Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»



бет144/168
Дата25.11.2023
өлшемі1,83 Mb.
#127012
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   168
Байланысты:
ШЫҢ. ӘДЕБИЕТ.

ҚАЛИХАН ЫСҚАҚ
(1935 жылы 14 наурызда туған)
Туған жері: Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Топқайың ауылы.
Қызметі: Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, белгілі жазушы.






Жұлдыз ауылдық орта мектебінде оқыды.

1957

Әл-Фараби ат. ҚазМҰУ-дың журналистика факультетін бітірді.




Содан кейін республикалық мерзімді баспалар редакциясында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі кызметтерін атқарды.

1965–1967

Москвадағы сценаристер мен режиссерлер дайындайтын жоғарғы курсты бітірді.

1967–1972

Ш.Айманов ат. «Қазақфильм» киностудиясын-дағы үшінші творчестволық бірлестіктің бас редакторы болды.

1972

Осы жылдан Қазақстан Жазушылар одағының аппаратында істейді.



Шығармашылығы
Творчестволық қызметі 1957 жылдан басталды. Ол – бірнеше әңгіме, повесть, романдардың, драматургиялық киносценарийлердің авторы.
1961 жылы шыққан «Жол басы» жинағында алғашқы әңгімелері жарияланды.
Атақты тұңғыш туындысы «Қоңыр күз еді» повесі өзінің балалық шағындағы өмірі жайлы. Осындағы Қасым, Алтын, Қомшыбай бейнелерін сомдағанда, қаламгердің шын сыры, ой-арманының гуманистік сипаттары анық көрінеді.
Шығармалары:
«Менің араларым» (1965)
«Бұқтырма сарыны» (1967)
«Тұйық» (1975) романы
«Қараорман» (1980)
«Ақсу – жер жаннаты» романы (1989)

1992 жылы «Ақсу – жер жаннаты» романына ҚР Мемлекеттік сыйлығы берілді.


А.Чехов, И.Буниннің әңгіме-повестерін аударды.


Жазушының үздік шығармалары орыс, украин, өзбек, татар, чех, словак, неміс тілдеріне аударылып басылды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет