Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»



бет22/168
Дата25.11.2023
өлшемі1,83 Mb.
#127012
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   168
Байланысты:
ШЫҢ. ӘДЕБИЕТ.

«ОҒЫЗНАМА» ДАСТАНЫ
(IX ғ.)
«Оғызнама» дастаны – түркі халықтарына ортақ туынды. IX ғасырда Жетісу, Сыр бойында кеңінен таралған. XI ғ. қағаз бетіне түскен. Каир, Ыстамбұл, Лондон кітап қоймаларында оның араб, ұйғыр тіліндегі нұсқалары сақтаулы. 1959 ж. Мәскеуде М.Щербак ұйғыр тіліндегі нұсқасын бастырды.

  • «Оғызнама» қырықтан астам хикаядан тұрады. Әрбір хикаяда Оғыз қаған туралы оқиға баяндалады.

  • Жырда оғыздардың Көк Тәңіріге табынып, өздерін Көк бөріден тарататынын аңғаруға болады.

  • Оғыздар «көк» түсті қасиетті санаған.

  • Ұлық Түрк – Оғыздың ақылшы-кеңесшісі.

  • Айқаған – Оғыздың анасы.

Қысқаша мазмұны: Айқаған атты анадан Оғыздың туылуы; күн санап алып болып өсуі; 40 күннен кейін аңға шығуы, аң аулаудағы ерлігі, Қият сияқты тажал аңды жеңуі; үйленуі; екі әйелінен 6 бала (1-әйелінен 3 ұл: Күн, Ай, Жұлдыз; 2-әйелінен үш ұл: Көк, Тау, Теңіз) сүюі; дүниенің төрт бұрышына жасаған жорықтары; достарын құрметтеп, бағынбағандарға соғыс ашуы; Үрім қағанын талқандауы; Қыпшақбектің оғыз әскерін ағаштан жасалған сал арқылы Еділден өткізуі; жолда Оғыздың айғырының қарлы тауға қашып кетуі; Қағарлықтың (бұл атты оған Оғыз қояды) оны тауып әкелуі; Темір Қазы шеберді іргесі алтын, төбесі күміс, есігі берік үйге тастап кетуі; Оғыздың Жүржіт ханымен соғысуы, оны жеңуі; қартайған шағында ақылшысы Ұлы Түрік данагөйдің ақылымен ел-жұртын жинап, той жасап, жерін алты ұлына бөліп беруі.
Үзінді:
«Күндерде бір күн Оғуз қаған бір жерде Тәңірге жалбарынып отыр еді. Қараңғы болды. Көктен бір жарық (сәуле) түсті...». Нәтижесінде сол жарықтың арасынан түскен сұлу қызға Оғуз қаған үйленіп, үш ұлды болып, есімдерін «Күн», «Ай», «Жұлдыз» деп атапты. Одан соң ағаштың қуысындағы жалғыз қызды көріп, оған да үйленіп, одан да үш бала болады. Біріншісі – Көк, екіншісі – Тау, үшіншісі – Теңіз.


ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ
(870–950)
Туған жері: Отырар қаласы
Бұхар мен Шашта, Бағдатта білім алған. Өмірінің соңғы жылдарын Дамаскіде өткізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет