Діни-философиялық жырлары «Атаңның әуелінде белінде едің»
«Адам»
Сыр бойындағы жазба айтыс мектебін қалыптастырушылардың бірі болды.
Жазба айтыстары:
діни айтыс: «Тұрмағамбет пен Ермұрат айтысы»;
хат айтыс: «Тұрмағамбет пен Жүрсеннің айтысы», «Тұрмағамбет пен Әбдікәрімнің айтысы»;
жұмбақ айтыс: «Тұрмағамбет пен Шәді төренің айтысы»), мысал айтыс («Көк құтан мен шымшық».
КЕНЕН ӘЗІРБАЕВ (1884–1976)
Туған жері: Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Мәтібұлақ ауылы (қазіргі Кенен Әзірбаев атындағы ауыл).
Қызметі: қазақтың әйгілі халық ақыны, әнші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, КСРО Жазушылар одағының мен Композиторлар одағының мүшесі.
11 жасынан домбыраға қосылып, өз жанынан өлең, ән шығара бастаған.
Қазақ, қырғыз арасындағы белгілі жиындарға қатысып, айтысқа түскен, ән сайысына араласқан. Шалипа, Ләтипа, Кенеқожа, Әбдіғали, Есдәулет ақындармен айтысқан.
50-70 жылдары бейбіт өмірді, республика табыстарын, замандастарын бейнелейтін өлең, терме, толғау дастандары туды.
150-дей ән толғап, оның өлеңін жазды.
Әндері: «Бозторғай»
«Көкшолақ»
«Базар-Назар» «Біз жеңеміз»
«Сүйгенім-ай, күйгенім-ай»
«Төрт батыр»
«Он алтыншы жыл»
«Қайран елім»
«Аттан» т.б.
Дастандары: «Шөпке барғанда»
«Құдалар»
«Әли батыр»
«Қырғызбай»
«Кенебай-Кербез»
«Бұрынғы өткен батырлар»
«Жалғыз қаз»
«Жамбыл - жыр».
Таңдамалы шығармаларының 2 томдығы және «Шырқа, дауысым», орыс тілінде «Песни гор и степей» кітаптары жарық көрді.
Екі мәрте Ленин ордені, Еңбек Қызыл Ту, екі мәрте «Құрмет Белгісі» ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған.
МІРЖАҚЫП ДУЛАТОВ (1885–1935)
Туған жері: бұрынғы Торғай уезінің Сарқопа болысының үшінші болысы (қaзipri Қостанай облысы, Жанкелдин ауданына қарасты «Қызбел» ауылы).