Лекция тезисі: Образдың түрлерін белгілеудің бірнеше (әдістік, тектік, тәсілдік) фактолары бар. Көркемдік әдіс тұрғысынан келгенде, образ екі түрлі :романтикалық образ, реалистік образ. Әдеби тек тарапынан келгенде, образ үш түрлі: эпикалық образ. лирикалық образ, драмалық образ. Ал, жалпы жасалу тәсілдеріне келетін болсақ, образ юморлық, сатиралық, фантастикалық, трагедиялық, комедиялық, қаһармандық, т.б. бейнелер деп бірнеше тұрғыдан жіктеуге болады. Осылардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар, оны білу әдебиетшіге ауадай қажет.Әдебиеттегі көркемдік әдіс, негізінен екі түрлі:(романтизм, реализм). Біз қазір образдың көркемдік әдіс тұрғысынан өзіндік ерекшеліктеріне ғана тоқталамыз.
Романтикалық образ - әдебиеттегі адам бейнесінің байырғы түрлерінің бірі. Бұл образдың алғашқы үлгілері баяғы көне дүние әдебиетінде, әсіресе мифте, немесе қай халықтың болса да ауыз әдебиетінде жатыр. Бұл образ өмірдегі болған немесе бар деректен гөрі өмірде әзірше жоқ, бірақ болатын дерекке негізделеді.
Реалистік образ - әдебиеттегі адам бейнесінің ең сымбатты, шынайы түрі. Сонымен қатар, «шындық, шыншыл, шынайы, ақиқат» деген сияқты ұғымдарды да білдіреді. Демек, өнер түрлеріне қатысты қалыптасқан реалистік образ ұғымы өмірлік шындыққа негізделген, эстетикалық-тәрбиелік мәні зор, қоғамдық сипаты айқын, өз бойына жалпылық және жалқылық белгілерді қатар дарытқан, сонымен бірге қоғамдық, көркемдік дамуға байланысты ұдайы өзгеру, жетілу үстінде көрінетін шыншыл бейне деген түсінікті білдіреді. Әдеби тек тұрғысынан образдар эпикалық, лирикалық, драмалық болып 3 топқа бөлінеді. Аталған образ түрлерінің қай-қайсы да адам болмысын жан-жақты танып, ашып көрсетуді мақсат етеді Әдеби тектердің әрқайсына тән ерекшеліктерге сәйкес, образ тұлғалауда қаламгерде сол тектерге тән тәсілдерді пайдаланады.
Эпикалық образ - жазушының авторлық баяндаулары мен әдеби қаһарманның өзінің сөздері, яғни кейіпкер сөзі арқылы жасалатын орбаз.
Лирикалық образ - сыршыл өлең-жырлардағы ақынның өз бейнесі, оның ішкі бітімі, сыры мен сезімі.
Драмалық образ – кейіпкердің өз сөздері мен с-әрекеттері арқылы бейнеленетін образ. Драмалық образдың басты бір ерекшелігі ол сахнада сомдалады. Образдың жасалу тәсіліне байланысты түрлерін таратып, бас-басына сипаттама бермес бұрын, жалпы әдемлік туралы ілімінде бірнеше (комедия және трагедия, фантастика дегендер тәрізді) эстетикалық категориялар болатынын білу шарт.
Юморлық образ - күлкілі кейіпкер: юмор - өмірдегі кісі күлерлік құбылыстардың өнердегі сәулесі. Күлкі жоқ жерде юмор да жоқ. Ал күлкілі әешейін жеңіл желпі нәрсе деуге болмайды. Күлкіде зор қоғамдық сипат, әлеуметтік сыр жатады.
Сатриалық образ - сатира өмірдегі кеселді, келеңсіздікті көлтің көз алдында – көрінісіне шығарады, халықты одан түңілтеді. Құлық пен сұмдықты, екіжүздікпен мансапқорлықты, ұятсыздықты, өмірдегі зиянды жайттарды аяусыз әшкерелеп, адамдарды онымен ымырсыз күреске үндейді.
Фантастикалық образ – қиялдан туған қаһарман әдебиетіндегі адам образының ерте замандардан күні бүгіге дейін келе жатқан көне түрлерінің бірі. Қай халықтың сөз өнері болсын, оның ең байырғы түрлерінің бірі – ертегі десек, сол ертегі түгелге жуық қиялға негізделген ертегілердің адам бейнелерінің көбінде қиял-ғажайып сипат болатыны мәлім. Бұл да фантастикалық образдың көнелігін байқатса керек.
Трагедиялық образ - әдебиетте тым ертеден келе жатқан адам бейнелерінің бірі. Трагедиялық образ ескі мен жаңа, адам мен қоғам, адамдық пен жауыздық арасындағы ымырсыз күрестен, бітіспес тартыстан, қайшылықтан, соның өзінде де мейлінше асқыққа, адам жеңіп болмас ауыр, азапты жайларды әдеби шығармада терең және шебер жинақтаудан туады.
Қаһармандық образ – еңбек пен күрес адамының көрінісі. Әдебиеттегі ең көрнекті типі биік үлгісі сөз өнеріндегі қаһарандқ дегеннің орасан зор тәрбиелік мәні де осында жатыр.