Әдебиеттануға кіріспе пәні бойынша 6В02305- «Филология»


Лекциялық кешен (лекция тезисі)



бет2/29
Дата27.09.2023
өлшемі103,94 Kb.
#110547
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
8. Лекциялық кешен (лекция тезисі)

1 лекция тақырыбы: Кіріспе. Әдебиеттануға кіріспе пәнінің мазмұны мен мәні.


Лекция тезисі: Филологияның негізгі тірегі – мәтін. Мәтінге баса назар аудара отырып, оған түсініктемелер бере отырып, филология адам болмысын, әсіресе, адамның рухани әлемін барынша жан – жақты танып – білуге ұмтылады. Осы филология іштей 2 үлкен салаға бөлінеді: лингвистика – тіл тану, литератураведение – әдебиеттану. Біз оқитын әдебиеттану – сөз өнерін зерттейтін ғылым. Бұл ғылымға беташар тәрізді әдебиеттің табиғатына тән ең бір қарапайым қағидалар, түсініктер «Әдебиеттану ғылымына кіріспе» деп аталатын арнаулы пән арқылы талданып, тексеріледі. Одан арғы күрделі мәселелердің бәрі әдебиеттанудың өзге салаларының үлесіне қалады. Ал, әдебиеттану ғылымы, негізінен, мынадай 3 түрлі ғылыми салаға бөлінеді.Әдебиеттің тарихы, әдебиет сыны, әдебиет теориясы. Қазақ әдебиеттену ғылымының ұлттық дәстүрде дамып, кәсіби тұрғыда қалыптасуы Ахмет Байтұрсыновтан басталады. Сөз өнерін зерттейтіи ғылымды әдебиеттану деп атаймыз. Әдебиеттің тарихы жеке алғанда бір елде, жалпы алғанда, бүкіл адам баласының тарихында көркем әдебиеттің қалай пайда болғанын, қайтіп қалыптасқанын, қандай жолмен дамығанын зерттейді
Қазіргі кейбір ұғым түсініктер де тарихи дамудың қилы кезеңдерін бастан өткере отырып қалыптасқан. Бұл тұрғыдан жанрлар мен стильдер, жекелеген көркемдік тәсілдер, композициялық құрылым белгілер, сондай – ақ қайталама сюжеттер мен сарындардың (мотив) тарихи тағдырын айтуға болады. Әдебиетке қатысты түрлі ұғымдардың, көркемдік құралдарының тарихи жолын айқындауда - әдебиет тарихының, оның ішінде тарихи поэтиканың өзекті мәселерінің бірі. Қорыта айтар болсақ, «әдебиет тарихы әдеби шығармаларды әдеби – сын еңбектерді зерттейді, жекелеген қаламгерлер мен сыншылардың шығармашылықтарын сараптайды, сондай – ақ көркемдік әдіс – тәсілдердің әдеби түрлер мен жанрлардың тарихи орнын және ерекшеліктерін бағалайды. Әдебиеттің сыны өз тұсындағы әдебиеттің тірі процесіне белсене араласып, нақты әдеби туындыны жан – жақты талдау, оның идеялық – көркемдік құнын белгілеу, жазушыға жазғандарының бағалы қасиеттерін, ерекшеліктері мен кемшіліктерін көрсетіп, оның творчествалық өсуіне тікелей қолғабыс жасаса, екінші жағынан оқырмандарды оқығандарының байыбына барып, оны жете түсініп, дұрыс бағалауға баулиды. «Сын» сөзінің төркіні грек тілінде «талдау, талқылау» деген мағына беретін «критика» деген сөзінен щыққан. «Сын дамуына» көз шола жүгіртсек, әдебиет жанындағы сыни ойлар әдебиеттің өзімен қатар пайда болған. Антикалық дәуірде әдеби жұмыстың бір саласы ретінде бөлініп шыққан әдебиет сыны ұзақ уақыт бойына шығармаға жалпылама баға беру, оны оқырмандарға таныстыру, оқуға кеңес беру, шығарма авторын дәріптеу немесе сынау сияқты қарапайым ғана міндеттер атқарып келді. Әдебиеттің дамуына байланысты әдебиет сынының да мақсаты мен сипаты күрделене түсіп, оған қойылатын талаптар да, жауапкершілік те күшейді.Қазіргі таңда әдебиет сыны көркем шығарманы эстетикалық, әлеуметтік, этикалық т.б. көзқарастар тұрғысынан жан – жақты қарастыруға ұмтылады. Әдебиет сыны өмірді танып – білумен ғана шектелмейді, сонымен қоса оған әсер етуге де талпынады. Осыған байланысты сөз өнерінің қалыптасып, дамуы барысында әдебиет те өзге өнер түрлерінен дарлана бастады. Бұл мақсатқа жету жолында сыншының орны айрықша. Әдебиеттің теориясы - әдеби шығармашылықтың табиғаты мен қоғамдық міндетін зерттейтін және оны талдаудың әдіснамасы мен әдістемесін айқындайтын әдебиеттану саласы.
Әдебиет теориясы мәселелерді 3 түрлі жүйелерге бөлуге болады. Қаламгердің ақиқат болмысты бейнелеу ерекшеліктері. Әдеби – көркем шығарманың құрылымы. Әдеби үрдіс. Аталған 3 сала әрқашанда өзара тығыз байланыста болып, сәттерде бір – бірінің жетістіктерін пайдалан отырып дамиды. Мәселен, әдебиет теориясы әдебиет тарихы қол жекткізген тарихи дәйек, деректерге және сын зерттеулердегі жетістіктерге сүйенсе, әдебиет тарихы әдеби процестің даму жолын айқындау барысында әдебиет теориясы негіздеген басты ұсьанымдарды жетекшілікке алады, сондай – ақ әдеби сын еңбектердің нәтижелеріне де иек артады. Ал, әдебиет сыны теориялық негізгі қағидаларды басшылыққа ала отырып, өзі талдау нысанына алған туындының жаңалығы мен мәнділігін сараптауда өзіне дейінгі әдебиет тарихындағы мәлімет көздеріне сүйеніп отырады. Бұлардан басқа әдебиеттанудың бірнеше көмекші салалары бар. Бұл топқа историография, текстология, библиография, архивтану, полеография т.б. жатады. Әдебиеттану өзімен - өзі тұйықталып қалған ғылым емес. Ол өзге ғылымдардың жетістіктер мен тығыз байланыста дамиды. Әдеби шығармалардың басым бөлігінде адамның өзі, өмірі, мақсат-мұраты, ой-сезімі, күрес-тартысы негізгі орын аладыСондай-ақ әдебиеттің даму заңдылықтары мен әлемдік сөз өнерінің ортақ қасиеттерін, шығармашылықтың мазмұны мен өзіндік өнер ретіндегі ерекшеліктерін жан-жақты талдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет