ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВ (1894–1938)
Туған жері: қазіргі Талдықорған облысы, Ақсу ауданы (бұрынғы Қапал уезі, Ақсу болысы).
Қызметі: ақын, жазушы, драматург, публицист, аудармашы, өнер зерттеушісі, қоғам қайраткері. Ілиясты «Сөз Құлагері», «Өнер жаршысы», «Күй жаршысы» деп атаған.
Қазақ ағарту институтында, Жетісу облыстық «Қосшы» комитетінде, губерниялық оқу бөлімінде, «Тілші» газетінің редакциясында қызмет етті, ауыз әдебиеті үлгілерін жинады.
1916
Қолына Абайдың өлеңдер жинағы түседі. Бұл жылды «Қысқаша өмірбаянында» ерекше еске алады.
1920
Алматыда 3 айлық мұғалімдер курсын бітірді.
1927
Алғашқы өлеңі «Беташар» шықты.
1928
Тұңғыш кітабы «Сағанақ» шықты.
1925–1928
Москва журналистика институтында оқыды.
Елге оралып, «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан) газетінде істеді.
1934–1935
Қазақстан Жазушылар Одағының бірінші төрағасы болды.
1935–1937
Көркем әдебиет баспасында поэзия бөлімін басқарады. КСРО жазушыларының I съезіне қатысты.
1938
«Қазақ поэзиясының Құлагері» жазықсыз жазаға ұшырады.
Поэмалары:
«Дала» (1) Эпико-лирикалық, сюжетті-тарихи поэма. 2) Поэмадағы оқиғалар тарихшы шал көзімен беріледі. 3) қазақ халқының екі ғасырлық өміріндегі негізгі кезеңдерді түгел қамтыған поэма.) «Күй» (Молқыбай күйшінің өнері жайлы)
«Күйші» (1934)
«Құлагер» (1936, Ақан сері трагедиясы жайлы)