ИСА БАЙЗАҚОВ
(1900–1946)
Туған жері: Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Үлгілі ауылы.
Қызметі: қазақтың халық ақыны, әнші, әртіс, домбырашы, сазгер.
9 жасында шешесі қайтыс болып, өлеңші, әңгімеші әжесі Жанбаланың бауырында өседі. Нағашы ағасы Рахмет оған домбыра тартып, ән салуды үйретеді.
Ол кішкентайынан «Домбырашы бала», «Әнші Иса» атанады.
Семейдегі жұмысшылар факультетін, Орынбордағы қазақ халық ағарту институтын, Қазақ педагогикалық институтын бітірген.
1924 ж. алғашқы өлеңдері баспасөзде жарияланған.
1926 ж. Қызылордада Қазақтың тұңғыш ұлттық театры ашылғанда, Ә.Қашаубаев, Қ.Қуанышбаев, Қ.Жандарбеков, С.Қожамқұлов (Қазақ театрында ұзақ жылдар бойы Қарабайды («Қозы Көрпеш – Баян сұлу») ойнаған әртіс), Е.Өмірзақов т.б. әртістермен бірге жаңа театрдың негізін қалаушылардың бірі болды. Алғаш М.Әуезовтің «Еңлік-Кебегі» мен «Бәйбіше-тоқалында» басты рөлдерде ойнаған.
Өзі инсценировка жасаған «Біржан-Сарада» Біржан ролін ойнап, ақындық, әншілік, домбырашылық өнерімен жұртты ерекше сүйсіндіреді.
Атақты «Гәкку» әні И.Байзақовтың орындауымен ешбір өңдеусіз «Қыз Жібек» операсына көшті.
Поэмалары:
«Құралай сұлу»
«Қойшының ертегісі»
«Алтай аясында»
«Кавказ»
«Қырмызы-Жанай» (аяқталмаған)
«Ақбөпе»
«Неге Алатау шаттанды?»
«Ұлы құрылыс»
«Он бір күн, он бір түн»
Кеңес Одағының Батыры Марина Раскованың бейнесі жайлы поэмаларын өмір шындығына арнаған. Соңғы поэмасында.
1932-1940 ж.ж. Алматы, Қарағанды, Семей қалаларында радиода, филармонияда, Жазушылар одағында қызмет етті.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Оңтүстік Қазақстан облыстарында ел аралап, үгітшілік қызмет атқарды.
Еңбек Қызыл Ту орденімен және көптеген медальдармен марапатталған.21
СӘБИТ МҰҚАНОВ
(1900–1973)
Туған жері: қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Жаманшұбар деген жер.
Қызметі: ақын, жазушы, драматург, педагог, публицист, қоғам қайраткері, академик.
Әке-шешеден жастай жетім қалып, балалық шағын ауқатты ағайындарына жалданып, қой бағумен өткізген.
|
Өзінің талаптануымен хат танығанымен, мұғалім алдын көріп, жүйелі білім ала алмайды.
|
1918–1919
|
Омбы қаласында мұғалімдер курсында оқиды. Оны бітіріп, ауылға барып, мұғалім болады. Осында ауылды кеңестендіру жұмысына белсене араласады.
|
Өлеңге деген алғашқы қадамы 19 жасында басталады.
|
1915–1918
|
Қыз бен жігіт айтыстарына қатысады, сол жылдардағы тұрмыс-салт айтыстарында оның үлкен үлесі бар.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |