Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет368/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   361   362   363   364   365   366   367   368   369
Эпистемология 
(epistemology) – философияның таныммен (білім) айналысатын саласы.
Эпифания 
(epiphany) – жан дүниенің нұрлануы немесе аян берілу сəті.
Эпохе 
(
epoché
). Эдмунд Гуссерльдің феноменологиялық философиясында бұл термин барлық
болжамдарды ысырып тастауға, тоқтатуға қатысты қолданылады. Феноменологиялық философия
аясында бұрынғы ережелерді «редукциялау» немесе жақшаға алу объектіні санада анық қабылдауға
мүмкіндік береді.
Эссенциализм 
(essentialism).
 
Эссенциализмнің екі түрі бар: бірегейліктер сырттан таңылмаған,
көшірілмеген, ішкі өзекте нық орныққан деген болжам жəне табиғатта немесе əлемде болатын
ақиқат бар, əрі ол əлеуметтік немесе мəдени құрылым əрекетінің нəтижесі емес деген болжам.
Феминистер мен гендерлік теоретиктер əйелдер мен 
куирлер
басыбайлы, маргиналды жəне
мəртебесі үстем гетеросексуалды ер адамдарға қарағанда, құны төмен ортақ бірегейлікті құрайды
деген патриархаттық ежелгі гетеросексуал ұстанымдарға қарсы уəж айтты. Патриархалды дискурс
пен идеологияда əйелдер белсенділігі төмен, тəуелді, əлсіз, екінші сатыдағы жандар жəне ер
адамдарға қызметші ғана, ал 
куирлер
азғындар, абберрантты, əдепсіз жəне бұзылған жандар деп
есептелді. Мұндай түсінік əлденеше ғасыр бойына үстем болып келді. Осы эссенциализм соңғы
онжылдықтарда сынға ұшырады. Сол сияқты, ақ нəсілді адамдардың қара нəсілді адамдарды екінші
сатыға қоятын нормативті ұстанымдарын алып тастаған жəне араластырып жіберген этностық
немесе нəсілдік эссенциализм де сын тезіне түсті.
Эссенциализм себеп пен салдарды жүйелеп, қайта орналастырады, сыртқы көшірмені
(импринтинг) айқын ішкі сапаға айналдыру арқылы жүзеге асады. Ол бұрын əйелдерге


патриархалды үстемдік кезінде сырттай таңылған (тəуелділік, əрекетсіздік т.б.) психологиялық
ахуалды зерделей отырып, оның себебі мен салдарын ішкі сапаға айналдырып өзгертеді.
Басымдықтың ықпалы арқылы басымдықтың одан əрі қарай жалғасуын ақтап алудың тəсілі болады.
Жак Деррида 1960 жылдары метафизиканы сынай бастағанда, ол батыс философиясының əлемді
иерархиялық тұрғыдан бейнелегенін байқады. Соған орай, олар ақиқатқа анықтама берген кезде,
«бар болу» (
presence
) сияқты кейбір терминдер позитив құндылықтарға жатқызылды жəне «жоқ
болу» (
absence
), «қайталау»
 
(
repetition
), «айырмашылық» (
difference
) т.б. сияқты басқа терминдерді
бағалаудың өзегі мен негізіне айналды. Олар негатив мəнде сипатталып, философия
құрылымындағы құндылықтар жүйесінен ығыстырылды. Бұл негатив терминдер мəн (
essential
)
,
өзек
(
central
) немесе түпнегіз (
foundational
) болмады. Олардың шындықты əлсірету немесе оған қауіп
төндіру мен философияның құндылықтар жүйесін бұзу ықтималдығы жоғары болды. Ақыр соңында,
Деррида жоғарыда аталған ақиқат үшін мейлінше өзек немесе мəн қызметін атқарған терминдерді
мақұлдауды ақтап алу мүмкін емес деген көзқарасқа тоқтады. Мұнда орын тепкен өзек немесе мəн
жоқ, өзі тəуелді басқа терминдермен байланысы арқылы бұзылмайтын (демек, ол жеке немесе
тəуелсіз күйде өзек немесе мəн бола алмайды) немесе ол бақылайтын құрылым арқылы
анықталмайтын шындықтың негіз боларлықтай өлшемі жоқ (демек, ол түпнегіз бола алмайды,
сондықтан оған дейінгі немесе басқа нəрсе оған қатысты анықталу үстінде). Шын мəнінде, өзек те,
мəн де, түп негіз де жоқ. Бұл – (бар болу, даралық т.б.) шынайылықтың формалды стандартын құруға
талпыныс. Мұхиттың ортасын табуға тырысқан əрекетке ұқсайды. Біздің философиялық жүйеміздің
бірде-біреуі өзек немесе мəн бола алмайтын желіде немесе терминдер арасындағы байланыстар
желісінде жатыр. Олардың барлығы толықтай дифференциялды жəне еш нəрсеге қатысты
болмайтын бірегейліктің пайда болуын сақтау үшін басқалардың қолдауына тəуелді. Сондықтан бір
мезетте мəнді бірегейліктің мүмкіндігін бұзатын байланыстар желісінде кемел «бірегейлікті»
елестету мүмкін емес.
«Əйел» яки «адамның түсі» немесе «куирлер» сияқты бірегейлік тұрғысынан билік құрылымына
саяси сын айтуды үдету қажеттігі кейбір теоретиктерді тұлғаның тұрақсыздығын, берік
позициясының жоқтығын сынауды жалғастыруға мүмкіндік беретін «стратегиялық эссенциализм»
керек деген пікірге алып келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   361   362   363   364   365   366   367   368   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет