Жұбан Молдағалиев (1920–1987)
Туған жері: Батыс Қазақстан облысы, Сайқұдық деген жер.
Қызметі: ірі эпик ақын, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Халық жазушысы.
Әкесінен ерте айырылып, шешесі Зеріптің тәрбиесінде өседі. Анасы оған ұзын-сонар батырлар жырын айтып берген.
Жетіжылдық мектепте оқыған.
1940
Орал ауыл шаруашылығы техникумын бітіріп, әскери-саяси курстарда білім алды.
1940–1947
Әскер қатарында болып, Ұлы Отан соғысына қатысты. Әскерден оралғаннан кейін түрлі қызмет атқара жүріп, шығармашылықпен айналысады.
1948–1952
«Лениншіл жаста» бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактор орынбасары, «Қазақ» әдебиетінде» бас редактор орынбасары болды.
1958–1965
«Жұлдыз» журналының бас редакторы болды.
1963–1971, 1979–1988
Қазақстан Жазушылар Одағында басшылық қызмет атқарды.
КСРО Министрлер Кеңесінің Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі коллегиясының мүшесі болды.
1986
Жазушылар одағында Г.В.Колбинмен өткен кездесуде басын қатерге тіге отырып, жастар қозғалысын қолдады.
Шығармашылығы
1939
Алғашқы өлеңі газетке басылған. Содан бергі жылдар ішінде 60-тан астам кітабы жарық көрді.