінің үзіндісінде біз
қорғауға тиісті болған жалпы бағытты нұсқады. Онда Элиот «Оданың»
қорытынды жолдарын «Король Лирдегі» (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет