ӘДЕБИЕТ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК Әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз» деген мағынаны білдіреді. Оны «асыл сөз» деп айтқан А. Байтұрсынұлы: «Бір нәрсе турасындағы пікірімізді, яки қиялымызды, яки көңіліміздің күйін сөз арқылы айрықша өң беріп айта білсек, сол сөз өнері болады», – деп айтқан. Сөз өнерін қадірлеген қазақ халқы да «Өнер алды – қызыл тіл» деген.
Әдебиет әуелі ауызша тарады, ал жазбаша түрде тастағы жазба ескерткіштерде, діни жазбаларда қалыптаса бастады. Осыған байланысты ауыз әдебиеті және жазба әдебиеті деген екі түрі бар. Қаламгер – оны өңдеп, көркемдеп жеткізуші.
а) Көне түркі әдебиеті (V-VII ғ.ғ.).
ә) VII-VIII ғасырлардағы әдебиет.
б)VIII-IX ғ. Әдебиет.
в) Ислам дәуірі әдебиеті (X – XII ғ.ғ.)
г) Алтын Орда – Қыпшақ дәуіріндегі әдебиет (XIII – XIV ғ.ғ.)
Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (XV – XVIII ғ.ғ.)