Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»


Семейде 1878–1904 ж.ж жазған өлеңдері «Қазақ айнасы» деген атпен жеке кітап болып басылып шыққан



бет55/162
Дата08.02.2023
өлшемі462,66 Kb.
#66249
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   162
1912

Семейде 1878–1904 ж.ж жазған өлеңдері «Қазақ айнасы» деген атпен жеке кітап болып басылып шыққан.

1931

Жазықсыздан-жазықсыз атылды.

1957-1958

Шәкәрімнің жазықсыз өлімі туралы мәселе қозғалған. Ол мәселені СССР прокуратурасы қарап, 1958 жылы 2 қазанда Шәкәрімнің қылмысы жоқ деп ақтап шықты.

1959

«Қазақ әдебиеті» газетінде оның бірнеше өлеңі жарияланды.



Шығармашылығы
Ол жиырмадан астам ән шығарған.
Еңбектері:
«Түркі, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» (Орынбор, 1911)
«Қазақ айнасы» өлеңдер жинағы (Семей, 1912)
«Мұсылмандық шарты»
«Бәйшешек бақшасы» (проза)
«Қайғылы роман» (проза)
мысал өлеңдер, жұмбақ өлеңдер, нақыл сөздер
Абай өмірбаяны
«Қазақ лұғаты» еңбегі
«Мұсылмандық белгісі» кітабы
«Түрік хандар шежіресі»
«Жайлаудың басы мен айтысы»
«Ұждан», «Қолшатыр бұйрығы» әнгімелері
«Үш анық»
«Жан мен тіршілік туралы»
«Адам баласының шын бақытты өмірі туралы әңгіме»
Ақан сері туралы шығарма


Поэмалары:
«Қалқаман-Мамыр» поэмасы (1888)
«Еңлік-Кебек» поэмасы (1891)
«Дума» поэмасы (1904)
«Нартайлақ-Айсұлу» поэмасы
«Қодардың өлімі» поэмасы
«Шыныбақ» поэмасы
«Ләйлі-Мәжнүн» поэмасы (Ташкент, 1907)


Аудармалары:
«Том ағайдың балалары» романы (Американ жазушысы Бичер-Стоу Гарриет, Америкадағы құл иемдену озбырлығы туралы)
«Дубровский» романы, «Боран» повесі (Пушкиннен аударған, 1908).
«Асархадон патша», «Үш сауал» (Лев Толстойдан)

1924 жылы «Қазақ тілі» (Семей) газетіне әдебиет сыны туралы жазылған «Сын һәм сынауды сынау», «Қазақ тілі» газетінің басқармасына өтініш» мақалалары жарияланыпты.




Өлеңдері:

«Шаруа мен ысырап», «Ашу мен ынсап», «Ер қоспақ пен сөз сөйлемек», «Мақтау мен сөгіс», «Міндеу мен күндеу», «Қалжыңшыл қылжақпас», «Хайуан мен ақымақтар», «Мал жимақ»

Ұлы Абайдың халықты алға, жақсылыққа жетелеген ағартушылық ойларының ықпалымен жазылған. Өз замандастарының мінез-құлқы, ел бірлігі, жалқаулық көріністері айтылған.

«Жастарға»

Жастарды Абайдан үлгі алуға шақырады.

«Насихат», «Үш-ақ түрлі өмір бар»

Өнер-білімге шақыру

«Адамдық борышың», «Талап пен ақыл»

Еңбексүйгіштік

«Жасымнан жетік білдім...» өлеңінен үзінді:
Адаспайсың ақылды, арлыға ерсең,
Жолай көрме жылмайы сопы көрсең.
Тапқыр, адал ақ ниет адамдардың
Алданбайсың артынан ере берсең.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет