Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»



бет121/162
Дата08.02.2023
өлшемі462,66 Kb.
#66249
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   162
Байланысты:
Әдебиет.Шың кітап

ҚАСЫМ ҚАЙСЕНОВ
(1918 жылы туған)
Туған жері: Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Асубұлақ ауылы.
Қызметі: Қазақстанның халық қаһарманы, жазушы, партизан, полковник.




Кедей шаруа отбасында туған.

1935

17 жасында Өскемен саяси-ағарту техникумын жұбайы Асыл екеуі бірге бітіріп, 1937 жылы отауя құрған.

1938

Павлодар облыстық оқу бөлімінде инспектор болып қызмет істеген.

1940-1941

Арнаулы әскери дайындық мектебінен өткеннен кейін оңтүстік-батыс майданының штабына жіберіледі.

1941

Жау қолында қалған Украина жерін азат етуге жіберілді. Партизан қозғалысының алғашқы жетекшілері ретінде Закарпатья, Молдавия, Румыния, Чехословакия жерін неміс басқыншыларынан азат етуге қатысып, көптеген күрделі операцияларды жүзеге асырды.

Соғыстан кейін бейбіт еңбекке араласып, Қазақстан Жазушылар одағында, баспа орындарында жауапты қызметтер атқарды.

Жазушы Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерліктері үшін Ұлы Отан соғысының бірінші дәрежелі орденімен, Богдан Хмельницкий орденімен және көптеген медальдармен марапатталды.

Қ.Қайсенов – Тәуелсіз Қазақстанның ең алғашқы Халық Қаһарманы.



Шығармашылығы
Партизандық өмір жолын, қарулас жолдастарының қаһармандығын бейнелейтін шығармалары:
«Жас партизандар» (1954)
«Ажал аузында» (1959)
«Жау тылындағы бала» (1961)
«Жау тылында» (1973)
«Партизан соқпақтары» (1978)
«Переяслав партизандары» т.б.

Партизан-жазушының өмірі өзі жаудан қорғаған Украин халқымен тығыз байланысты. Украин халқы Қасымды өзіміздің жерлесіміз, қандасымыз деп құрметтейді.


Аудармалары:
М.Муратов «Ломоносовтың жастық шағы» кітабы
Николай Томан «Сабылтқан сағым» кітабы
Мамед Кулизаде Джалил «Почта жәшігі» кітабы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет