Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет364/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   361   362   363   364   365   366   367   368   369
Тылсым 
(uncanny)
 
– Зигмунд Фрейдтің бейсананың адам ішінде екі «Менді» қалыптастыратыны
жайлы термині. Ішімізге орнығып алған, жақын. Біз мұны өзімізді аңдып жүретін қорқынышты елес
секілді ұғамыз. Оның əсерінің салдарын еріктен тыс бір əрекеттерге араласқан кезімізде біз басқа
біреумен қайта сол бір қарым-қатынасқа оралып, дəл сол əрекет пен жүріс-тұрысты қайталамай тұра
алмаған кезімізде ұғамыз. Тылсым
 
(
uncanny
)
 
– немістің
unheimlich 
деген сөзінің аудармасы. Фрейд
бұл неміс сөзінің ішінде «үй» (home) немесе 
heim
деген сөз бар дейді. Сондықтан бұл сөздің екі
түрлі коннотациясы бар: ол бізге ең жақын нəрсеге, біздің үйімізге немесе өзіміздің «Менімізге»
қатысты.
Тіл/сөйлеу 
(langue/parole) – Соссюрдің лингвистикасындағы тіл жүйесі мен сөйлеу тілі
арасындағы айырмашылық.
Тілек машинасы 
(desiring Machine) – Жил Делөз бен Феликс Гуаттаридің адам психикасы
айтарлықтай дəрежеде бейтұлғалық жəне саналы «Меннің» немесе субъектінің бақылауында
болмайды деген идеясы. Санадан тыс мұндай тілек машина сияқты автоматты жұмыс істейді.
Фабула/сюжет (сонымен бірге, дискурс/әңгіме) 
(fabula/syzuhet) (also discourse/story)
.
Нарративті
зерттеуде шынайы өмір оқиғалары мен əңгімеге (сюжет немесе əңгіме) өзек ету үшін таңдап алынған
оқиғалар (фабула немесе дискурс) өзара салыстырып сараланады. Шын мəнінде, өмірлік оқиғалар он
жылға созылуы мүмкін, алайда фабула немесе баяндау оны өз есебіне лайықтап, бірнеше минутқа
сыйғызуы мүмкін.
Фаллос
(phallus).
 
Кейбір феминизм мен гомосексуал теоретиктері үшін дененің бірнеше тұтам еті
ғана түкке тұрғысыз, ал Жак Лакан үшін ол үлкен маңызға ие. Пенистің мəдени қалыбы саналатын
фаллос – патроөзектік жыныстық-гендерлік 
империумда
гетеросексуал ерлердің психологиялық
даралығына қажетті сексуалды потенцияның символы. Əкесімен даралық сипат табу жолымен
фаллосқа қол жеткізу барша гетеросексуал ер балалардың мақсаты саналады. Осылай əрекет ете
отырып, олар психоаналитиктер «факультатив» (
phallicity
) деп атаған, эмоциялық əлсіздікті
терістеуге əрі өз күшіне сенудің идеалына ұмтылуға қатысты жүріс-тұрысын моделдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   361   362   363   364   365   366   367   368   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет