көрініс табады.
Менің соңғы мақсатым, яғни кейіпкерлердің мақсаты – əдебиет туралы
қазіргі теориялар құрылымына қарсы жүру. Бұл болжам кейіпкер тұлғасы
жөніндегі талдау жұмыстары үшін тым қолайсыз, дөрекі құрал, сондай-ақ
философиялық ойлардың күмəнді категориялары өте көп деген ой
тудырады. Əр жағдайда əдеби құрылымға деген қарым-қатынасты
білдіреді. Егер əдеби талдаулардың кейбір нұсқалары экран бетінде
көрсетілсе, дөрекілікке қатысты бірінші қарсылық дұрыс деп танылуы
мүмкін. Бірақ кейіпкер əдеби шығармада жай ғана герменевтикалық
өнердің термині ғана емес, негізгі құрамдас бөлігі болғандықтан, пьесаны
оқып, кейіпкерлерді елемеуіміз мүмкін емес. Дəл осы құрылым мұқият
зерттеуді қажет етеді. Егер кейіпкер идеясы жасырын, толыққанды, тəуелсіз
дарашылдықтың идеологиялық тұжырымдамасына араласып кетсе,
күмəнді категорияларға қатысты екінші қарсылықты қабылдауға болады.
Лир басынан бақайшағына дейін король болуы мүмкін; бірақ бұдан ол өзін-
өзі толық таниды яки бақылай алады деген қорытынды шығара алмаймыз.
Мұның нақты амалы бар: құрылымды зерттеңіз, ретсіздіктің көзін
жойыңыз, белгілерді байланыстыратын түйіндерді бақылаңыз. Аталмыш
шығарма осы мақсатта қойылымдағы кейіпкерлерді тілдегі сөздер сияқты
түсіндіргісі келді. Кейіпкерлерден туындаған мағына дəстүр мен оны
пайдалану арасындағы айырмашылық пен ұқсастықтың өзара əрекеті
арқылы белгіленген. Ал осылай құрылған һəм белгіленген мағынаның мəні
өз ішіндегі емес, құрылымға кереғар дайындалған еңбектерге қарсы
болады. Мұндағы зерттелген құрылым – қойылымның басында жəне
соңында Корделияның «болу-болмауын» қалыптастыратын драмалық
сөздегі қызының өмірлік құндылығын қалыптастыру үшін шығатын Лирдің
үні. Əдеби шығармалар, расымен де, тіл сияқты құралған. Осындай
құрылымға байланысты кейіпкерлер қандай да бір абсолютті мағынада
емес, уақыт ағымындағы ақиқаттың күрделі жағдайын қалыптастыратын
əртүрлі һəм шартты мағынада көрінеді.
61
Бұл шарт та қандай да бір
кейіпкердің даусы болып саналмайтын «көркем дауысқа» ерекше екпін
қоюды, сонымен бірге
«Король Лирдегі»
сипаттама, дауыс пен сөз бойынша
қорытынды жұмысты қабылдауды талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: