Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»



бет73/162
Дата08.02.2023
өлшемі462,66 Kb.
#66249
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   162
Байланысты:
Әдебиет.Шың кітап

«Күнікейдің жазығы» хикаяты
Кейіпкерлер:
Күнікей – негізгі кейіпкер, кедей отбасынан шыққан.
Шекер – Күнікейдің шешесі.
Тұяқ – етікші.
Ордабай бай және қызы Шәмші.
Қасым – бай баласы.
Баймен – батыр, палуан.


Қысқаша мазмұны:
Төңкерістен бұрынғы қазақ аулының тұрмыс-салт суреттері, көш рәсімінің ерекшеліктері, қыз-бозбанаың сауық кештері, ұлттық ойындар, той, бәйге қызықтары бейнеленген. Қарапайым үйде өскен қойшының қызы сұлу Күнікей кедейшілікті ар санамай, рақат өмір сүреді. Шешесі Шекер бай қызынан кем қалмасын деп, арнайы кебіс тіккізбек. Бойдақ етікші Тұяқты күйеу бала етіп алу дәмесі жоқ емес. Ордабай байдың қызы Шәмшіні ұзату хикаясының аясында жастық, еркіндік хақында баян етеді. Шекер бермекші Тұяқ та емес, артына түскен бай баласы Қасым да емес, Күнікей Байменмен жұлдызды аспан аясында табысады.
Бұл хикаят – қазақтың көшпелі аулының бұрынғы тіршілігін айнытпай бейнелеген реалистік туынды.


«Қанапия-Шәрбану» пьесасы
Кейіпкерлер:
Шатай – негізгі кейіпкер, момын қара шаруа.
Ұмсынай – Шатайдың әйелі.
Ынтықбай – ол екеуінің жалғыз ұлы.
Шәрбану – екеуінің қызы.
Сазамбай – бай.
Қалипа – Сазамбайдың бәйбішесі.
Қанапия – Шәрбанудың сүйген жары.


Қысқаша мазмұны:
Халық өмірінің нағыз шынайы жүзі, ауылдағы бай-кедей аражігінің ашылуы, 1916 жылғы мұңды оқиға нақты көрсетілген.
Шатай мен Ұмсынай Ынтықбайды солдатқа кетсе, айырылып қалатындай, бүкіл мал-мүлкін шығындаса да, алып қала алмайды. Керісінше, қыздары Сазамбай мен Қалипаның қорлығына түседі. Қанапияның солдаттан келуі, оның дуана кейіпіне түсіп, Шәрбануды алып қашуы, ақыры милиция алдында әділдікке жетуі.
Пьесаның «Жасасын бостандық! Жасасын әйел теңдігі! Жасасын бұқара үкіметі!» деген сөздермен аяқталуы сол заманға тән үгіт-насихат сарынын көрсетеді.


«Мансапқорлар» пьесасы
Кейіпкерлер:
Қасқырбай болыс, оның әйелі Күләнда, болыстың туысқан інісі тілмаш Мүслім, молда, қажы, ауылнай, шабармандар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет