«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару бағдарламасы» бойынша жарық көрді



Pdf көрінісі
бет7/23
Дата15.03.2017
өлшемі1,09 Mb.
#9897
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23

Кенен:
Бар шығар ел болған соң, балшық монша,
Жатпайды мәдениетке мұның онша.
топырлап үйге сыймай отырады,
Бас қосып бес-он кісі қатар барса.
асыл сөз ақтарылар сермеген соң,
Бұл Кенен, сөзін қояр терлеген соң.
Халықтың бізге көңілі шат бола ма,
еңбегін екі еселеп бермеген соң.
есдәулет, Кенен болдық егіз ақын,
Біздерде өлең толған теңіз ақын.
Халыққа қызбалықты жырламасаң,
айқайлап құр бекерге неміз ақын.
ақтерегің, есдәулет,
он жыл бұрын орнаған.
ірге теуіп қорланған,
сонда да бізден озбаған.
«Киров» колхоз соң келді,
соң келсе де оң келді.
Көркейіп көше гүлденді,
сәулетті үйлер түрленді.
апорт алма албырап,
Бау-бақшасы маужырап,
Күні-түні өшпейді,
ильич шамы жарқырап.
өрендері ұл-қыздар,
он бір жылдық мектепті,
Көрген адам қызығар.
Шофер-токарь өзінен – 
Колхозға мүше кезінен,
Қос диірмен гүрілдеп,
Электр көрік дүрілдеп,
ақтерегің кеп жатыр,
Қызыққаннан ұнын жеп.
магазині өрнекті,
монша, кеңсем көрнекті.

110
Қазақ өнерінің антологиясы
Кітапхана, қызыл отау,
Балабақшам тұр анау.
Перзентхана үйінен
таба алмассың бір саңлау. 
Қой қырқатын агрегат,
Жабдықталып тұр әне.
малға сарай, қамбалар,
Шиферлаулы тұр бәрі.
ауылыма келді мөлдір су,
Фонтаннан атқып күміс бу,
Комсомолдан құрылған,
Көркемөнер думан-ду.
он жыл бұрын келсең де,
озатұғын түрің жоқ.
алпыс адам сиятын,
Әлі күнге клуб жоқ.
ақтеректе өнерпаз, 
ұлың менен қызың көп.
мен құсатып үйретер,
есдәулетім, қырың жоқ.
 1963 жыл.

111
Айтыс 4 ТОМ
ЕКІНШІ БӨЛІМ
(1970-1980)

112
Қазақ өнерінің антологиясы
КӨКЕН МЕН ҚАЛИХАН
Көкен:
а, құйыл жыр көмекейден келші саулап,
уа, сүйсінтші тыңдаушыңды бірден баурап.
арналсын алғашқы сөз шын жүректен.
өсірген партияға бізді баулап.
уа, сөз қозғап жүрегімнің тереңінен,
а, тыңдаушым Қазақстан көлемінен.
Көкшенің еңбекшілдер аттарынан,
сол елдің шашу шаштым өлеңінен.
елуде Қазақстан туған елім,
Жүз жаста ұлы ильич кемеңгерім.
Қос тойың қарсы аламын шашу шашып,
Жеңістің еңбек пенен теңеулерін.
сіздер де жаңалықтан қалмай қалыс,
Қарсы алу ұлы тойды емес алыс.
ғалымдар, ақындар мен тыңдаушылар,
тіліңмен сөйлерліктей бақыт табыс.
уа, ақынның тыңда жырын, бастамасын,
Жараса бір кәдеңе, тастамассың.
ал кәне, шын жүректен құттықтаймын,
алматы, Қазақстан астанасын.
сүйенер әрқашанда халқым тірек,
Біз болсақ жасарамыз күнде түлеп.
Көп ұлтты отанымыз мақсат бірге,
Коммунизм деп соғар біздің жүрек.
«адамға адам дос» деген ұранымыз,
марксизм-ленинизм құралымыз.
өзін емес өзгені де ойлайтұғын,
өсірген партияның ұланымыз.
Қалихан, сенің өзің жүрсің бе есен,
ал, жігітсің естуімше сөзге шешен.

113
Айтыс 4 ТОМ
«ерден ердің кемі жоқ» деген халық,
ауыз сөзге келгенде кетпес есем.
сайраған бір бақшаның бұлбұлымыз,
Жол берген Компартия ұлы көсем.
Біздерге атақ берген, бақыт берген,
Көп болмас миллион жылдар жаса десем.
айтысуға келгенде
Жеңілуді көрмеген.
аттың басын асыл жол
Бірдей болсын сермеген.
Күші артықтың ісі артық,
ұша қоймас желменен.
менің күшім халықта,
Бірге болдым елменен.
Жақсы бастық кездессе
Халқы болмас ермеген.
Халықтың жақсы белгісі,
Біздің берген астықты,
он жылда елің бермеген.
уа, келдің бе енді алшыңа Қалиханым,
таң қалдыр өнеріңмен жұрттың бәрін.
Көгілдір экраннан кеше көрдім,
Бүгін сол құлағымда салған әнің.
Қалихан:
айтыстан семейліктер бас тартпаған,
Әуелден шоқтық биік асқақтаған.
атақты төлеу менен сапарғали,
айғайсыз жүрегіне ас батпаған.
Баласы түнғатардың қарт нұрғали,
Жері жоқ төменшіктеп жасқақтаған.
Қайтпаған қара боран қайран ерлер,
Кетіпті сарқытынан тастап маған.
Бір тау бар біздің жақта Қара Қалба,
түксиіп түсі суық қарағанда.
ақтүтегі ат құлағын көрсетпейді,
Шатқалы қобыз тартып борағанда.

114
Қазақ өнерінің антологиясы
ал сол таудың көкжал арлан бөрісі бар,
түңліктей алсаң соғып терісі бар.
Бірақ қашан терісін сыпыртқанша,
Жем көрсе жайнап кетер «перісі» бар.
тап солмын бой ұрмаймын асылыққа,
Әпігім ақпа-соқпа басылып па?
Кәнеки, момындықпен шықса мүйіз,
асығып асқар киді жақсылыққа!
Қолыма он үшімнен домбыра алдым,
Кездесіп көрген емен тапшылыққа.
а, борасынын солтүстіктің ойқастайын.
Жаманға үрей, жақсыға ой тастайын,
айтыстың рүстем дастан палуанымын,
Қалайша мына топта айқаспаймын.
Қалихан менің атым суырып салма,
Бірі деп жай ақынның қапыл қалма.
Қасыңа серіктікке ерт мұсаңды,
Жаның қысылып бара жатса алда-жалда.
а, жатып ем екі күндей бұқпантайлап,
Келген соң өңкей дәулер қауіп ойлап.
Қырық жыл қырғын болса ажалды өлер,
тәуекел, шықтым міне, белді байлап.
айтыста ағат кетсем кешіріңіз,
Қажымұқан секілді екен кесіміңіз.
Жалғыз-ақ осы жұртқа ұнамай тұр,
екі ұшты Көкен деген есіміңіз.
еркек пе, әйел ат па Көкен деген,
не нәрсе әрі-сәрі секеңдеген.
Көкен-ау, шыққан затың кім болады,
саялы қандай жерді мекендеген.
Қойды екен құдай атқан қандай молда,
ат қойып бір тоқтыны жеді-ау сонда!
Кел Көкен, есіміңізді өзгертелік,
Қағазы ауыл совет біздің қолда.

115
Айтыс 4 ТОМ
Көкен:
несі бар атым болса Көкен деген,
Жігіт емес сен бірақ бөтен деген.
өзіңнен мені кемге санай берме,
мен де өзіңдей азамат ойнап-күлген.
ал, жарысқа шақыруда бар ма еді айып,
ойлап ем қарсы алар деп құшақ жайып.
Барлығымыз партия жаршысымыз,
Жақсыны жария ету бізге лайық.
ал, бірақ та Қалиханжан, асып кеттің,
өзіңше сондай болып тасып кеттің,
Бүгін емес, кеше мен шақырғанда,
домбыраңды алдың да қашып кеттің.
ал, сен жас боп, мен кәрі боп қалғаным жоқ,
айқаймен мені ұстайтын қармағың жоқ.
түптен тартып орнымнан қозғалмайтын,
дәл өзімдей қарасам салмағың жоқ.
Көкшетаудың атында облысым,
Көтерсем Көкше даңқын арманым жоқ.
таң қалған көрген адам Көкше қандай?
ауданы бар оның да руздайдай.
елімнің айыртауы, Шортандысы,
астықтың, еттің, сүттің фабрикасы.
Бар ма сізде, Қалижан, сондай жағдай?
Байқаймын көп жазыпсың сорып қалам.
а, ауыл мен айырғысыз қазір қалам.
Байлығы Көкшетаудың бөлек қой деп,
Қарағандай болады-ау ленин бабам.
Қалихан:
айтыссам маған кімдер тап бергендей,
тап берсем ол өзіме бақ бергендей.
Бұқтырма тасқынынша буырқансам,
Қай тоспа, қай бөгетің шақ келгендей?

116
Қазақ өнерінің антологиясы
алыппын сүрінсем де сыр бермейтін,
арқалап толағайды ап келгендей.
Көсіліп күнде мініп ақ жосамен
Қара ертіс, Көк зайсан деп ат бергендей.
Көкенжан, айтқан сөзге ашуланба,
Бұртиып өтіңменен күйіп-жанба.
Бұл жерге төбелеске келгеміз жоқ,
Әзілдесіп қойған жөн анда-санда.
ал, менің кенім алматы, Қарағанды,
Кәдеге солар ғана жараған-ды.
Көкше деген облысты, тіпті көзге ілмеймін,
орынсыз асқақтауың жарамайды.
темір мен цемент тапқан ақтауынан,
мал ішкен миллиондап бастауынан.
табасыз әсем сырлы лириканы,
Қалақшаны аударып тастауынан.
үстінде этажды үйдің қыздарым жүр,
төгіліп күміс күлкі шашбауынан.
ал, бұл Көкен мақтанады Көкшесімен,
Көкшенің сандық-сандық текшесімен.
айыртау, зерентауды қоса қоссаң,
Бір басар біздің Шыңғыс өкшесімен.
ежелден қол дарытпай денесіне,
антейді тік көтерген төбесіне.
алып қой геркулестей біздің семей,
ертерек саған әлі теңесуге.
сексен көл, тоқсан көлің – бәрін қоссаң
ертістің жұғын болмас өңешіне.
1970 жыл.
МҰҚАШ ПЕН МОЛДАБАЙ
Мұқаш:
Жеті өзен алатаудан құлап түскен.
Жосиды тура төмен жойқын күшпен.

117
Айтыс 4 ТОМ
суынан Жетісудың жұтқан адам,
Кісідей манаурайды қымыз ішкен.
Балқашқа барлық өзен құйып жатқан,
өнбойы шалқар байлық тұнып жатқан.
Балқашым ежелден-ақ байлық көзі,
Жағаға атқан таңмен сазан атқан.
Қыры мал, Жетісудың қойны күріш,
Көксу мен Қараталды етем мақтан.
Бір жылда қызылшаны мол өсіріп,
отыз ер омырауына жұлдыз таққан.
Бәрін де біріктірген бір ғана күш,
сен-мен деп ашылған жоқ шекарамыз.
табысқа желпінбейміз, желікпейміз,
Бірімізден біріміз үлгі аламыз.
озаттан оза шапқан үйренеміз,
еңбек пен іскерлікке шыңдаламыз.
сан жұртқа «сарыарқа» деп аңыз болған,
алтын дән қазынасы тың даламыз.
Қорғасын текелім бар ақтарылған,
ғасырда қазынам көп сақталынған.
алтын көп алатауда ашылмаған,
талай кен қопарармыз шатқалынан.
Қыры мал Жетісудың, қойны күріш,
тауынан ақтарылып жатыр мырыш.
Жайқалған жапырағы қызылшаның,
Бұл-дағы халқым үшін біткен ырыс.
үш алып заводым бар қант қайнаған,
Бағым көп балаусалы құс сайраған.
өрбітіп өзен суы өркенінде,
Беліңе бедер белбеу шорт байланған.
Кең жайық, талдықорған керегелі,
ортамнан отау тікті дөдегелі.
лениннің өзі бастап, ұран тастап:
«еңбек – атақ, абырой» деген еді.

118
Қазақ өнерінің антологиясы
орындап ұлы ленин өсиетін,
Беріп тұр Компартия өнегені.
данышпан партияның бастауымен
еңбекте өрге өрледі ел ерені.
тұрмыстан қысылмайды, қиналмайды,
Халқымның бәрі дайын, не керегі,
алтын дән, аяқты мал тел өсіріп,
асырдың міндетімді межедегі.
Жері кең, жемісі мол талдықорған,
Күн санап көгереді төңірегі.
Құмқойлы, талшақ қалың малға сыймай,
мың-мыңдап әр қорадан төл өреді.
Жасаған бар байлықты асыл адам,
Қиналып қиындыққа жасымаған.
Бұл елім нұрмолдадай ұл туғызды,
табысқа мастанбаған, тасымаған.
екі рет ер атағын алған нүкен,
Парсы мен индияға барған нүкен.
Бар еді-ау мол талабы, зор талабы,
деуші еді: «мол табысты алдан күтем».
талайға үлгі болды оның ісі,
оның да алға жеткені білім күші.
ғылымның озаттарын, жетістігін,
үйреніп жатыр елдің білімдісі.
Қиялым – қыран құстай ұшты-дағы,
ой жетелеп бойыма күш құрады.
ой жетпеске қолыңды жеткізетін,
еңбек қой ер мұраты, күш-құралы.
үлгі алған нұрмолдадан ерлерім көп,
олар үлгі секілді күш бұлағы.
соның бірі түтілбай, тілеужаным
Қадырлы Қараталдың қос тұлпары.
Шұбарда ескерткіш боп қалды мүсін,
сатпаймыз елімізге ер бейнесін,
...........................................................
төсінде қос жұлдызы ерлігі үшін.

119
Айтыс 4 ТОМ
Жырласам Жетісудың кең алабын,
Жадырап көңілім толып дем аламын.
еңбекте ерлігіңді еске сақтар,
Жас ұрпақ ұл менен қыз, балаларың.
Бұрыннан қалған бір сөз ұзын-ырға, 
ер туса деген сөз бар елге тұлға.
Жемісті Жетісудың қазынасын,
Біз де үлес қосамыз молайтуға.
ер өзін, ақын сөзін көрсететін,
еңбектің түскен кезі үлкен сынға.
алпыстың болсам-дағы алтауында,
Халқыма жалықпаймын ән салуға.
Жемісті жетістігін Жетісудың,
өлеңмен айтып берем бар қауымға,
Қуанышты қос мереке қарсаңында,
мүмкін бе қартайдым деп шаршауыма.
озғанбыз, жүлде алғанбыз жарыстарда,
сөзбенен бойда қуат, намыс барда.
айға да аспандағы талай бардық,
Жетпейтін жер шарында алыс бар ма?
лениннің жүз жылдығы құрметіне,
Жетерміз әлі талай табыстарға.
Молдабай:
Жырыммен бастап жиынды,
тісіме тілді қайрайын.
Көпшіліктің алдында,
Бір азырақ сайрайын.
табиғаттың табысы,
Көкіректің қағысы.
екі көздің аясы,
Басатұғын шабысы.
ал, енді мұқа көрейін,
сізге аяңдап келейін,
өсе берсін мерейің.
социалды даласы.

120
Қазақ өнерінің антологиясы
миуалы жемісі,
ссср-дың арасы.
Жиылып отыр бұл жерде,
Қарашы, міне, халайық,
ойдан, қырдан ақын бар
Қазақстанның баласы,
он алты облыстан жиылды,
астанаға құйылды,
сөйле деп бізге бұйырды.
неше күннен бері қарай,
Кезек күтіп сөйлеуге
отыр едім қысылып,
мойным кетті ұмсынып.
Жаңа жетті мінеки,
сөз берілді ұсынып.
Қалайын бір ұмтылып,
сөйлейін бір құтырып,
Бала құстай жұтынып,
Әуелінде тамсанып,
Көзім салдым мәкеңе,
Кезек бер деп аңсарып,
айтысам деп қасында, 
Бақ-дәулетім басымда;
енді жұртқа термелеп
сөз сөйледім осында.
Мұқаш:
ұлы совет халқында,
лениннің нұры бар.
Құлағыңа құйып ал,
Компартия үні бар.
елжіреткен жүректі
Бақытты елдің тілі бар.
Барлық тілде жырланар
өмірінің жыры бар,
Бұл жырымның ішінде 
тоқсан толғау сыры бар.
Жырымның аты – «ленин»
сырты жұмыр, іші бал.

121
Айтыс 4 ТОМ
Көктен көркем, көлемді,
Қолымда ленин туы бар.
ту астында топталған
ұлы менен қызы бар.
Қос мереке қазақта
Қалыс емес ұл-қызым
есен болсам бұрылар.
ал молдеке, шақырдың,
мені бүгін ортаға.
Білген жанға сыйласу,
Біреуден біреу қорқа ма?
дәм-ризық болмаса
мезгілсіз адам жорта ма?
асқар ақын алдында,
мына отырған Қалқа ағай,
Әнеу күні бір сөзін,
сипап өтті-ау байқамай.
ұядан құс ұшпайды,
Бала болып шайқалмай.
іші тар екен игібай,
отыр екен айта алмай.
Жасынан бірге өскен соң
алатауда аршадай
Қоңды, биік наршадай.
есітіп білген он жырын
игібай барсын арқаға-ай.
Баласымен кездесіп,
Құмары кетті тарқамай.
ал, домбырам, зарылда
ор қояндай бұлтылдап,
тіл-көмейім, сөйлей көр,
май жаққандай жылпылдап.
оң саусағым, ойнап бақ
Шақпақ тастай жылтылдап.
Ән мен жырға кейбіреу
Шебер келер қутыңдап.
Қартайған соң буының
Келмейді екен сыртылдап.
Қыз, бозбала мазақтар

122
Қазақ өнерінің антологиясы
азар болса сыңқылдап,
ақын келсе аузымнан
сөз төгілсе сусылдап,
анда-санда тозаңым,
Бір көрінсін бұрқылдап.
төрт күн жазып газетке
мазамды алды-ау қыңқылдап.
Біреудің сөзін жаттап ап,
ақынмын дейсің сұңқылдап.
Молдабай:
Жетпіс алты жасым бар,
Көпті көрген басым бар,
сөйлегенде көпіртіп,
таситұғын нашым бар.
Пролетардың ұраны,
лениннің кешегі,
тастап кеткен құралы.
екі көзі маңдайда,
Жайнап тұрған партия
Комсомолдың шырағы.
Байқа десең мінеки,
домбыраны қолға алып,
ақындарың ұрады.
түп нағашым сүйінбай,
өз нағашым Жамбыл-ды,
айтар сөзге даңғыл-ды.
осылардың ұранын.
Қолына алды молдабай,
Әрлі-берлі ағылды.
Қызыл тілім, сайрағын,
абайдың ұранын шалқытып,
Қызыл тілім бұлтылдап,
отырмағым былқылдап.
мұқаш келген кезінде,
Қайтармағым жылпылдап.
Мұқаш:
ақындар домбырасын қолға алмаса,
Қырандай екі иығын қомданбаса.

123
Айтыс 4 ТОМ
өрге өрлеп, өрге сүйреп, қияға ұшып,
атқан оқ, жанған өртпен қорғанбаса.
а десе аузынан маржан төгіп,
сөзінде айтылмаған сөз қалмаса.
тыңдаушыны балқытып қорғасындай,
отырған жан орнынан қозғалмаса.
уа, шіркін пәлен ақын дегендей-ақ,
Кәрі, жас бола ма екен таңданбаса.
Батыр менен ақынның тілегі бір,
оза шауып бола ма олжа алмаса.
Қалың халық қарайды басшысына,
Басшы ма қара суды қақ жармаса?
Басшы да батыр еді-ау ақын да сол,
адасар енді ақылдан аңғармаса.
алатау көкорайлы асқар әнің,
Бәрің де дәмін таттың астананың.
тәтті жыр, сұлу күйді толқытасың,
Қуанышы кәрі менен жас баланың.
Әрқайсың өнер еңбек иесісің,
Қасыңа келмесем де шаттанамын.
Халықтың тілегіне тілім жеткен,
Білгенде мұны нағып жасқанамын.
ой өрбіп, қиял ұшты қанат қағып,
Көкіректен көп сөзді ақтарамын.
Коммунизм таңының тамашасы,
елімнің дәулетіне мақтанамын.
Бейбітшілік белгісі – ленин туы,
осы тудың түбіне топталамын.
Бүкіл елдің бейнесі Компартия,
алдым ашық мен неге тоқталамын.
дәулетіне халықтың өлеңім сай,
Қолға алып домбырамды атқарамын.
алматы облысын аңғарыңыз,
Жамбыл баба атында ауданыңыз.
талдықорған еліне жолаушылап,
молдеке, бар ма өмірде барғаныңыз?
ауылыңнан айналып шықпай жүрсің,
Көңіліңде кетеді-ау, арманыңыз.
өткен жылы, хал-жайың қалай болды?

124
Қазақ өнерінің антологиясы
Қырылды деп естідім бар малыңыз.
абыройды алғанның біреуі едің,
Жерден ауыр бұл күнде салмағыңыз.
Шопандарды қыдырып жүруші едің,
сіздің де қайырлы екен барғаныңыз.
Қанша шопан қалыпты таяқ ұстап,
Қазір қалай болып тұр хал-жайыңыз?
малыңның биыл қалай жемге құлқы,
Керекті ауыз судың бар ма сиқы?
«отыз жылдық», «Қарасу» колхозынан
Базарға айдатыпты төрт жүз жылқы.
Барар жерге жете алмай ақ қар басып,
Болғаның есіңде ме елге күлкі?!
Молдабай:
айтыссаңыз, келіңіз
алдымен кезек беріңіз,
сонан кейін, мұқашым,
Біздің өнерді көріңіз.
Күлме, мұқа, ақыным,
алыс емес жақыным.
осынау қыстың бораны.
талай елді орады.
Қаптай жауып қалың қар,
Жапты тегіс даланы.
ақбөкен, марал маңырап,
ауылға келді дала аңы.
ақ бораны арқаның
ақырып алты ай борады.
Жабылды жолдар торабы.
самолетпен жем тасып,
вертолетпен шөп шашып
Бұзып бердім қораны.
Болмаған соң оған да,
Бөліп алдым үй сайын
аналық малды балалы.
мал басын сөйтіп сақтадым,
Жаппа, ақыным, жаланы!
Қайдан білсін қалалық,

125
Айтыс 4 ТОМ
тұз шашатын көшеге,
тайса қардан табаны.
«таяқ ұстап қалды деп»
табалама малшыны.
асың үшін алғыс айт,
ақын болсаң саналы.
1970 жыл.
МАНАП ПЕН ӘСІМХАН
Манап:
ассалаумағалайкүм!
Қадірменді, халайық,
ата салтпен әуелі,
сәлемдесіп алайық.
думанды той, тамаша,
отауы ғой астанам.
тыңдаушы жұрт қаласа,
төгейін жыр, асқақ ән!
мерекелі күнінде
Жыр алыбы Жәкеңнің,
арқам қозып менің де,
арқалы жыр әкелдім.
сөз кезегі келгенде,
толғап-толғап кетермін.
сән бермесем дүбірге,
ақын демек бекер кім.
Шаршы топта мақұл ма,
Барды ортаға салмаса?
сын болмай ма ақынға,
Шалқып-шалқып алмаса?
сыр бойынан мен келдім,
сүлейлердің
1
 мекені.
1
Сүлей – жыршы-жырау, ақын-шайыр мағынасында.

126
Қазақ өнерінің антологиясы
сыр туралы сыр шерткен,
ақын болып кетеді.
сырда туып, сырда өсіп,
толқынымен түлегем.
сылдырымен тілдесіп,
Жолдас болды бұл өлең.
сылаңдаған сұлу сыр,
еңбекпенен түледі.
Әрқайсысы дастан-жыр,
сырдың сарбаз түлегі.
сырда малды өсіріп,
сырда баптап күрішті.
сыр тіл қатты шешіліп,
сырдан таптық ырысты.
Жасыл желек жамылып,
дала жайнап барады.
ала алмайсың айырып,
ауыл менен қаланы.
сол сырымның бойында
«ақмешіт»
1
 дейтін қала бар. 
Қазақтың «ленинграды»,
Қызылордам саналар.
алматының ағасы,
екенін тарих тән алар.
ұлы тойға жүрерде
«сыр елінің сәлемін,
деп ед маған, – ала бар!»
сол сәлемді қабыл ал,
Жасы кіші – іні, қарындас,
Жасы үлкен – апа, ағалар!
Жасқа келсе, ағасың,
Шашқа келсе, інісің,
2
 
1
Ақмешіт – қазіргі Қызылорда қаласының 1925 жылға дейінгі аты.
2
Бұл арада шашының ертерек ағарғанын меңзеп отыр.

127
Айтыс 4 ТОМ
Болсаң егер шамалар.
алматылық ақыным,
сен де осал емессің,
назым сөзден сыналар.
Әсімхан:
Халқым да міндеттеме қабылданған,
Күн сайын іріленіп тамырланған.
атынан еңбекшілер құттықтаймын,
съездің қаулысымен қаруланған.
алматым – Қазақстан астанасы,
Білімнің кілті осы жер бастамасы.
маман боп миллиондаған өсіп жатыр,
Қазақтың қарапайым жас баласы.
айтыссаң, манап, сені қарсы аламын,
Шырқатып бөгелместен ән саламын.
Көрген бар, көрмеген бар мұнан бұрын,
сәлемет аманбысың, баршаларың?
сен болсаң Қызылорда – алыстағы,
Жақсының жер жарады дабыстары.
сыртыңнан «сыр сүлейі» естуші едім,
отырмын халық алдында танысқалы.
Қарияң Жақаевтай күйлі жүр ме?
отырсың меніменен қағысқалы.
мейман боп, манап, бізге төрлегенсің,
айтыста ақын жыры термеленсін.
тойына Жақаевтың шақырмадың,
Шай беріп, ата сыйлап көрмегенсің.
Кешегі өзгерді ме Қызылордаң,
түсті ме түйеге артқан ала дорбаң?
аралап ауылымды көріп тұрсың,
Бізге ұқсап жүремісің асфальт жолмен?
Бұл тойда ақын да бар, жыршы да бар,
Бұл тойда ғалым да бар, сыншы да бар.

128
Қазақ өнерінің антологиясы
аузыңды бағып сөйле, ақын манап,
газетке жазатұғын тілші де бар.
ұстазым үмбетәлі айтып кеткен:
«айтысқан ақыныңды шымшылап ал».
атақты алатаудың ақынымын,
Көмейден меруерт жырым сапырылғын!
өзіңдей шаң-шаң болып жүргенім жоқ,
Құрметпен астанаға шақырылдым.
тойына Жамбыл атам келген болсаң,
Әкелген мәнісін айт тартуыңның.
Әңгіме жақсы айтылсын тамырланып,
Бір сөзді екі-үш айтып жаңылмалық.
ауылыңнан ардагерлер сәлем айтса,
айта бар, ол сәлемін қабылдадық.
Біздің де сәлем айтты егіншілер,
тыныштық пен достықты елім сүйер.
елімнің шаттық көңіл кең байлығын,
Жетісу қасиетті жерім сүйер.
Жолдаған көпшіліктің сәлемін ал,
Бүгінгі ұлы тойға келушілер.
Манап:
Әсеке, елің-жұртың аман сау ма,
Жеңешем, ауылдағы балаң сау ма?
Жетісу – жеті арна ел мерейін,
өсірген қазыналы салаң сау ма?
Қырмызы гүл жамылған қызғалдақты,
Шұрайлы кілем түстес далаң сау ма?
алты рет алатауды айналып кеп,
Жылы леп беттен өбер самал сау ма?
сол маңда егін баптап, мал өсірген,
еңбекші батыр тұлға адам сау ма?
менімен айтысуға бел буыпсың,
ағажан, айтыс деген жаман сауда!
Қызылорда – ақ күріштің ақ сарайы – 
сен де мақта, мен де енді мақтанайын!

129
Айтыс 4 ТОМ
таңданды америка, Куба, Қытай,
неміс пен французға тоқтамаймын.
дүниені талай рет жалт қаратқан,
ардақты Жақаевты бақ санаймын!
Қазақтың атын жайған мақтанышы,
Шетелдік таныды оны басқа ағайын.
Білмеймін түйеңді мен дорбаменен,
Жол жүрем «москвичпен», «волгаменен».
аспанға ұш, мейлің жерде жүрсең дағы,
Кетесің старт алып жолға менен!
Жақаевты сұрадың,
тойына бірақ, бармадың.
Қос жұлдызды тақса да,
Жиылып елі жатса да,
Халқына назар салмадың.
Жамбылдың тойын құрметтеп,
Қошеметтеп келсем де,
алдымнан күтіп алмадың.
Қонақ үйде жатқанда
есімнен шықпас, Әсеке,
орнымды тартып алғаның.
Жазығым не, бұл жерде
Баспанасыз қалғаным.
осыған әуел жауап бер, 
Көрерміз сосын ар жағын.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет