Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»



бет119/162
Дата08.02.2023
өлшемі462,66 Kb.
#66249
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   162
БАУБЕК БҰЛҚЫШЕВ
(1916–1944)
Туған жері: Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы.
Қызметі: жазушы, ақын, публицист. Өзінің соғыста өлетінін сезіп, бірақ өмір сүргісі келетінін жар сала жазып кеткен қаламгер.






Оның әкесі А.Иманов пен Ә.Жангелдин басқарған ұлт-азаттық қозғалысының белсенді мүшесі болған.

1930

«Ұлытау» совхозының сүт фермасында учетчик болып қызмет істейді.

1937

Алматы сауда-финанс техникумына оқуға түседі.

1939

«Лениншіл жас» газетінде әдеби қызметкер, кейін «Октябрь балалары» газетінің бөлім меңгерушісі болды.

1940

Москвада сапер училищесінде оқыды. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Москваны ерлікпен қорғады. Украинаны азат етісті.

1944

Осы жылдың басында қаһармандықпен майданда қаза тапты.



Шығармашылығы
Көптеген өлеңдер жазып, республикалық баспасөз беттерінде жариялады.
«Алматы – менің туған қалам» романы (аяқталмаған) және «Айсұлу» поэмасы бар.
1942 ж. мамырда «Комсомольская правда» газетінде «О жизни и смерти» деген өршіл патриоттық публицистикалық мақаласы шықты.
Әскери очерктері мен публицистикасын орыс тілінде жазып, үнемі «Комсомольская правда» газеті беттерінде жариялап отырды.
«Я хочу жить» (сүйген қызы шығыс қызы – Жанна туралы), «Жизнь принадлежит нам», «Коварство и любовь» «Письмо сыну Востока», «Слушай Кавказ» және басқа мақалаларын Ғ.Мүсірепов қазақшаға аударып, «Социалистік Қазақстан» газетінде жариялады.
1946 ж. Москвада «Жизнь солдата» деген жинақ шықты, бұған Бұлқышевтың майдандық публицистикасы енгізілді.
1948 ж. М.Иманжановтың редакциясымен шыққан «Өмір біздікі» кітабында және «Жауынгер мәңгілігі» кітабында (1965, құрастырған Д. Әбілев, алғы сөзі Ғ Мүсіреповтікі) Б.Бұлқышевтың көркем әдеби мұрасы жинақталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет