ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ДӘУІРІНДЕГІ ӘДЕБИЕТ (ЖЫРАУЛАР ӘДЕБИЕТІ) XV–XVIII ғ.ғ. Кетбұға жырау (XIII ғ.)
Сыпыра жырау (XIV–XV ғ.ғ)
Марғасқа жырау (туған, өлген жылдары белгісіз)
Асан қайғы Сәбитұлы (XIV ғ. соңы – XV ғ. басы)
Қазтуған жырау Сүйінішұлы (XV ғ.)
Доспамбет жырау (XVI ғ.)
Жиембет жырау Бортоғашұлы(XVII ғ.)
Қожаберген жырау Толыбайұлы (1663-1763)
Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668–1781)
Шалкиіз жырау Тіленшіұлы (шамамен 1465–1560)
Ақтамберді жырау Сарыұлы(1675–1768)
Үмбетей жырау Тілеуұлы (1706–1778) т.б.
Шал ақын (Тілеуке Құлекеұлы) (1748–1819)
Сапарғали Бегалин (1895–1983)
Мұхтар Әуезов (1897–1961)
Бернияз Күлеев (1899-1923)
Иса Байзақов (1900–1946)
Сәбит Мұқанов (1900–1973)
Ғабит Мүсірепов (1902–1985)
Ғабиден Мұстафин (1902–1985)
Әбу Сәрсенбаев (1905–1995)
Әлжаппар Әбішев (1907–2001)
Хамза Есенжанов (1908–1974)
Әбділда Тәжібаев (1909–1998)
Бауыржан Момышұлы (1910–1982)
Қасым Аманжолов (1911–1955)
Жұмағали Саин (1912–1961)
Қалижан Бекхожин (1913–1990)
Саттар Ерубаев (1914–1937)
Iлияс Есенберлин (1915–1983)
Баубек Бұлқышев (1916–1944)
Хамит Ерғалиев (1916–1999)
Қасым Қайсенов (1918 жылы туған)
Жұбан Молдағалиев (1920–1987)
Сырбай Мәуленов (1922–1993)
Әзілхан Нұршайықов (1922 жылы туған)
Тахауи Ахтанов (1923–1994)
Мұзафар Әлімбаев (1923 жылы туған)
Әбдіжәміл Нұрпейісов (1924 жылы туған)
Бердібек Соқпақбаев (1924–1992)
Зейнолла Қабдолов (1927–2006)
Ғафу Қайырбеков (1928–1994)
Әнуар Әлімжанов (1930–1993)
Мұқағали Мақатаев (1931–1976)
Шерхан Мұртаза (1932 жылы туған)
Сәкен Жүнісов (1934–2006)
Қалихан Ысқақ (1935 жылы туған)
Жұмекен Нәжімеденов (1935–1983)
Қадыр Мырза Әли (1935 жылы туған)
Тұманбай Молдағалиев (1935 жылы туған)
Қабдеш Жұмаділов (1936 жылы туған)
Олжас Сүлейменов (1936 жылы туған)
Сайын Мұратбеков(1936 жылы туған)
Төлеген Айбергенов (1937–1967)
Фариза Оңғарсынова (1939 жылы туған)
Әбіш Кекілбаев (1939 жылы туған)
Қарауылбек Қазиев (1939–1984)
Мұхтар Мағауин (1940 жылы туған)
Мұхтар Шаханов (1942 жылы туған)
Дулат Исабеков (1942 жылы туған)
Төлен Әбдіков(1942 жылы туған)
Оралхан Бөкеев (1943–1993)
Нұрлан Оразалин (1947 ж. туған)
және т.б
ҚАЗАҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ Ауыз әдебиеті (фольклор) – халық арасында ауызша туындаған, ауызша тараған және ауызша сақталған шығармалар жиыны.
Ауыз әдебиетінің ерекшеліктері:
шығарманың авторы ауыздан-ауызға көшу барысында біртіндеп ұмытылады;
бір шығарманың бірнеше нұсқасы болады (Мысалы, «Қозы Көрпеш–Баян сұлу» жырының 15 нұсқасы бар) ;
синтаксистік, лексикалық қайталаулар жиі кездеседі.
Ауыз әдебиетінің түрлері Ертегілер;
Тұрмыс-салт өлеңдері;
Мақал-мәтелдер;
Жұмбақтар;
Жаңылтпаштар;
Батырлық (эпостық) жырлар;
Ғашықтық (лиро-эпостық) жырлар;
Аңыз әңгімелер;
Айтыстар;
Шешендік сөздер.
ТҰРМЫС-САЛТ ЖЫРЛАРЫ Тұрмыс-салт – халықтың әр-түрлі салт-дәстүрі, әдет-ғұрыпы мен ырым-жоралғыларына байланысты өлең-жырлар. Тұрмыс-салт жырларында халықтың өзіне тән тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі сөз болады және төрт түлік жайлы айтылады. Тұрмыс-салт мазмұны жағынан 5 түрге бөлінеді:
1) Баланың дүниеге келуінен бастап есею кезеңдеріне байланысты өлең-жырлар: бесік жыры, тұсаукесер жыры, атқа мінгізу т.б. ; 2) Үйлену салтына байланысты жырлар: тойбастар, жар-жар, сыңсу, беташар; 3) Көңіл-күйді білдіретін өлең-жырлар: қоштасу, естірту, жоқтау, көңіл айту; 4) Бата-тілектер: нәрестеге, жас келінге, ел қорғаушы азаматқа, көшіп-қонуға, теріс бата, оң бата т.б. байланысты берілген бата-тілектер; 5) Төрт түлік, еңбек, аңшылық т. с. с. тақырыптар жайлы өлең-жырлар: түйе иесі – Ойсылқара, сиыр иесі – Зеңгі баба, жылқы иесі – Қамбар ата, қой иесі – Шопан ата т.б.
1) Баланың дүниеге келуінен бастап есею кезеңдеріне байланысты өлең-жырлар а) Бесік жыры – баланы тербетіп отырып аналық махаббатпен айтылатын тәрбиелік, тағылымдық мағынаға ие өлең-жыр. Онда жас бала дені сау, еңбексүйгіш, өнерлі, елін қорғаушы ер азамат болып өссе екен деген тілек байқалады. Бесік жыры үлгілерін алғаш Ә.Диваев хатқа түсіріп, 1905 ж. жариалаған. Мысалы,
Әлди, әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікте жат, бөпем.
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін.
Байқұтанның құйрығын
Жіпке тағып берейін. ..
ә) Тұсаукесер – бала қаз тұрып жүре бастағанда ауылдың әжелері мен қыз-келіншектері жиналып, ойын-той жасайды. Баланың тұсауын кеседі. Әдетте, баланың тұсауын өмірден көргені мен түйгені мол ақ жаулықты әжеге немесе тез жүріп кетсін деген ниетпен аяқ-қолы жылдам пысық, еңбексүйгіш кісіге кестіреді. Ол баланың аяғына байланған ала жіпті қайшымен кесіп жатып, мынадай өлең-шумақтар айтады:
Қаз-қаз, балам, қаз балам,
Қадам бассаң, мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін.
Балтырыңды түре ғой,
Тай-құлын боп шаба ғой,
Озып, бәйге ала ғой...
б) Атқа мінгізу – бала 4-5 жасқа келген кезде, оған тай, құнан арнап, ер-тоқым, жүген, қамшы даярлайды. Атқа міну тойы баланың әжетке жарауы, азаматтықтың белгісі болып саналады.