Егіздеу, яғни параллелизм(грекше қатар жүру, қатынасу) – екі ұдай нәрсені, құбылысты, ұғымды, сезімді қатар қойып, жұптап суреттеу. Мұның түрлері көп.
Көк ала бұлт сөгіліп Күн жауады кей шақта Өне бойың егіліп,
Жас ағады аулақта.
Жауған күнмен жаңғырып, Жер көгеріп, күш алар.
Аққан жасқа қаңғырып, Бас ауырып, іш жанар.
(Абай)
Бұл – адамның көңіл-күйін табиғат құбылыстарымен салыстыра енгіздеудің, яки психологиялық параллелизмнің классикалық үлгісі.
Екі жаяу келеді:
Біреуінде күрек бар, лүпілдеген жүрек бар, Біреуінде күрек жоқ, жүрек бар да, жүрек жоқ. Бірі шаршап келеді, күні бойы жер қазып:
Бірі шаршап келеді, жолдасына ор қазып. Бірі үй сап, сол үйдің жылынуын тілейді: Бірі – орға досының жығылуын тілейді.
Екі жаяу келеді, ортасында – бір күрек:
Сол күректің астына қашан түсер сұм жүрек.
(Е. Ибрахим)
Бұл – ақиқат өмірдегі жақсылық пен жамандықты, солар қалыптастырған екі түрлі бітімді, осылардан туатын адамдық пен зұлымдық туралы екі түрлі ұғымды жарыстыра егіздеу.
Қыңыр болды не керек, - болайын деп болды ма? Бір үн болды керемет, - болайын деп болды ма?
(Ж. Нәжімеденов)
Бұл синтаксистік параллелизмнің бір үлгісі. Егіздеудің бұндай түрлері де ақынның тілі мен стиліне айтарлықтай ажар береді, өрнек төгеді, нәтижесінде өлеңге кәдімгідей кенеулі күй, сүйкімді әуез бітіреді.
Сөз тастап кету, яғни эллипсис (грекше – түсіріп тастау, аттап айту) – сөйлем ішінде немесе өлең шумағында атап айтпаса да түсінікті кейбір сөздерді әдейі жазбай тастап кету.
Ақ көбігің… ақ жүзің Сол майдандар… қатты айқас
Айнам еді бір қарар Есіңде ме, ер Айдар? Өткізген түнім… күндізім… Өшкен құрбан… аққан жас… Тербентер мені, ой салар. Өтті жылдар… көп айлар…
(Ж.Сайн)
Эллипсис кейде эвфемизмнің орнына да қолданыла береді: кейбір былапыт сөздерді бүкпелей жұмсартып жатпай-ақ, тастап кетсе де түсінуге болады: Мыс:
- Шап, әкеңнің… - дедім мен оған ақырып («Мөлдір махаббат»). Тілдің көріктеу құралдарының бәрі – бірімен-бірі өзара тығыз байланыстағы, қарым-қатынастағы, аралас-құралас жатқан және жарыса қолданылып, бірін-бірі үстеп, толықтырып жатқан нәрселер.
?! Тапсырмалар Көркем әдебиеттен сөздердің бұрма мағынада қолданылуына 5 мысал теріп жазыңыздар.
Қазақ ақындарының танымал өлеңдеріндегі сөздерді мәндес (синоним) сөздермен ауыстырып жазып келіңіздер.
Атауында антонимдік қарама-қарсылық бар көркем шығармаларды атаңыздар.
Қосымшада ұсынылған үлгіге сүйене отырып, бір өлеңге талдау жасаңыздар.
Төменде келтірілген мысалдан троп түрлерін тауып, анықтаңыздар. 1.«-Үйлерінде қонақ жоқ, оңаша шығар деп ем. Жаңағы арбаның үстіне тиеп қойған сақалдарың немене? Бұ қап-қап сақал жиып, базарға сатқалы отырсыңдар ма? – дегенде, ең алдымен ұзын тістерін ақситып ашып, Дәмежан сақылдап күлді....» (М.Әуезов. «Абай жолы». 4 – кітап, 9-б.).
Төмендегі мысалдар жазушы тілін байытудың көздері болып табылатын сөздердің қай тобына жатады?
«Дәмежан мүлде басқа. Ол, керісінше, шапшаң, ашық сөйлейді. Адамға тез қабысатын, жол мен жөнді өзі біліп басқаратын көшелі кісідей. Бұл үйдің еркегі ері емес, өзі тәрізді...» (М.Әуезов. «Абай жолы». 4 – кітап, 9-б.).
«- Құдайым, тегі, жақсыны да, жаманды да біздің Ырғызбайға берген ғой...» (М.Әуезов. «Абай жолы». 4 – кітап, 11-б.).
«Абай жүрегі қабынып соңғы кезде бір шақта талықсып та кетіп еді. Өзінің көз алдында қападан, қасіреттен осындай өрт шалғандай күйге түскен Абайды Павлов әкесіндей аяды». (М.Әуезов. «Абай жолы». 4 – кітап, 63-б.).
«Жазықсыз қылжаққа сәл күлумен қабат Абай көңілі аз ғана селт еткендей көтеріліп те қалды. Болмаса өз ойындағы үздіксіз мұңға, бүгін тағы талай тынышсыз ауыр шерлер, сырларды қайықшы Сейіл қосты. Әбіш пәтеріндегі жастар ажары мен аз әңгіме жүрек түкпірінде жатқан зіл қара тастай, салмақты дертті сейілткен жоқ-ты. Абай кеудесінде ол тек аз ғана шаққа ғана іркіліп тұрғандай болатын... Сол тұнған удай уайымды, тек жаңағы Өтегелді күлкісі біраз ғана бүркелей, ұмыттыра тұрғандай боп еді.» (М.Әуезов.
«Абай жолы». 4 – кітап, 50-б.).
«Елді жиып: «Уақты шабамын»» деп қол құрап жатыр. Ағама:
«Барымтаға аттанатын ат, сойылы сайлы азаматын әкелсін. Мен барымды салдым. «Ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді», келсін, жиылсын!» - деп жар салыпты. Міне, сол Оразбайдың жасағына барамыз!» - деп Әзімбай Әйгерім ұсынған қымызға жаңа бас қойды.
Төмендегі мысалдардан фигура түрлерін тауып, анықтаңыз. Оның мәтіндегі қызметін түсіндіріңіз.
«Осыған қоса, тағы бір үзік арман ойласа, әке арманы емес, халық арманына, қараңғыда қамалған ел арманына мегзейді» (М.Әуезов. «Абай жолы». 4 – кітап, 154-б.).
Алты малта ас болмай, Өзіңнен туған жас бала
Сақалы шығып жат болмай... (Махамбет Өтемісұлы).
Махамбет Өтемісұлының өлеңдеріндегі Исатай бейнесін сомдауда автор қолданған метафораларды теріп жазыңыз, олардың қызметін түсіндіріңіз. Мысалы: Исатай – қазанат.
Әдеби шығарма атаулының бәрі екі жүйеде – не көркем қара сөз (проза) түрінде, не өлең (поэзия) түрінде жазылады. Яғни, проза (латынша – тікелей, тура айтылған сөз); поэзия (грекше – творчество, шығармашылық).
Өлең – еркін сөйлейтін жай сөздер тіркесі емес, ырғағы мен ұйқасы белгілі қалыпқа түскен, шумағы мен бунағына дейін белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі.
Сөз сарасы, яғни өлең туралы арнаулы ғылым бар: орыс өлеңі туралы ойлар М.Смотрицкий мен В.Тредиаковский, В.Жирмунский, Б.Томашевский еңбектерінде кездессе, қазақ өлеңі туралы пікірлер Ш.Уалихановтан басталады. Өлеңнің түрін белгілейтін, негізінен, ырғақ. Ырғақ, ритм(грекше – шамалас, мөлшерлес, сайма-сай) – қимылдың, құбылыстың, үннің жүйелі,
мерзімді, мөлшерлі қайталануы.
Өлеңнің ырғақ жасайтын бөліктері: дыбыс, буын, бунақ, тармақ, шумақ, түйдек (тирада).