Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»


«Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз



бет20/245
Дата24.03.2022
өлшемі0,52 Mb.
#28640
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   245
«Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз. Асқақтаған жау болса, ордасын таптай білген елміз».
Қазыбек айтқан аталы сөздер:

Бір қолың ұрысшы болса, екінші қолың арашасы болсын.

Ашу – дұшпан, ақыл – дос, ақылыңа ақыл қос.

Жауға сілтер қаруыңды ешқашан жақыныңа сілтеме.


Бірде елдің жақсылары, шешендері, ойшылдары жиналып, әңгіме-дүкен құрып отырғанда, Төле би жұмбақ қояды. Жұмбағы мынау: бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он. Бұл жұмбаққа Қазыбек би ғана жауап береді. Сондағы жауабы:

– Бір дегеніміз – бірлігі кеткен ел жаман.

– Екі дегеніміз – егесіп өткен ер жаман.

– Үш дегеніміз – үш бұтақты шідерден шошынған ат жаман.

– Төрт дегеніміз – төсектен безген жас жаман.

– Бес дегеніміз – белсеніп шапқан жау жаман.

– Алты дегеніміз – асқынып кеткен дерт жаман.

– Жеті дегеніміз – жас келіншек жесір қалса, сол жаман.

– Сегіз дегеніміз – серпілмеген қайғы жаман.

– Тоғыз дегеніміз – торқалы той, топырақты өлімге бас көрсетпеген сол жаман.

– Он дегеніміз – оңалмас кәрілікке дауа болмас деген.
Қазыбек бидің толғауы:

Өркенім өссін десең,

Кекшіл болма –

Кесапаты тиер еліңе.

Елім өссін десең,

Өршіл болма –

Өскеніңді өшірерсің.

Басына іс түскен пақырға

Қастық қылма –

Қайғысы көшер басыңа.

Жанашыры жоқ жарлыға

Жәрдемші бол асыға

Қиын-қыстау күндерде

Өзі келер қасыңа.

Бүгін сағы сынды деп,

Жақыныңа басынба.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   245




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет