Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»



бет109/168
Дата25.11.2023
өлшемі1,83 Mb.
#127012
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   168
ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ
(1902–1985)
Туған жері: қазіргі Солт. Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Жаңа жол аулы.
Қызметі: жазушы, драматург, публицист, аудармашы, киносценарист, қоғам қайраткері, ғалым. Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі (1958). Социалистік Еңбек Ері (1974). Қазақстанның Халық жазушысы (1984).
Зейнолла Қабдолов: «Ғабит Мүсірепов – ардақты ат! Мүсірепов туралы мың сөзден «Мүсірепов» деген бір сөздің мағынасы әлдеқайда терең, мазмұны әлдеқайда бай. Демек, Мүсіреповті мақтаудың керегі жоқ, Мүсіреповпен мақтану керек».



9 жасқа дейін өз ауылында оқып, хат таныды.

1916–1921

Обаған деген жердегі нағашысының көмегімен екі сыныптық орыс мектебіне оқуға түседі. Осында орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беретін көрнекті педагог Бекет Өтетілеуов Ғабиттің Жазушылыққа деген ықыласын оятуға көп ықпал еткен. Өтетілеуовтің көмегімен Преснегорьковтағы жоғары сыныптық училищеде оқиды.

19231926

Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетінде (рабфак) оқыды. С.Сейфуллинмен танысты.

1925

«Едіге» деген әңгімесін «Еңбекші қазақ» газетіне жариялайды.

1926

Рабфакты бітірген соң, Омбыдағы ауыл шаруашылығы институтында 1 жыл оқыды. Сол жылы «Әмірхан бидайығы» деген аударма кітап шығарады.

1927–1928

Щучинск қаласындағы ауыл шаруашылығы техникумында оқытушылық қызмет атқарды. Қабырға газетіне жазған әңгімесі кейін «Тулаған толқында» повесі болып жарияланды.

1934-1935

«Қазақ әдебиеті», «Социалистік Қазақстан» газеттерінің бас редакторы;

1937

Қазақстан КП Орталық Комитетінің бөлім меңгерушісі;

1937–1938

Қазақ зиялылары жаппай қуғын-сүргінге түскенде, Б.Майлинді жақтап: «Бейімбет халық жауы болса, мен де халық жауымын», - деп айтқан. Бұл оқиғалар жайлы оның «Шұғыла» деген әңгіме-очеркінде айтылған. Бұл әңгімесі – 1932 жылғы ауыр шындықты астарлап жеткізген шығармасы. Кейіпкерлері: Сатығұл, Егізек, піркәншік Дәулетбек т.б. Мұнда ол қазақ халқына жасалған голошекиндік саясатын сұмдық көріністерін, иен далада иесіз қалған мекендер мен аштықтан өлген адамдардың тау-тау болып үйілген, көмусіз қалған сүйектерін көріп, жан шошырлық қырғынның қорқынышты суреттер қаз қалпында көрсетті.

1938–1955

Бірыңғай жазушылық жұмыспен шұғылданды.

1954

«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» пьесасының желісін арқау ете отырып, «Махаббат туралы дастан» атты көркем суретті фильмнің сценарийін жазды.

1955–1966

«Ара» журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы;

1958

Осы жылдан бастап КСРО Жазушылар одағы басқармасы хатшыларының бірі, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі Бүкілодақтық комитеттің мүшесі болды.

1962

Бесінші сайланған КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты болды

6 рет (6,7,8,9,10,11-сайланған) Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.

1974

Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

1974–1975

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болып сайланды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет