Қысқаша мазмұны:
Қасқырбай – нағыз қатыгез жендеттің өзі. Баласы жоқ, ол аздай, жас әйелі Күләнда оның көзіне шөп салып жүр. Інісі Мүслім таныстықпен топ жинап, болыстықтан дәмелі. Мүслім жеңгесі Күләнданың басын айналдырып, «түбі саған үйленем» деп сендіріп, алдап-сулап, ақыры, күйеуі болыс Қасқырбайға у ішкізеді. Болыс болу үшін топ жинау, сайлаушыларға берілетін пара, жуанның кедейге жасайтын зорлығы – осы тәрізді тартыстар қатар жүріп отырады. Ағасын өлтіріп, жеңгесін күнәһар етіп, елді алдап, оязға пара беріп, мансапқа – болыстыққа жеткен Мүслім жаңа жауыздықтың кескінін танытады.
«Ел қоғаны» пьесасы
Кейіпкерлер:
«Оқыған» деген атпен берілген кісі, Ораз, Әбіш, комиссар т.б.
Қысқаша мазмұны:
Азамат соғысы кезіндегі елдегі аласапыран кезең, бандылардың, ақтардың жасаған қылмыстары, намыс оянып, саяси көзқарастың тууы секілді өзгерістерді Ораз, Әбіш, комиссар бейнелері арқылы көрсетеді.
«Шернияз» пьесасы
Кейіпкерлер:
Шернияз – негізгі кейіпкер.
Базарбай – оқыған.
Раушан – қыр қызы, Шернияз сүйіп қосылған алғашқы әйелі.
Жәмила – қала қызығына түскен, ойын-сауық, ләззат-рақатты өмір мәні деп білген жеңіл жүрісті әйел.
Қысқаша мазмұны:
Алғашқы ұлт зиялыларының екі ұдай жолға түсуі, екі қиырға тартуы, екі түрлі сенім-наным қақтығысты бейнелейді.
Шернияз туған жерін қасиеттейді. Аманатты, қарызды өтеу жолында күресу керек, осы орайда үйленбек, қызмет қылмақ, қайрат-жігер, талантты түгелдей ел қамына жегілсін деген арманда.
Базарбай да оқыған, елге бару мақсаты – ағайын-туыстың, ауылдас-руластардың сойылын соғу, пара алу, баю, серілік-салдық құру. Әдеті – ар-ұятты, достықты ұстану емес, реті келсе, жақын-жуықты қаралаудан тайынбайды. Шернияздың алғашқы әйелі оқымаған, ауыл қызы Раушанда тазалық, адамдық болғанмен, таным-талғам жетіспейді, осыдан барып аралары суып, ақыры, ажырасып тынады. Гимназия бітірген Жәмила Шерниязға жанып-күйіп қосылса да, уақыт өте келе, жар төсегін місе тұтпай, күйеуінің көзіне шөп салады. Шернияз қоғамдық істе де, үй ішінде де опасыздық көріп, аласұрып, шығар жол таба алмай тұрған шақта революция дабылы қағылады.
Достарыңызбен бөлісу: |