Сәкен Жүнісов
(1934–2006)
Туған жері: Көкшетау облысы, Қызылтау ауданы, Кішкенекөл ауылы.
Қызметі: Қазақстанның Халық жазушысы (1996).
Деректер:
1957
|
ҚзаМҰУ-ды бітірді.
|
1957–1959
|
«Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») журналында жұмыс істеді.
|
1960–1964
|
Қазақ мемлекеттік драма театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі болды.
|
1988–1991
|
КСРО Әдеби қоры Қазақ бөлімшесінің директоры, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы болды.
|
1959
|
Балаларға арналған алғашқы кітапшасы («Сонарда») шықты.
|
1986
|
«Өліара» пьесасына Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді.
|
Балаларға арналған кітаптары:
«Әжем мен емші және дәрігер» (1961)
«Кімнің мекені жақсы» (1962)
«Сақау бәтеңке» (1983) т.б.
Романдары:
«Жапандағы жалғыз үй» (1965; орыс тілінде - 1968)
«Ақан сері» дилогиясы (1-кіт., 1971; 2-кіт., 1977; орыс тілінде - М., 1979).
Повестері:
«Өшпейтін іздер» повесін (1968)
«Алғашқы вагон» (1982)
«Заманай мен Аманай» (1987).
Республика театрларында қойылған пьесалары:
«Ажар мен ажал» (1967)
«Тұтқындар» (1970)
«Қызым, саған айтам» (1972)
«Жаралы гүлдер» (1973)
«Қос анар» (1974)
«Әр үйдің еркесі» (1975)
«Қысылғаннан қыз болдық» (1976)
«Кроссворд немесе масханадағы маскарад» (1981) т.б.
Л.Н.Толстой мен С.Цвейгтің бірқатар әңгімелерін, О.Т.Гончардың «Перекоп», «Көк адыр» романдарын т.б. қазақ тіліне аударған.
Достарыңызбен бөлісу: |