ЖҰМЕКЕННӘЖІМЕДЕНОВ (1935–1983)
Туған жері: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Қошалақ ауылы.
Қызметі: ҚР Мемлекеттік Әнұранының (мәтіні) авторы, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері.
1956-1959
Құрманғазы ат. Алматы Мемлекеттік консерваториясының халық аспаптары факультетінде оқыған.
Мәскеуде М.Горький ат. Әдебиет институты жанындағы Жоғары әдеби курсты бітірген.
1955
Еңбек жолын Қарағанды шахтасында қарапайым жұмысшы болып істеуден бастаған.
Шығармашылығы 1961 жылы алғашқы лирикалық жинағы – «Егіс» жарық көрді.
1965 жылы «Жоқ, ұмытуға болмайды» атты поэмалар жинағы шықты.
Көзі тірі кезінде «Жазушы», «Жалын» баспаларынан жарық көрген шығармалары:
Он өлеңдер жинағы
«Ақ шағылдар» романы (1973)
«Кішкентай» романы (1975)
«Атақ пен дақпырт» романы (1978)
Үш томдық шығармалар жинағы (1996-1997)
«Мен – тамырмын» дастандары
«Қасірет пен қайсарлық»
«Жұмекен»
«Жаңғырық».
1967 жылы «Жоқ, ұмытуға болмайды!» атты поэмасы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атанды.
2006 жылы 11 қаңтарда «Менің Қазақстаным» әні ҚР Мемлекеттік Әнұраны ретінде алғаш рет Астанадағы «Ақорда» резиденциясында Н.Назарбаевтың ҚР Президенті лауазымына салтанатты түрде кірісу сәтінде орындалды.
Ол кісінің жұбайы Нәсіп апайдың айтуынша, Жұмекен әнді осыдан 50 жыл бұрын, 1956 жылы Алматыда, белгілі қобызшы Гүлсара Бірманованың үйінде жазған.