Әдебиет теориясы



бет5/10
Дата10.11.2022
өлшемі31,66 Kb.
#48946
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Эпитет - заттың не құбылыстың айырықша сипаты мен сапасын анықтап,ерекше көріктендіру үшін қолданылатын айқындаулар. Абайдың өлеңдерінен эпитеті бар бір шумақ.
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?
Бұраң бел,бойы сұлу, түзу аяқ
Болады осындай қыз некен-саяқ.
Метафора - суреттеліп отырған зат не құбылсты айқындай түсу үшін оларды ұқсас өзге затқа не құбылысқа балап айту. Метафораны ауыстыру деп те атайды. Метафоралық тіркестер бейнелеп суреттеуге шеберлікті аңғартады. Айтайын деген ойдың әсемдігі ғана емес, әсерлігі үшін де құбылту тәсілі керек. «Құбылту – сөздердің тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, кейде тіпті перделеп таныту, ойды өзгертіп, кейде тіпті ойды өңін айналдырып айту.
Фариза Оңғарсынованың «Түн» өлеңінен мысал:
Түн.
Аспан-жасыл жайма.
Жұлдыз-ақық,
Бұлақ-қыз,шолпы таққан сылдыратып.
Көк- заңғар.
Дала-шалқар.

Бұл сұлулық
Тұр менің жүрегімнен жыр құлатып.
Метафоралау түрлері
Сөздерді метафоралау процесінде үш түрлі жағдайды байқауға болады.
Бірінші жағдайда сөздің сыртқы белгісі алынады. Мысалы, кілт — есіктің кілті, мәселенің кілті; бастау — бұлақтың бастауы, шығармашылық бастау т. б.
Екінші жағдайда метафора жасайтын сөздердің семантикасына, ішкі мазмұнына үңілуге тура келеді (түлкі — аң, айлакерлік белгісі; қой — мал атауы, адам мінезіндегі ынжықтық т. б.).
Метафоралаудың үшінші түрінде белгілі бір белгілер мен қасиеттердің басқа топтағы заттар мен құбылыстарға тән екендігі белгілі бола тұра, басқа топтағы ұғымдарға сіңісті болып кетеді. Мысалы, құрықталды деп жылқыны айтады, бірақ тілшілердің сөзінде адам құрықталды. Сол сияқты өткір сөзі қатты заттарға қатысты болатын (өткір ұстара), кейінгі кезде өткір мәселе тіркесі қолдынылып жүр.
Метафораның кейбір түрлері теңеуге жақындайды. Мысалы, алау сезім. Бірақ онда теңеудегідей екі нәрсені салыстырудан гөрі сезім, әсер жақындығын көрсету басым. Көбіне ондай екі нәрсенің бірі айтылып, екіншісі емеурінмен білдіріледі.
Метафора – метафоралық ауыс мағына туғызу, сыртқы не ішкі белгілеріндегі ұқсастыққа қарап, бір заттың атауы басқа бір затқа атау болуы. Бұл – ұқсасту заңына негізделеді. 1. Тілдік метафора. 2. Поэтикалық метафора.
1. Тұлға ұқсастығы: адамның көзі – бұлақтың көзі, істің көзі
2. Қимыл ұқсастығы: тіл – адамның тілі, сағаттың тілі, техниканың тілі
3. Заттың қызыметіндегі ұқсастық: адамның басы – ел басы
4. Ұғымның бір-біріне қатынасынан туған ұқсастық: жіңішке – жіп, бел
Поэтикалық метафора – ойды әсерлі, әрі айқын етіп жеткізудің бір тәсілі, ой көркемдігі, жалпыхалыққа таныс белгілі суретке негізделген болады: шөл кемесі – түйе, ақ алтын – мақта, сары алтын – бидай, қара алтын – көмір.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет