Әдебиеттануға кіріспе



бет28/35
Дата29.10.2022
өлшемі246,3 Kb.
#46096
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   35
Байланысты:
дебиеттану а кіріспе

Қара өлең ұйқасы: ааба

Жаздым жауап, замандас, - а Тілеуі бір балғын жас. - а Аманатын жүректе, - б Айрылғанша жоғалмас. - а



  1. Шұбыртпалы ұйқас: аааа Бәрімізге ай ортақ, - а Қайырлы болса, бай ортақ, - а Жақсы болса, би ортақ, - а

Көп жасаған көне ортақ. - а



  1. Ерікті ұйқас: абвгб

Бұлттан шыққан айға ұқсап, - а Тұр еді Назым нұрланып, - б Атлас көйлек үстінде, - в
Көк арбаға сүйеніп, - г Шыбықтай белі бұралып. - б



  1. Кезекті ұйқас: абвб

Ау, қызғыш құс, қызғыш құс, - а Қанатың қатты, мойның бос. - б Исатайдан айрылып, - в Жалғыздықпен болдым дос. - б



  1. Шалыс ұйқас: абаб

Өсекке салмаңдар, - а
Ойымды, жарымды. - б
Өлшеуге алмаңдар, - а
Ойым бек тарылды. - б



  1. Егіз ұйқас: аабб

Өсіреді күн нұры, көктем сайын жерге гүл. - а Мен іздеген сағыныш сарғалдақ боп сенде жүр. - а Мен бақытсыз әйелмін, жүрегі жас, өңі ескі, - б Менің жырым, мұңым да тарихтай көмескі. - б



  1. Аралас ұйқас: абвввггдв

Кебеже қарын кең құрсақ, - а
Артық туған Абылай, - б
Көтере көр бұл істі. - в
Көп Қытайдың жылқысы, - в
Тұрымтайдай құнысты - в
Жау жағадан алғанда, - г
Ит етектен алғанда, - г Ер Абылай қорыққан жоқ, - д Әншейін еңкейіс бере жылысты. - в



  1. Осы күнгі ерікті ұйқас: абабвгдгжд Далама біткен биігім. - а Қабіріңді жасырған ба қу жазық? - б Мүрдеңе келіп иілдім, - а Өр даусыңды іздеп кеудем құлазып. - б Сен, - в

Елімнің жапан шөлінде - г
Ақырай аққан сел едің. - д
Кегін де, жұрттың шерін де - г
Нажағайлы жырыңмен - ж
Көк нөсерге бөледің. – д
?! Тапсырмалар

  1. А. Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» еңбегіңде ырғақ туралы айтқан ойымен танысып, оны кесте, сызба түрінде бейнелеп жеткізуге тырысыңдар.

  2. 5 өлеңге Қосымшада ұсынылған үлгі бойынша талдау жасаңыздар.




  1. Көркемдік әдіс. Әдеби ағымдар мен бағыттар

Көркемдік әдіс – белгілі бір дәуірде көптеген жазушылардың шығармаларында қолданылатын, өмір шындығын суреттеу ерекшелігі, соны айқындайтын негізгі принциптер. Әдебиеттте, сондай-ақ көркемөнердің басқа салаларында бір бағыттағы жазушылардың, өнер қайраткерлерінің творчествосы идеялық нысанасы жағынан да ұқсас, жақын келетінін байқаймыз. Бір заманда өмір сүріп, бір қоғамдық ортада қызмет еткен көптеген жазушылардың көркемдік әдісінде ортақ-сипат белгілер аз емес екенін олардың тақырып таңдау, белгілі жанрлық түрлерді қолдану, адамның бейнесін суреттеу өзгешеліктерінен анық көруге болады. Мұндай өзгеше сипат- белгілерді көбінесе белгілі әдеби бағыт, әдеби ағым аясында қарайды. Ал көркемдік әдіс одан әлдеқайда кең мағынада алынып, жазушының өмірді бейнелеуде нақтылы болған яки болатын жағдайларды, өмір құбылыстарын тірек етуі немесе өмірдің өзі қандай болуы қажет деген өз ой-түсінігіне сүйенуі

  • осы екеуінің қайсысына көбірек мән беретініне сәйкес сипатталады. Бұл пікір алғаш Аристотельден бастап орнығып, кейін Белинский оны соңғы дәуірлердегі әдебиет тарихына сүйене отырып дәлелдеді. Көркем әдебиет пен өнердің бүкіл

даму тарихында әр дәуірде әр түрлі нақтылы сипат алып, үнемі бой көрсетіп келе жатқан негізгі екі көркемдік әдіс – романтизм мене реализм деуге болады. Әрине, өмір құбылыстарын осы айтылған екі тұрғыдан қарап түсіну, бейнелеу бір-біріне түгелдей қарама-қайшы нәрсе, олардың арасында ешбір байланыс, жалғастық жоқ деп санау қате болар еді. Оның бірі бар жерде, аз ба көп пе, екіншісі жалғаса жүреді. Бірақ қай жағы басым болса, негізгі сипаты соған сәйкес анықталады. Ал басқа көптеген әдеби ағым-бағыттар қалайда осы екі негізгі әдістің біреуін тірек етеді немесе оларды басқа бір қырынан толықтыруға, кейде, тіпті, солармен жарыса басқа бір жанама тәсілдер табуға тырысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет