МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ (1893–1938)
Туған жері: Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасы (Бұрынғы Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі Плуденовский болысы).
Қызметі: қазақ өлеңінің дүлдүлі, лирик, эпик ақын.
Маңызды деректер:
Үш жасында атасы Жұмабайдан: «Менің атымды осы немерем түбінде әлемге әйгілі ететін болады!» – деп бата алады.
Төрт жасында мектепте сауатын ашады.
1905–1910
Қызылжардағы (Петропавл) татар зиялысы М.Бегішевтің медресесінде Хасен молдада оқиды.
1909
Осы жылы Абай өлеңдерін оқып, тағылым алды. «Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға» деген өлең жазды.
1910–1911
Уфадағы Медресе-Ғалияда Ғ.Ибрагимовтан білім алды. Ғ.Ибрагимов – Мағжанның ұстазы, ол «Қазақ қызы» романын жазған.
1911–1912
Қызылжар семинариясында оқыды.
1912
Қазанда«Шолпан» атты тұңғыш өлеңдер жинағы басылып шықты.