Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет367/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   361   362   363   364   365   366   367   368   369
Экзистенциализм 
(existentialism) – пəлсапалық ой кешуді əрбір тұлғаның тіршілігі тұрғысынан
қарастыру керек деген көзқарастан бастау алатын, болмыс сияқты ауқымды категорияларға емес
мейілінше шағын мəселелерге ден қоятын философиялық бағыт. Басты назар таңдау еркі мен
тіршіліктің ешқандай мəні мен мақсаты болмауы мүмкін деген мəселеге аударылды.
Экспрессионизм 
(expressionism). Германиядағы бұл қозғалыс (өнерде, театрда, кино мен
əдебиетте) реалистік ұғым-түсінік қалыбын бұзып, оның орнына ашық шендестірілген айшықты
түстер мен көркемөнердің ажуалық формаларын қолдану арқылы ойларын бейреалистік
формалармен беруге тырысты. Мəселен, көркем өнердегі əсірелеу фигураларын немесе жемқорлық,
иррационализм мен зұлымдық сияқты сипаттарды бадырайтып көрсететін сахналар мен
кинотаспаларды қолданды. Экспрессионистер неміс қоғамының солшыл сыншылары болған жəне
олардың еңбектері капитализм мен өктем экономикалық тапты айтарлықтай жағымсыз қырынан
көрсетті. Мəселен, Фриц Лангтің «Метрополисі» мен Роберт Виненің «Доктор Калигаридің
кабинетін» қараңыз.
Эпигенетика 
(epigenetics) – ДНҚ-дан емес, ДНҚ-ға оның айқындылығын өзгертетін сыртқы
факторлардың əсер етуінен пайда болатын белгілерді зерттеу. Гендер олардың қалай көрінетінін
жəне ДНҚ ретін өзгертпестен нені қабылдайтынын өзгертетін ДНҚ-ның нуклеотидті шегінен тыс
факторларға тəуелді болуы мүмкін. Мысалы, метильдену генді басып тастайды да, оның өзін
көрсетуіне мүмкіндік бермейтін метиль тізбегін байланыстырады. Барлық органикалық дамулар
негізгі бағаналы жасушалардың эпигенетикалық реттелуін талап етеді жəне оларды ағзаның əр
мүшесі сияқты əртүрлі көрсетеді.
Эпистема 
(épistémè). Мишель Фуконың айтуынша, əрбір тарихи дəуір өзіне тəн категориялары
мен объектілерді қалыптау дағдыларына сəйкес белгілі бір əлем бейнесін түзетін білім əдісімен
сипатталады. Мысалы, күмəнсіз діни мазмұнда болған ортағасырлық эпистема айтарлықтай
«рационалды» болған XVIII ғасырдан мүлдем өзгеше əлем бейнесін жіктеген еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   361   362   363   364   365   366   367   368   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет