Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет366/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   361   362   363   364   365   366   367   368   369
Шектеулі экономика 
(restrained economy)
 
(«Жалпы экономиканы» қараңыз).
Шешімсіздік 
(undecidability) – бастапқыда есептеу математикасында «иə/жоқ» жауабын тікелей
беретін алгоритмі жоқ есептер үшін қолданылған термин. Бұл термин, сонымен бірге, ішкі жəне
сыртқы жиынтықтардың екеуінде де саналған, нəтижелері шексіз болып кете беретін есептер
жиынтығына да қатысты қолданылады. Сондықтан жиынтық табиғатында толыққанды емес. Жак
Деррида бұл терминді мағынаның мағыналық актіге айналу үшін тағы бір семантикалық логикаға
қажеттілік сезінбестен, кез келген формалды семантикалық логикада орын иелене алмайтынын
меңзеу үшін алған. Мəселен, көптеген философиялық дəстүр көбіне алғашқы əрі негіз боларлық
терминдерді құруға тырысып, терминдер мен құндылықтардың аражігін ажыратуға тырысады.
Мысалы, алғашқы əрі негіз боларлық термин ретінде ақылды, қарапайым адам санасында орын
тепкен əрі айырмашылық атаулыдан жоғары тұратын даралық ретінде сипаттайды, ал, негізінде, бұл
– «бар болу» мен «жоқ болудың» тұрақсыз ойыны ғана. Бірақ ешбір философия бірінші кезекте
осындай аксиологиялық айырмашылықтарды жасауға көмектесетін дифференциация актісін
ескермейді. Бұл философия – осындай рекурсивтің нəтижесі, табиғатында толыққанды емес,
шешілмеген түйінге толы. Бірде-бір философия алгоритмі «айырмашылық философия қарастыратын
алаңның ішінде ме, сыртында ма» деген сұраққа тұшымды жауап бере алмайды.
Дəл осылай санада жанды «бар болу» ретінде сезілетін идеяларға қатысты қабылдау, елестету
əдістері философияда маңызсыз, екінші кезектегі туынды немесе жай ғана қосымша бір дүние т.б.
секілді сипатталады. Қабылдау техникалары – ешқашан тіршілік етуші ретінде толыққандылыққа
жете алмаса да, тіпті белгілі бір уақыт шегінде ғана сезілсе де, қарапайым кеңістіктік қабылдаудан
асып түсетін идеялар. Бұл идеялар кеңістіктегі «бар болу» мен «жоқ болу» жөніндегі пайымдаудың
бос қайталаулары ғана. Бірақ бұл идеяларды қабылдау үшін қарапайым қайталау боп есептелетін
жазу қажет болады, ол – екінші кезектегі туынды іс. Ешбір идея жазу таңбаларының бір нұсқасы
саналатын техникалық, графикалық қайта таныстыруларды қолданбастан жария бола алмайды. Жазу
– жанды тіршілік иесі ретінде идеялардың өмір сүруінің мүмкіндігі, сондықтан философияның
ішінде де, сыртында да оның зат күйінде шешімі жоқ. Философия кемелді идея ретінде немесе
идеялардың арнайы бір қалыпта өмір сүретін зат күйіне енбесе, өмір сүре алмайды, мұның жалғыз
жолы осы – жазу.
Оның үстіне, санада идеялардың пайда болуы үшін кеңістіктік пен артикуляцияның белгілі бір
мөлшері керек. Кез келген идеяның анықтамасы оны қандай да бір басқа идеядан өзгешелеп тұрады.
Ойдың мəнінен туындайтын сыртқы техникалық сипатының анықтамасы – оның мүмкіндігінің
шарты. Сондықтан өз пайымыңыздағы түпкі шешімін таппаған мəселелерді алмай, санада айқын
жəне сенімді түрде қабылданған идеяны ақиқаттың идеал моделі деп сенімді түрде мəлімдеуге
болмайды. «Бар болу» өзін «жоқ болудан» айырым жасау арқылы ғана, «жоқ болу» «бар болудан»
өзін ығыстыру жолымен ғана жүзеге асады. Дəл қазіргі кезде бар жанды идеяны шынымен жанды
деп санау үшін өлімді аластату керек. Сондықтан екеуі бірге. Бұлар – артикуляция мен


айырмашылық.
Ығыстыру 
(displacement). Фрейд түс көрудің қызметін бейсананың жүзеге асуының көрінісі деп
сипаттады. Түс эгоның қорғаныс əрекеті ығыстырған тікелей көріністің орнына сезімді жанама
түрде бейнелеуден тұрады.
Із (trace) 
– Жак Лаканның Э. Левинастан алған, кез келген тұлғаға тəн, оның басқа дүниеге
қатынасын білдіретін «өзге біреудің ізіне» қатысты термині.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   361   362   363   364   365   366   367   368   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет