Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»



бет17/245
Дата24.03.2022
өлшемі0,52 Mb.
#28640
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   245
Байланысты:
дебиет туралы жалпы т сінік дебиет – араб с зі, ол « лгілі с з

ӘЙТЕКЕ БИ (АЙТЫҚ) БАЙБЕКҰЛЫ

(1644–1700)



Туған жері: Өзбекстан, Қазбибі тауы, Қызылша мекені.

Қызметі: қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, қазақ хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан мемлекет және қоғам қайраткері, Әз Тәуке хан құрған «Билер кеңесінің» мүшесі, «Жеті жарғы» заңдар кодексін шығарушылардың бірі.

Шыққан тегі – Кіші жүздің Әлімұлы руы.

Дін, құқық, аспан әлемі, жағрапия, тарих, математика пәндерін, араб, парсы, шағатай, өзбек тілдерін меңгерген.

21 жасында Бұқара мен Самарқандағы казақ, өзбек, қарақалпақтардың бас биі болған. Ал 25 жасында барша Кіші жүз халқы оны бас би етіп сайлаған.

Әйтеке би шешендігімен, «қара қылды қақ жарған» әділдігімен бірге жоңғарлармен болған ұрыстарда қол бастаған батыр да болған. 1685 жылы Нұрата маңына шабуыл жасаған Қалдан-Бошақтының он мың жасағына бес мың әскерімен Әйтеке би қарсы аттанған.

1685 жылы Әлі сұлтан мен қарапайым халық арасындағы бір жанжал үлкен дауға айналып кете жаздайды. Әлі сұлтанның есерсоқ баласы бір кедейдің сұлу, ақын, әнші-домбырашы қызына дегеніме көнбедің деп әбден өшігіп алады. Әлгі бозбаланың бүркіт ұстап, құс салатын аңшылығы бар екен. Дегеніне көнбейтініне көзі жеткен жігіт бір күні қыз қызыл орамал тартып, үйден ұзай бергенде, бүркітін шүйіп, қастандық жасайды. Бүркіт қыздың басын мылжалап өлтіреді. Ашынған ағайындары төреден құн сұрайды. Әлі сұлтан оларды маңына жолатпай, барған билерді ит қосып қуып жібереді. Ақыры, ел арасы «төрежақ», «қаражақ» болып екіге жарыла бастайды. Ең соңында құн сұраушылар жағы Әйтекеге келіп өтініш жасайды. Әйтеке би қасына сіргелі батыры Қазыбекұлы Жабайды, байбақты батыры Шоланды ілестіріп Әлі сұлтанға барады. Әйтекенің айбарынан ығысатын сұлтан амалсыз құн төлеуге келіседі. Алайда Әйтеке би қыз құнына қосымша оның өнерлі екенін айтып, «өнер құнын» және қыздың жоқтаушыларын келеке қылып, сүйек сындырғаны үшін «сүйек құнын» төлеуді талап етеді. Бұл екі құнның әрқайсысы негізгі құнның жартысына тең екен. Сөйтіп, Әйтекенің қаһарынан қаймыққан Әлі сұлтан толық екі күн төлеуге мәжбүр болады. Бұл Әйтекенің ата дәстүр-салтына жетіктігімен бірге өнерге, өнерлі адамға айрықша құрметін көрсетеді1.

Әйтеке бидің айтқаны:

Ашу деген ағын су,

Алдын ашсаң, арқырар.

Ақыл деген дария,

Алдын тоссаң, тоқырар.

Атадан жақсы ұл туса,

Елінің оңы болады.

Атадан жаман ұл туса,

Көшінің соңы болады.

Шешендіктен не пайда,

Артында сөзі қалмаса.

Батырлықтан не пайда,

Халқына қайыр қылмаса.

Суалмайтын суат жоқ,

Тартылмайтын бұлақ жоқ.

Құйрығы суда тұрса да,

Уақтысы жеткенде,

Қурамайтын құрақ жоқ.

Дүние деген фәни бұл –

Баласы жоқта мият жоқ.

Бәрінен де қиын сол екен,

Артында жанған шырақ жоқ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   245




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет