Әдебиет теориясы



бет6/10
Дата10.11.2022
өлшемі31,66 Kb.
#48946
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Метонимия - зат не құбылыстың қасиет, сапасын, түр-түсін алмастыра суреттеу. Алмастырылған заттың белгілеріне қарап, нені сөз еткенін ұғуға болады. Метонимияны алмастыру деп те атайды. «Байтал шауып, бәйге алмас»деген мақалдағы байтал әйел бейнесінде.
Метонимияда көп сөзді бір сөзбен де жеткізуге болады.
Кейінгі қалған көпекке
Қалай да белін шешті екен?
Көпек - батырмен салыстырғанда бағасы төмен адам. Белін шешті - өзінен төмен адамнан жеңілгенін мойындау, жеңілу.
«Жаманға сырыңды айтпа» деген мақалдағы «жаман» сөзі «сенімсіз адам» деген мағынаны білдіреді.
Метонимия - өзара іргелестігі, шектестігі нәтижесінде бір заттың екінші бір затқа атау болуы:
1. Қимыл-әрекет және оның нәтижесі: өз үйінде ою оймаған кісі үйінде кесте тігеді: 1. қимыл атауы. 2. зат атауы
2. Зат пен оның ішкі мазмұнының арасындағы шектестік: Қазан піскенше кел, ауыл оянды
3. Материал мен одан жасалған зат арасындағы шектестік: Кигені құндыз, жібек бағалы материалдар.
4. Жалқы есімдер мен олардың арасындағы шектестік: Қожанасыр – аңқау, Асан қайғының күйі – уайымшыл, Қодар, Бекежан – қатігез
5. Сапалық сын есім мен олардың заттануы: қара көрінді – зат, артымда қалар қарам жоқ – адам, қара ниеті – пейіл, қара жамылды – қайғы, қарадан шығып, хан болмас – тек, кедей қызының қалыңы 10-15 қара – мал.
6. Автор мен шығарма арасындағы байланыс: Манасты хатқа түсірген, Абайды сүйсең, менше сүй.
7. Жалқы есімдердің бір-бірімен шектестігі: жеңгемнің қолын сағындым.


Синекдоха - бүтіннің орнына бөлшекті, бөлшектің орнына бүтінді пайдалану, яғни бұл суреттеген құбылыстарға ерекше рең, ажар беріп, айтпақ ойларын аша түсуге мейлінше ықпал еткен көркемдік тәсілдердің бірі. Синекдоханы меңзеу деп те айтуға болады.
Жығылғанды тұрғызсаң,
Жылағанды уатсаң,
Қисайғанды түзетсең,
Сұлтан ием жасапты.
(Шалгиіз)
Мұндағы «жығылған, жылаған, қисайғандар» - жәбір көріп, жапа шеккендер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет