Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»


Қызметі: энциклопедист ғалым, ақын, әдебиетші



бет23/168
Дата25.11.2023
өлшемі1,83 Mb.
#127012
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   168
Байланысты:
ШЫҢ. ӘДЕБИЕТ.

Қызметі: энциклопедист ғалым, ақын, әдебиетші. «Шығыстың Аристотелі».
16 жасында оқу іздеп, Бағдатқа барады. Араб, парсы, грек тілдерін үйренеді. Күндіз бағбан болып, түнде ғылыммен айналысады.
Ғылымның көптеген салаларын меңгеріп, 150-ге тарта ғылыми еңбектер жазды. Музыка, математика, логика, философия, астрономия, әдебиеттану ғылымдарымен шұғылданған. «Музыканың үлкен кітабы» еңбегінде сол кездегі түркілердің музыкалық аспабы болған тоғыз ішекті домбыраның құрылысын сипаттаған.
Еңбектері:
«Ғылымдар энциклопедиясы»
«Ғылымдардың шығуы»
«Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы туралы» (ізгілікті мемлекетті сипаттайды)
«Өлең өнерінің қағидалары» (ақындарды үшке бөліп, поэзияны қыр-сыры туралы айтады)
«Жұлдыз бойынша болжаулар»
«Ваккум туралы трактат»
«Риторика»
«Поэзия өнерi туралы»
«Китаб аш-шеер» («Өлең кітабы»)
«Музыканың ұлы кітабы»
«Ақылдың мәні туралы»
«Философияны оқу үшін не білу керек?» т.б.
Әсіресе, философия ғылымы жайлы еңбектері ерекше орын алады. Грек ғылымын меңгеріп, Пифагор, Архимед, Аристотель, Евклид, Птоломей шығармаларын сол тілде оқыған. Шығыс ғалымдары оған Аристотельден кейінгі екінші ғұлама деп атаған.
ӘБУ РАЙХАН ӘЛ-БИРУНИ
(973–1050)
Қызметі:
Астроном, математик, географ, геолог, философ, тарихшы, дәрігер, ақын.
22 жасында әйгілі ғалым ретінде танылған. Парсы, араб, грек, үнді тілдерін меңгерген. 150 еңбек жазған. Еңбектері: «Ежелгі халықтардың хронологиясы», «Астрономияның кілті» т.б.
Бируни Жердің Күнді айналып қозғалатынын тұңғыш рет айтты. Планеталардың (ғаламшар) қозғалу заңдылықтарын анықтады. Жер глобусының пішінін жасап, 600-ден астам қалалардың координаталарын анықтады.


ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН
(1015 (16) ж. туған. Өлген жылы белгісіз.)
Туған жері: Жетісу жеріндегі Баласағұн қаласы.
Қызметі: ойшыл, ғалым, білімпаз, ақын.
Жүсіп әкесімен бірге Қараханидтер мемлекетінің астанасы Баласағұн қаласында хан сарайында өлең айтып, күй шерткен. Осында жүріп қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарынан білім алады.
Жүсіптің ақын ретінде де, ғалым ретінде де атын шығарған еңбегі – «Құтты білік» («Құдатғу біліг»).

  • 1069-(1070) ж. Баласағұн қаласында бастап, 18 айдан кейін Қашқар қаласында аяқтаған.

  • Еңбек алғаш рет түрік тілінде жазылған.

  • 85 тараудан тұрады.

  • Дастанда өмір сүрген ортаның шындығы, әлеуметтік топтың қоғамдық түсінігі мен саяси тұжырымы берілген.

  • Бақытты болудың негізі – білім деп түйіндейді.

  • Кітапта 4 кейіпкер бар. Әңгіме осы 4 кейіпкердің сұрақ-жауаптары арқылы өрбиді. Олар: Әділет, Бақыт, Ақыл, Қанағат.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет