Әбілахат:
Файзолла ақын, барлық сының орынды,
Әр сөзіңнен ұшқыр ойлар көрінді.
Жақсы талап сөзсіз қарап жатпайды,
орындауға серт береміз сенімді.
оған толық мүмкіндік бар, сыр мәлім,
сол үшін де батылырақ жырладым.
алып күш ол – ауданымның жастары,
Қалап жатқан болашақтың шыңдарын.
Жас егінші люба, залдар секілді,
ашып жатыр ен күріштің сырларын.
Кенішбай мен Әбжәлидей ерлер бар,
Бағбандықпен аялаған гүл-бағын.
тусыраған жоны жалпақ кең алқап,
Билеп алдық Қызылқұмның қырларын.
Қос дария ортасында сәулетті,
ағыны зор алып, күшті тұлғамын.
мақтандың деп кінә тақпа, ақын дос,
Әр совхозда көрдің қызыл ту барын.
арамтамақ, маскүнемге сын айттым,
мен де біраз ойларымды тыңайттым.
Кешірім жоқ, сыбағасын беріңдер,
өзі дәрігер, Жұмашевтай суайттың!
тұңғыш түлек қазалылық ғаниды
1
,
Бір біз емес, барлық Шығыс таниды.
Қараңдаршы, сол есімді колхозға,
Кім де болса көркін көріп налиды.
Біраз сөздер айттық, қолмен санасақ,
аянбайық халық ісіне жарасақ.
Бейбіт өмір – бақыт алға сілтейді,
Шақырып тұр, алда балғын болашақ.
1
Ғани Мұратбаев – (1902-1925) Қазалы ауданында туған.
20
Қазақ өнерінің антологиясы
нансаң досым, мендегі сыр осы енді,
Халық сыншы, тыңдамайды бос әнді.
Басшыларың бұл сындарды ескерсін,
ал, Файзолла, көріскенше қош енді!
1957 жыл.
ХАМИДОЛЛА МЕН ХАМИТ
Хамидолла:
Хамитжан, қуанамын келгеніңе,
Жүйріктей ентелетіп желгеніңе.
ақ Жайық, әсем орал саған да ортақ,
рахмет ел сәлемін бергеніңе!
айтпаймын өлең-сөзді шыңдалмаған,
Әрқайда ондай өлең тыңдалмаған.
ынтық боп қалың жұртым отырғанда,
Жақсы ғой қошеметтен құр қалмаған.
Жыр десе шабытым бар тартынбаған,
суындай ақ Жайықтың сарқылмаған.
сенемін қосыларын бір күндерде,
теңізге осы жырым жалтылдаған.
сондықтан бола алмаспын жырға сараң,
Қаланың салтанатын сынға салам,
Пушкиннің, Чапаевтың, толстойдың,
Көшемде өкшесінің ізі қалған.
Білесің ауданыңның басшыларын,
Қаладан көмек күткіш «жақсыларың».
төрінде салтанатты театрдың,
өзің де келіп бүгін бас құрадың.
алма ағаш ажарлы ғой бұтақпенен,
Білімнің бұлағы бар кітап деген.
тек, әттең, малшыларға апарылмай,
Жатып қап ауданыңда жұтап келген.
21
Айтыс 4 ТОМ
үш мың тал отырғыздық қия белге,
Қатысып комсомол да, пионер де.
Жалынды жастық күшін аямадық,
Жүректің махаббатын сыйлап елге.
үй салдық горькийліктер үлгісімен,
Барып көр сенбесеңіз бір кісімен.
өткен жыл пайда болды жаңа көше,
Көзіңнің нұрын алар түр-түсімен.
Хамит:
ауданым мал өсіріп, даңқы шыққан,
елімнің еңбек сүйгіш салтын ұққан.
ыстық пен суықтарға төзе білген,
еңбектің күрескері бар шыныққан.
зерттедік ауданымның болашағын,
табысқа биыл тағы жол ашамын.
алғашқы совхоз болған қадамымда,
еңбекті бұрынғыдан мол жасадым.
салынды Қалдығайты су жүйесі,
Кең байтақ шабындықтың біз иесі.
Жұмылып мал азығын жинап алып,
ауданның артып отыр шөп үлесі.
Әрине, орал ортақ бәрімізге,
оралдың үлесі бар сәнімізде.
Бірақ та бұл оралдың бергенінен,
Беретін жақтары көп әлі бізге.
сөз етсек автобусты қаладағы,
Жұмысын әлі жөнге сала алмады.
Қасынан кезек күткен арылмайды,
Балықтай тізіп қойған «аралдағы».
облыс орталығы – оралыңды,
дейміз ғой қуаты көп, зор алымды.
Кезек көп дүкендерде, пәтер тапшы,
Жасырып қоясың ба соларыңды?
22
Қазақ өнерінің антологиясы
ақыным ел дәстүрін сақтай келдің,
сөйтіп сен оралыңды мақтай бердің.
Қаншама мақтасаң да оралыңды,
өзіңе бір пәтер үй таппай келдің.
егерде бөлген болсаң назарыңды,
тәртіпке келтірмес пе ең базарыңды.
Базарда саудагер бар, жымқырма бар –
Қалтаңды кірсең онда таза қылды.
сонда да мақтай бердің баспанаңды,
өзіңше қызықтырдың басқаларды.
Қалалық станция жарық бермей,
Шет көшең әлі неге тас қараңғы?
моншаңның жайын да бір ескермейсің,
сонда да біздің орал өскен дейсің.
Жаз болса белуардан балшық кешпей,
Көшеңе неге тасты төсемейсің?
ақсаусақ қалаңда бар айта алатын,
Қыдырып машинамен шайқалатын.
мінеки, осындай көп олқылықты,
ойлаймын, басшыларға айтар ақын.
Хамидолла:
рахмет, олқылықты сынағанға,
тағы кел қорытынды одан шығарғанда.
одаққа оралымның аты мәлім,
Жол беріп кемістікке тұра алам ба?!
ол рас, сайла дейсің пәтеріңді,
Көңілім бұған біраз көтерілді.
Бір күні аламын деп сеніп жүрмін,
секілді алыс емес жетер күні.
Хамитжан, жел сөзіңнің жүйесі бар,
мен айтсам саған айтар тиесі бар.
мақтаған Қаратөбең «қалыс аудан»,
дейтұғын: жұғып кетер күйесі бар.
23
Айтыс 4 ТОМ
Бірақ та, халқың батыр еңбек сүйген,
десе де «ескішілдік» қалмай жүрген.
сенемін ертеңіне ауданыңның,
Жасарып, жарқырарын жақсы білем.
тағы да сын айтамын шын сүйгеннен,
ешкімнен әнші мұқан кем сүймеген.
Келгенде ән мен күйге мақтасам да,
Шаруаңды жәрдем беріп мен сүйрегем.
сондықтан үйрен біздің өнегені,
саған да көп кемшілік ере келді.
«монша жоқ, медпункт жоқ, клубым жоқ» –
деп талай газетіңіз атай берді.
өткен жыл орындалмай міндеттемең,
сүріндің өте алмастан күнде өткелден.
мақтар ем келер жылы тағы айтысып,
Құтылсаң мынадай бір «індеттерден».
малыңды жайып семіз баға алмадың,
мұқтажын малшылардың таба алмадың.
Берем деп сәнді үй салып, товар әкеп,
оларды барған сайын тағы алдадың.
су тартып шыңыраудан шелекпенен,
малшы аз ба қыс-боранда безектеген?
оларға шығыр салып бермей жүрсің,
Басшы бар ауданыңда сөз өтпеген.
Басқа аудан өсіргенде жүгеріні,
сен оған сала алмадың жігеріңді.
Қалайша ет өнімін молайтасың,
Қойған соң күзде-ақ таусып сүрлеміңді.
өліп қап тоқсан үш қой декабрьде,
салғаны есіңде ме әбігерге?
Жиырма төрт сиыр мен тоғыз жылқың,
Жүр дейді «сайран салып» о дүниеде.
24
Қазақ өнерінің антологиясы
салақтау кейбір сенің мамандарың,
газетің айтып берді маған бәрін.
«Қалдығайты» совхозынан есіткенмін,
Будаковтай зоотехник ағаң барын.
Жүйрік тіл айтарынан жаңылмаған,
Хамитжан, кезек бердік тағы саған.
ерлерін енді еңбектің жырлап көрші,
Бар қандай ауданыңда дарынды адам?
Хамит:
өткен жыл болғаны рас кемістіктің,
Жасайды алғашқыда тегіс қып кім?
өткен жыл ұйымдасып, алдағы жыл –
айтарлықтай алдыңызда жеңіс күттім.
ермеков отыз жылдан бері қойда,
Көп жылдық тәжірибе жинап бойға.
айтарлық үлес қосып еңбегімен,
Жүлде алды мерекелік талай тойда.
Жас шопан Жолдығали, аққозы да,
Жайылды даңқы оның совхозына.
тоғыз жүз қойды аман өсіруде,
Көктемде ие болмақ көп қозыға.
совхозым алды мығым күшін жиып,
Жаңадан клуб салды кең де биік.
сахнада өнерпаздар концерт беріп,
Жұмысшы тыңдайды оны кеште ұйып.
тұрғын үй көбейтілді өткен жылы,
ауданда клуб салдық түсін мұны.
Жөнінде мәдениет Қаратөбе
оралға теңеседі бір күн түбі!
Жыр менен әнге бөлеп қонағыңды,
мақтады, Хамидолла, оралыңды.
Қалаңда сенің қандай озаттар бар,
тыңдайық, айтып өтші, соларыңды?
25
Айтыс 4 ТОМ
Хамидолла:
Қаламның еңбекқұмар дәстүрі бар,
Жүйріктер мыңнан озған көп табылар.
осындай бесжылдықтың ардагерін,
Жырласам қырандаймын көкке самғар.
Жырымның ең асылын арнағаным,
Кестелі жыр айтуға толғанамын.
озатпен дәйім ақын жақсы сырлас,
Жөн емес жалқаулықты қорғағаның.
ақыным, озатты сен мақтадың да,
Жалқауға пікіріңді айтпадың да,
Әлі де арамызда ақсаусақ бар,
Біреудің ортақ болар тапқанына.
рас қой сендерде көп ағай, жеңгей,
Батырлар қиындықты қоймас жеңбей.
Бірақ та көше кезгіш кербездерді,
Жүрсің-ау, досым әлі тізгіндемей.
Қақсайды кей совхоздың басшылары,
тапшы деп фермада сауын құнарлы.
таранған тоты құстай кей жеңгейлер,
секеңдеп еңбек десе, шошынады.
Кейбірі күйеуі әкім тарс ұрады,
түсінбей еңбек мәнін арсынады.
мұндайды сөзбен түйреп, ақыл үйрет,
демекпін жұртымыздың бұл сұрағы.
міндеттің бүгін қарап биігінен,
мезгілдің озып кеткен жүйрігінен.
Жайылбай, зағыпар мен Бористерім,
еңбектің батырлары елім сүйген.
тоқталмай кете алмаспын Қалидаға,
Бақытын еңбектегі таниды о да.
отанның саясында бақыт тапқан,
атақты депутат ол республикадағы.
26
Қазақ өнерінің антологиясы
Хамит:
Қуаныш біздерге де табыстарың,
демеймін, шет ауданмын, алыстамын.
тек қана қол жеткенге тоқырамай,
алда да арта түссін жарыстарың.
Қаладан село болып үлгі аламыз,
Қазірде жақындасып тұр арамыз.
Бірақ та кей жерлерде кемшілікті,
Біздерге көрсетіп те жүр қалаңыз.
дарынсыз оралда мех комбинатың,
сапасыз көп бұйымын шығаратын.
Белгілі директоры Боголюбов,
Әрдайым жиналыста сыналатын.
немкетті тіккен киім жараспайды,
Пайдаға көп былғары тағы аспайды.
зауыт пен комбинатың не себепті,
Халықтың қажетімен санаспайды.
Бірінен-бірі төмен пималардың,
Көргенде осыларды қиналамын.
дүкенде кейбір мебель қирап жатыр,
осы ма еңбекші елге сыйлағаның.
Бөлінген бір автобус біздің жаққа,
Келеді сағындырып сирек шаққа.
Жалпылдап брезенті жол шыққанда,
ұқсайды бұл автобус нар тайлаққа.
Қалаңыз неге сенің жол салмайды,
Болмаса жарата ма ол сондайды?
лақтырып бір шетінен бір шетіне,
машинаң жолға шыққан қисаңдайды.
Жүрмейді көп жерінде дұрыс сауда,
товарлар жең ұшымен жылыстауда.
Қаланың басшылары дәрменсіз бе,
Бағыттап, осыларды дұрыстауға?
27
Айтыс 4 ТОМ
сансыз бақ сүт аласың ауыл жақтан,
сен емес, бірақ оны дұрыс сатқан.
үйіне қонақ барса әрбір үйің,
Базарға шөлмек алып тұра шапқан.
оғаш қой, Хамидолла, осыларың,
айтыста мінін айтпас досына кім!
мақтаймын табысыңды мен де жырмен,
Қалайша кемшілікке қосыламын.
Хамидолла:
Білесің биыл берер миллиардты,
орындауға тиіспіз, партия айтты.
егінді аз салсаң да үлесті қос,
тағы да былтырғыдай болма ұятты.
директоры «Қаратөбе» совхозының,
Жұмақаев ағаңызға көп қызындым.
Жарыста мал қыстату кейін қалып,
Қойыпты «Қызыл туға» қол созуын.
намыс қой «Қызыл тудан» айырылған,
тезірек құтылсыншы айыбынан.
сәлем де туды қайта жеңіп алсын,
ел-жұртын жұмылдырып дайын тұрған.
«Қалдығайты» совхозында автолавка,
міндетін атқармайды көп уақытта.
Қаратөбе совхозында яслиің,
Жұмыссыз көптен бері тұрған жоқ па?
тоңса да оқушылар әр күн мейлі,
интернат аққозыда салқын дейді.
Қоскөлде клубың мен кітапханаң,
Жөндеусіз ішінде жел уілдейді.
ауданның басшысына сәлем дерсің,
сауда мен оқу ісін тез жөндесін.
Шонаев, ілиясов ағаларың,
Жақсартсын ауданыңды жұрт сенгесін.
28
Қазақ өнерінің антологиясы
ақынсың, әрі тілші газетіңе,
дөп келді, «еңбек туы» сөз етуге.
тап басып кемшілікті сынағанмен,
Байқаймын, дәрменсіз-ау түзетуге.
айтыстық әлімізше кезек сайрап,
Шарына өткір сынның тілді қайрап,
Жұртшылық өзі берер төрелігін,
тең тартып таразыға, орын сайлап.
Хамит:
орынды сындарыңа – алғысымыз,
Жұмсалар жетістікке бар күшіміз.
ақыным, қала халқын сендіремін,
үнемі болады деп алда ісіміз.
Қалған ел қызыл туды қайта алады,
есесін жібергеннің қайтарады.
өзің де, газетің де сонда менің,
табысын ауданымның айта алады.
1957 жыл.
АМАНЖОЛ МЕН БЕКБОЛАТ
Аманжол:
Қабыл ал сәлемімді жиын халық,
Бастайын бүгін тойды домбыра алып.
Кеудемнен жарып шыққан осы жырды,
тыңдар деп отырған жұрт ынталанып.
Бар халық өлең десе елеңдейді,
Көңілді көтереді өлең дейді.
Шымырлап, бойды билеп, ол әкетсе,
Балқиды жүрек түгіл денең дейді.
абайды, ыбырайды кім білмейді,
Қонған ғой соларға шын өнер дейді.
уағыз ғып ұлы горький өзі де айтқан,
Жақсы өлең ажалды да жеңер дейді.
29
Айтыс 4 ТОМ
үйіріп тыңдаушының жан сезімін,
сұлу жыр келіншектей көлеңдейді.
Көтерсек елдің даңқын, жердің даңқын,
Бұл адам, сөз жоқ, ғажап терең дейді.
уа, Бәке, айтысуға, құшақ жаям,
даңқыңыз Қараөткелге болған аян.
Қарт Бәке, сұлу сөздің шынарысыз,
Кең еді жас ақынға салқын саяң.
еркіндеп еркіншілік өсті ме екен?
ақкөңіл асыл аға, етші баян.
өзіңді аға тұтып сыйласам да,
Қалайша кемшілікті айтпай қалам.
Бекболат:
мақтаса іні ағаны серпіледі,
толқындай менен де жыр жөңкіледі.
Болғанда аға терек, іні бұтақ,
ежелден балғын жастар көркім еді.
еркіндеп еркіншілік еркін жастар,
теңіз боп астық селі көлкіп еді.
ауданың әлсіз болса кезек бер деп,
Қарт қыран тояттауға сілкінеді.
Шам алып, тітіркенбе бала бүркіт,
ұйқыңнан оятайын түртіп енді.
Байлығың асып жатса таласым жоқ,
Шарықтап, шығандап бір сілкін енді.
еркін ғой еркіншілік аспандай кең,
Келе алмас вишневкаң бізбенен тең.
Жарыста социалистік артта қалып,
Шегіртке болып жүрме босқа әндеткен.
Аманжол:
дегенде елім қандай, көлім қандай!
Құлпырған масатыдай жерім қандай!
еркелеп төсін сүйіп, аймаласам,
Барады туған жерге шөлім қанбай.
Жайылған атағы зор арқаға да,
ерекше тау емес пе Балтағара!
30
Қазақ өнерінің антологиясы
Бұл Бекең, осыма да дау айтады-ау,
мен биік, сенен де деп жорта ғана.
Білемін Бекең аға күш сарқарын,
Көрсе де біздің аудан үш шалқарын.
соғады-ау, сол көлін де қызғыш жоқ деп,
мақтан ғып барлы-жоқты құс, арқарын.
Бұл Бекең, кейбір сөзді ұлғайтады,
айтшы өзің тауың жоқ деп кім айтады?
Қоянды, Қоңырадыр, Жалғызағаш,
Біздерді білмейсіз деп сол айтады.
Жанқұла, тана, Жақып қамыстары,
Шулаған айдынбыз деп көл айтады.
мамырлап қазы қалған семіздіктен,
Көкпенкөк қаз отылы жері айтады.
Жер бар ма вишневкенің жеріндей деп,
мадақтап мен емес-ау, көп айтады!
осындай байлығымды білмей Бекең,
Қараңдар қазір маған жөн айтады.
Бекболат:
айттың ғой, аманжолым, жер байлығын,
Бір-екі қақсымақтың көл байлығын.
Жалғыз тұрған ұшқынды сонша мақтап,
тау ма еді Балтақара елге әйгілі?
тауым деп төбешікті мақтағанша,
Бар болса, неге айтпайсың кен байлығын?
алқалы алтын жерді мен жырласам,
атақты ереймен бар елге әйгілі.
ереймен – көркем сурет, жерұйығы,
алыстан көрінеді шың биігі.
аңдары құз басында ойнақтайды,
Құланы, арқары мен тау киігі.
Кербез ғой кермаңғаздай Күншалғаным,
ақдінді қатарыңа қоса алғаның.
сыртың егін болғанда, ығың пана,
мал кіндігі аталған бауырларың.
31
Айтыс 4 ТОМ
Бүркітті, тұрымтайлы егіз болған,
Бетегелі, жусанды адырларым.
Жырлаған талай ақын сені мақтап,
Бұл емес жаңа ауызға алынғаның.
өзен, бұлақ, көлдерім және есепсіз,
су сұрап сізге барып жалынбадым!
Жыр құйды көкейіме осы өнерім,
Шабытпен міне де мен ағындадым.
тауларым алатаудың шатқалындай,
Бұлағым асау терек аққанындай.
тұзым бар сырқаттарды емдейтұғын,
Бір түссең дертке дауа тапқанындай.
атақты аты шыққан жерлерім бар,
алтынды Бестөбедей кендерім бар.
оңтүстігін өлеңті алып жатыр,
аңқиды шөптерінің иісі жұпар.
тоқтатқан неше жерде бөгетім бар,
дариядай көзді тартып тасып шалқар.
Шыққанда балаусасы бұйраланып,
Жеріңе вишневка жеке татыр.
солтүстігін сілеті орап аққан,
Бал деп айтар суының дәмін татқан.
орныққан колхоз, совхоз өңіріне,
ырыс боп дәулетіме майдай жаққан.
Көлім бар, тауым бар деп қоқақтайсың,
мен желсем ілесе алмай шоқақтайсың.
ақыным ауданыңды мақтасаң да,
Жанында еркіншілік ноқаттайсың.
Аманжол:
уа, Беке, қададыңыз тың тұяқты,
өмірді өрлемесек бізге ұят-ты.
Кемсітіп қанша бізді айтсаңыз да,
Күтпейміз ешқашанда ұтылмақты.
Байлықты мен де өзіңдей еркін қаздым,
Жүрген соң саясында өмір жаздың.
32
Қазақ өнерінің антологиясы
Халыққа басқармадай есеп берген,
Жайынан мен сөйлейін мал мен баздың.
тоқтайын малдарыма көзің көрген,
мыңғыртып кең жайлауы өріске өрген.
Қол басса сүбесіне қозғалмайды,
Жері жоқ бақташымнан кеміс көрген.
Болған да жерім де бай, елім де бай,
Көденің әр түбінен қозы терген.
Бұл Бекең, қалай-қалай шайқаңдайды,
Қапы қап отырғам жоқ мен де төлден.
аппақ май тұла-бойы кере қарыс,
Белгілі шошқамыздан өнім өнген.
Көрдің бе, мамық жүнді құстың санын,
сары үрпек, қызғалдақтай балапанын.
Шұбырып мәрияға еріп жүрер,
дегендей, мен де сенің балақаның.
елімді еркін жүріп араладым,
мен көрдім малға толған аралдарын.
түлігім түгелімен семіз шықты,
ал, Беке, сіздің қалай қадамдарың?
Жақсыға ақыл айтса аңғарады,
Бұл Бекең табысыма таң қалады.
марқайса жетістікке көңіліміз,
Кемдікке ақын жаны шамданады.
сыйлаймын еркелетіп ақын шалым,
Болса да ақындығың жұртқа мәлім.
Кемістігін басшының бір айтпасаң,
соларға болып па едің жақын, шалым?
атқарды міндеттерін мамандарым,
мен айтсам сізге соның сан алуанын.
Қойлардан қозы әперді артығымен,
сейіт, Әкім, Боранбайдай шопандарым.
Әбу, рахым, нұрғали, Қабылдарым,
малдан бір қозғамады табандарын.
33
Айтыс 4 ТОМ
артықбай, сатыбалды, мәжиттердің,
артып тұр ел алдында дабылдары.
Және бар зәкәрия, даниярлар,
е, аға, соларды сіз көре алмадың.
Қоянды-Қойтасым тұр жердің құты,
дерсің бір мың құлпырған сұлу тоты.
Қарақоқты, Қарасу, Жарсорынан,
арылмас еш мезгілде жердің оты.
ысмағұл аман сақтап, қорғай білді,
Шығармау сыртқа шашау жылқы малын.
неше күн тас боранда белін шешпей,
Жүреді жігерленіп Баймұқаным.
Қозы мен қой өрісін көргің келсе,
«изобильный» совхозына келгін, шалым.
Бәрі шын дей алмаймын айтқаныңыз,
Кемдікте бүркемелеп жасырмаңыз.
өзіңіз түсінерсіз мән-жайына,
Болмаса мойынға алып тоқталыңыз ...
Бекболат:
ауданым көп орталық ағасындай,
Құндызды пұшпақ ішік жағасындай.
Көрікті мектептер мен мекеме бар,
атақты ақмоланың қаласындай.
Па, шіркін, орталықта клуб қандай,
Халқы бір облыстың тыныққандай.
Жаңа үйлер қысы-жазы салынуда,
өскенім осы емес пе толыққанды-ай.
неше қабат зәулім үй сәулеттенер,
Электр жарқыраса күн шыққандай.
аудан түгіл ферманың көбі осындай,
үлгіні бір-ақ жерден қорытқандай.
Көргенде сәулетімді вишневка,
Шайлығар жүрегің де қорыққандай.
он жылдық он бір жерде мектебім бар,
Білімнің ордасына молыққандай...
34
Қазақ өнерінің антологиясы
Жаным-ау, мен де көрдім ауданыңды,
Көргеннен білдім артта қалғаныңды.
үйің бар көз тартатын төрт-бес қана,
Құр бекер айтпасаңшы жалғаныңды.
Бар екен ауданыңда ескі клуб,
Қойыпсың әйнегіңді тағып-тағып.
есігі ашық жатыр шалқасынан,
Жүр екен ешкі-лақтар кіріп-шығып.
ауданның игілігін бір ойламай,
Кей басшы отыр екен қалай бұғып.
Жалғыз-ақ көзге түсер бір ісің бар,
салыпсың аурухана оғып-бұғып.
ал маған шындығыңда айтсаң етті,
Көп сумма тексерісте қайда кетті?
Басында ауданыңның суың да жоқ,
тасисың алыс жерден шаршап тіпті.
Кей балаң тартылмапты мектебіңе,
Шегініп артқа қарай кеткенің бе?
онжылдық үш-ақ жерде мектебің бар,
аманжол, осы маған жеткенің бе?
Аманжол:
Болмайды мұндай жайды елемеске,
Кемшілік, Беке, сізге ар емес пе?
арақтың желігінен желдей ескен,
мұғалім Бейсенбайың бар емес пе?
Көрдің бе «өрнек» тәртіп бұзғандығын?
ұйымын төбелестің құрғандығын.
Қалың жұрт еңбектеніп жүрген шақта,
Жол беріп баптистерге тұрғандығын.
Бұл сынау бірін-бірін соққан жоқ па,
таяқпен бірін-бірі соққан жоқ па?
«ленин» атындағы совхозыңда,
үш жігіт жараланып жатқан жоқ па?
35
Айтыс 4 ТОМ
ауданның заң адамы көрмеген бе,
Болмаса бұған көңіл бөлмеген бе?
маскүнем адамдарға тыйым салу,
олардың қолдарынан келмеген бе?
Кісінің жақсыларын асырарсың,
Қу, сұмды қалай бірақ жасырарсың.
серпухов, саттар менен саркездерді,
мен айтсам «айтпашы» деп бас ұрарсың.
Жыр айтсам жұмыссыз жан жатпасын деп,
айтқам жоқ көшені бос таптасын деп.
Колхоздың бастығының әйелдері,
Кім айтты еңбеккүнді таппасын деп?
осындай әлі де бар қарап жүрген,
аяғын кербез басып санап жүрген.
міндетсіп басындағы орамалын,
ерінің табысына қарап жүрген.
Жүніңіз желге ұшып толмаған ба,
Болмаса қымқыруды қолдаған ба?
Қоян да беруші еді бес жүз грамм,
Қойыңыз қоян құрлы болмаған ба?
Бекболат:
аманжол, баяндайын егіс жайын,
артылған салған егін жыл-жыл сайын.
сапалы салмағымның арқасында,
миллиардқа үлес қосу тұр ғой дайын.
ауданың ұлы тойға шегіншектеп,
таусылды маған қарап көзден майым.
еңбекте ерінбестен алға шығып,
оздырды тракторын сердюк дәйім.
слован, мовчан атты шоферларым,
үнемдеп үздік шықты жанар майын.
Жоспарын артығымен және орындап,
алда тұр еркіншілік ағатайың!
ақыным, айқайлайсың елім бай деп,
сақадай бес түлігім бәрі сай деп.
36
Қазақ өнерінің антологиясы
Қой, сиыр, шошекең мен құстарымда,
Шығын жоқ, жылқымнан да құлын, тай деп.
Кемшілік ауданыңда болған жоқ па?
сондықтан жоспарың да толған жоқ та.
санауға атын атап ұяламын,
Қарағым, мақтанудан енді тоқта.
Жданов, Киров атты колхоздардың,
Шығыны қанша болды сен ұмытпа.
теріден тон, елтірі ішік кисең,
ақыным, сонда саған жаман боп па?
«владимир» совхозы мінін айтсам,
Басқандай секірерсің жалын шоққа,
«40 жылдық» колхозында бар ғой кемдік,
Жасырып осыларды текке бұқпа.
сұлу жырсыз ешқашан жатпайтынмын,
ауданың төмен болса айтпайды күн.
Шарықтап шартарапқа құлаш жайдым,
өтірік Бекең қартың айтпайтұғын.
Достарыңызбен бөлісу: |