Әдебиет теориясы



бет9/10
Дата10.11.2022
өлшемі31,66 Kb.
#48946
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Қара өлең ұйқасы - 1, 2, 4 жолдар бір-бірімен буын, бунақ, дыбыс үндестігі жағынан ұйқасады да, 3 жол басқа жолмен беріледі. Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» өлеңі қара өлең ұйқасымен жазылған.
Арқаның кербез сұлу Көкшетауы, а
Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын а
Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп, б
Жүреді біліп-кетіп есен-сауын а


Егіз ұйқас – қатар тұрған екі тармақтың буын, бунақ, дыбыс үндестігі жағынан өзара ұйқасып келуі немесе арасына бір тармақ тастап отырып ұйқасуы.
Алыстан сермеп, а
Жүректен тербеп, а
Шымырлап бойға жайылған. б
Қиуадан шауып, а
Қисынын тауып, а
Тағыны жетіп б
Толғауы тоқсан, қызыл тіл, в
(«Сегіз аяқ» Абай.)


Шалыс ұйқас – тармақтардың екі жолдан, үш жолдан ұйқасып, келесі тармақтың ұйқассыз келуі немесе 1- жолы мен соңғы жолының ұйқасып, арасындағы тармақтардың ұйқассыз келуі. Бұл тәсілді Сүйінбай Аронұлының мына өлеңінен аңғаруға болады:
Сүйінбай деген мен едім,
Әкем Арон тұқымы
Көжеқатық қой сұрап,
Дүйсен деген біреуге
Кеше күндіз кеп едім.


Шұбыртпалы ұйқас - өлеңнің бірнеше тармағы ұйқасып келіп, ара-тұра тармақтарының ұйқаспауы. Исраил Сапарбайдың «Анаңнан асыл бар ма екен?» өлеңінен үзінді:
Босамай ерні күбірлеп,
Құдайға құлша жүгінген.
Береке іздеп бүгіннен
Ертеңге ессіз үңілген.
Тағдырдан көріп тауқымет
Табаны тасқа тілінген.
Жүдеген жүзі жан көрсе,жүрегін ала жүгірген-
Анаңнан асыл бар ма екен?


Ерікті ұйқас – ақынның таңдауы бойынша өлең жолдарының қажетті жерінде ұйқас келуі. Ерікті ұйқас көбіне жыраулардың шығармаларына тән.
Ойыл деген ойынды
Отын тапсақ тойынды
Ойыл көздің жасы еді,
Ойылда кеңес қылмадың,
Ойылдан елді көшірдің.
(Асан қайғы)
Аралас ұйқас - әр түрлі ұйқастың не шумақтың белгілі бір тәртіппен араласып келуі.
Айталық, Қадір Мырзалиевтың «Қазақтарды шетелдік қонақтармен таныстыру» өлеңі аралас ұйқасқа құрылған.
Қазақ осы: а
Айтатұғын жерге сыр б
О, ағайын, в
Халық емес ол кесір. б
Қазақ осы: а
Аңғал-саңғал, г
Жабусыз, д
Қазақ осы: а
Ағыл-тегіл е
Көл-көсір. б


Бунақ - өлең жолдарындағы кідіріс не түскен екпіннің әсерінен бөлінген әр жік.
Буын сандарына қарай бунақ та әрқилы болып келеді. Мысалы, Қасым Аманжоловтың
«Сарыарқа» өлеңі үш бунаққа бөлінеді.
Сарыарқа // сап-сары алтын // жүзген нұрға,
Қоналқы // мекен болған // сан ғасырға.
Сайран тау,//самал жайлау,//сырнайлы өзен
Лебімен // алар тартып,// шықсаң қырға.
Темірхан Медетбектің «Айтыс» өлеңі екі бунақтан құрылған.
Қоймаған соң // қолқалап,
Сөзден жасын // ататын
Шыға келген // ортаға
Екі жақтан // екі ақын 
Абай Құнанбаевтың «Сегіз аяқ» өлеңінің егіз ұйқастары бір бунақтан тұрады.
Ауырмай тәнім ,//
Ауырды жаным,//
Қаңғыртты, қысты басымды.
Тарылды көкірек,//
Қысылды жүрек,//
Ағызды сығып жасымды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет