Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»



бет79/245
Дата24.03.2022
өлшемі0,52 Mb.
#28640
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   245
«Ленин» орденімен марапатталады.

1939

«Құрмет белгісі» орденімен марапатталды

1941

Қоршауда қалған әсерлерді рухтандыратын «Ленинградтық өрендерім» өлеңін жазды;

Сүйікті ұлы – Алғадайы Днепропетровск түбінде қаза тапты.



1941

КСРО Мемлекеттік сыйлықтың иегері деген жоғары атағы берілді. Жамбылдың шығармашылық өмірі, негізінен, 19 ғасырдың 70-ші жылдарынан басталған.


1938

Жамбылдың шығармашылық өнерінің 75 жылдығын тойлағанда, оған әлемнің әр түкпірінен құттықтаулар келді. Ромен Роллан, Мартин Андерсен, Нексе, Катарина Сусанна Причард сияқты атақты суреткерлер Жамбыл поэзиясына өте жоғары баға берді.

Дастандары:

«Өтеген батыр»

«Сұраншы батыр»

«Көрұғлы» (халық үшін күрескен, еліне қамқор, пана болған халық батырларының ерлік, адамгершілік бейнесі жайлы)

Жамбыл өсе келе тек барша әлемге әйгілі жырау, ақын, жыршы болды. Сөз өнерінің бұл үш түрін бір адамның меңгеруі сирек кездесетін құбылыс.

Жамбыл жыршылық өнердің де асқан шебері. Ол «Менің өмірім» атты естелігінде былай дейді: «Ел жүдеген үстіне жүдей берді, ел менен жыр сұрағанда, кепкен ботаның тұлыбына еміренген маядай, батырларды жырла дейтін болды. Мен де жұрттың тілегіне сәйкес «Өтеген батыр», «Саурық батыр», «Сұраншы батыр», «Көрұғлы батыр», «Алатай-Жапарқұлдың» жырларын айтатын бодым. Ел естігенде ыңыранып жылайтын. Осындай елді жарыққа шығаратын батырлар да туар-ау әлі, - десетін».

Нақылға айналып кеткен толғауларында Жамбыл өмірден түйгені мен тоқығаны көп дана ретінде көрініп, мән-мағынасы биік те терең мәселелерді қозғайды, олар: кемел тұлға мен тобыр («Тамам қарға жиылса, бір сұңқарға жетпейді»), адамның азаттығы («Дүниенің кеңдігі жүргеніңде басың бос»), уақыт пен адам («Заман, заман дегенде, заманға қожа адам ғой»), т.б. философиялық мәндегі ой-тұжырымдар.

20-ғасырдағы Жамбылдың ізін қуған халық поэзиясының көрнекті өкілдері: Кенен Әзірбаев, Нартай Бекежанов, Нұрпейіс Байғанин, Үмбетәлі Кәрібаев, Әбдіғали Сариев, Доскей Әлімбаев, Саяділ Керімбеков, Орынбай Тайманов т.б.

Қазақтың ұлттық мәдениеті мен әдебиетіне сіңірген еңбегі үшін «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталды.

1-ші сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, КСРО және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі болды.

Қазақ халқы Жамбылдың 100 жылдық, 125 жылдық, 150 жылдық тойларын халықаралық деңгейде салтанатты түрде атап өтті14.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   245




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет