Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»



бет81/162
Дата08.02.2023
өлшемі462,66 Kb.
#66249
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   162
Байланысты:
Әдебиет.Шың кітап

«Қамар сұлу» романы
Кейіпкерлер:
Қамар – негізгі кейіпкер (15 жаста).
Ахмет – негізгі кейіпкер. Қамардың сүйген жігіті, Жәукенің баласы.
Омар – Қамардың әкесі. Қамарды Нұрымға беруге қарсы шыққан көзі ашық адам.
Қасен – Қамардың ағасы.
Жорға Нұрым – Қамардың күйеуі (50 жаста).
Қалтай қажы, Оспан би – Нұрымның жемтіктес достары.


Мазмұны: Қамар мен Ахмет сынды сауатты, саналы жастардың ескілік ғұрпын бұза алмай, сүйіспеншілігін тежеуге мәжбүр болуы, 15 жастағы Қамардың әкесінің қарсылығына қарамай, Қалтан қажы, Оспан би деген туыстары қатыны өлген Нұрым болысқа айттырып, қалыңмал алуы, қыздың көнбейтінін көрген соң, зорлап алып кетуі, басқа түскен қасіреттен ауру болған Қамардың надан бақсы-балгерлердің «емдейміз» деп көрсеткен азабынан өлуі, мұнша озбырлыққа шыдамаған Ахметтің Қамарды іздеп келіп, зорлықшылдан кек алмақ болып әрекеттенгенімен, өзі де ажал тұзағына душар болуы.


Сәбит Дөнентайұлы
(1894–1933)
Туған жері: бұрынғы Семей губерниясы, Кереку уезі, Ақсу облысының төртінші ауылы (қазіргі Павлодар облысы, Ақсу ауданы, Құркөл ауылы).
Қызметі: ақын.

7 жасында анасы қайтыс болып, әке тәрбиесін көрді.

1907-1908

Маралдыдағы болыстық медреседе Нұрғали молдадан жәдитше білім алуы Сәбиттің түрлі пәндерді (тарих, жаратылыстану) игеруіне, көркем әдебиетпен танысуына ықпал етеді.

1910-1911

Павлодарға жақын жердегі Мұхамедсадық медресесінде оқиды, әрі сол медреседе төте оқумен бала оқытады.

1912

Павлодар жанындағы Қасым қажы Ертіспаевтың медресесінде жәдитше білім алып, қазақ, татар тілдеріндегі газет-журналдарды оқып («Айқап», «Қазақ», «Шора», «Уақыт»), көркем әдебиет үлгілерімен танысады. Бос уақыттарында Павлодарға барып орысша да оқиды.

1915

Уфада Қасым қажының қаржылай көмегімен «Уақ-түйек» атты өлең жинағы жарық көрді.

26.05.
1926

«Қазақ тілі» газеті тілшілерінің слетіне қатысып, «Ауыл тілшілері және олардың алдағы міндеті» деген тақырыпта баяндама жасайды.

1929

ҚазАПП ұйымына мүше болып қабылданып, Қазақстан жазушылар ұйымының Семейдегі облыстық бөлімшесіне басшылық етеді.

Мамыр
1930

Денсаулығының нашарлауына байланысты газеттен қол үзіп, Бесқарағай аулының орталығы Беген ауылында мұғалімдік қызметке кіріседі.

1931

Семей қаласына қайта келіп, «Қазақ тілі» - «Жаңа ауыл» газетінде қызмет атқарады.

1933

Семей қаласында ауырып қайтыс болды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет