құлағына келеді. Оның көп сөйлемейтіндігі мен үнсіздігі «марлолық»
түсінікті (өткен өмірдің жаңғырығынан естілген һəм мүлдем басқа адамның
бейнесінен көрінген орны толмас жоғалту) қабылдауға кедергі болмайды.
43
5.3-көріністегі кері өзгеріс (реверс) Лирдің қызының жүзіне қараған кезінде
пайда болады. 1-көріністе басқалар Корделияны соған бағыттауға
тырысады: ол өзінің əке əрі король ретіндегі рөлін алға тартады. Оның
«
қашанда
» дегені жоғалтуды («
Мəңгілікке кетті
»), қызының ешкімге
ұқсамайтын ерекше қасиетінің де («
қашанда биязы
») жоғалуын білдіреді.
Корделияның алғашқы үнсіздігі «
еш нəрсе
» деген сөзден аспаған еді. Ол
кезде ашулы əке одан бас тартқан, қаталдық танытқан. Ал ажал алдында ол
4-көріністе басталған оқиғаны аяқтап, өз сөзін келесі қойылымның
ортасында да, соңында да жоқ кейіпкердің биязы даусымен айтады.
44
Лир сөздерінің этикалық құндылығы үш түрлі драмалық сипатқа ие.
Біріншісі – жұмсақтық. Басқаша айтқанда, жұмсақ адам өз даусынан
мүлдем өзгеше дауысты қабылдайды. Бұл жағдайда ол қызы мен оның
нəзіктігі жайында ашумен айтқан алғашқы ойынан қайтады. Ашуын ақылға
жеңдіріп, сабасына түседі. Екіншісі – мойындау. Өлім келген сəтте
Корделияның бар асыл қасиеттерін мойындайды. Қария қызының денесін
сахнаға өзі алып шығады. Содан кейін қызын оятуға тырысады; оның
тіріліп кеткенін қаншалықты қаласа да, амалсыз өлгенін мойындайды.
Үшіншісі – өзара түсіністік. Үлкен екі қызы туралы айтқанмен, оларға
бəлендей назар аудармайды. Корделияның үніне еліктеген Лир оның
даусын мақтайды. Қызының алқызыл еріндері оның қоғамдағы өзгерістерін
қайта қалпына келтіргендей болды. Оның дейктикалық (
Достарыңызбен бөлісу: