Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»



бет21/245
Дата24.03.2022
өлшемі0,52 Mb.
#28640
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   245
ЕЖЕЛГІ ДӘУІР ӘДЕБИЕТІ

ОРХОН ЕСКЕРТКІШТЕРІ

(VII ғ.)



Тарихы: Бұмын қаған негізін құраған «Түрік қағанаты» (V-VIII ғ.ғ.) шамамен 630–680 ж.ж. арасында көршілес ел – Тауғаштарға тәуелді болып, Елтеріс хан тұсында қайтадан бостандыққа қол жеткізеді. Елтеріс қайтыс болғанда, артында қалған ұлдары: Білге мен Күлтегін жас болған. Бұл туралы жырдағы үзінді:

...Әкем қаған өлгенде,

Інім Күлтегін жеті жаста қалды.

Он жаста Умай текті шешемнің бағына

Інім Күлтегін ер атанды.

Сондықтан таққа Елтерістің інісі – Қапаған отырады. Ол қаза тапқаннан кейін, Білге таққа отырып, хан (қаған) болады, ал Күлтегін – әскербасы болады. Тоныкөк (Тоңұқұқ) – Елтеріс, Қапаған, Білге қағандардың кеңесшісі болған.

Орхон ескерткіштері осы тарихи тұлғаларға арнап орнатылған тастағы жазулар. Орхон-Енисей өзендерінің аңғарында табылғандықтан осылай аталған. Таста «Түркі Білге қағанның еліне арнап жаздырдым. Мен – Тоңұқұқ» деген жазу кездеседі.

Негізгі ойы – елдің тәуелсіздігін, береке-бірлігін сақтауға шақыру және ел қорғаған батырлар мен көсемдерді дәріптеу.

Оларды алғаш тапқандар: швед офицері Иоганн мен орыс ғалымы Н.М.Ядринцев (XVIII–XIX ғ.ғ.).

Тұңғыш оқыған – Даниялық ғалым Вильгельм Томсен.

Орысшаға аударғандар: Радлов, Мелиоранский, Малов, Стеблева.

Тасқа қашалып жазылған бұл жазулар ғылымда руналық жазулар деп аталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   245




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет