«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару бағдарламасы» бойынша жарық көрді



Pdf көрінісі
бет4/23
Дата15.03.2017
өлшемі1,09 Mb.
#9897
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Темірбек:
айта бер ақын інім, толысыңды,
Байқармын мен де сенің шолысыңды.
Берермін сұрауыңа кейін жауап,
айтайын сәулеттенген қонысымды.
 
Бос жатқан еді бұрын жапан дала,
астынан жеміс өнді бара-бара.
таусылмас кенді қазып қопаруға,
салынды шахтерлерге жаңа қала.
Қатарласа қарашы бойың көтер,
мұндайға сенің қашан қолың жетер.
үш көше сәулеттеніп жарқырап тұр,
үй салдым көлемі үш мың шаршы метр.

55
Айтыс 4 ТОМ
мен жатыр ем деп жүрме өзі тиді,
өнім артық алады берген сыйды.
ауданның көлемінде сексен мектеп,
Бұл мектепте сегіз мың бала оқиды.
ішінде оқушының өскені бар,
Білімнің жаңалыққа көшкені бар.
дайындап білімпазды шығаратын,
ауданда механизм мектебі бар...
Біздің ел озамын деп байып отыр,
Құлашын жарысам деп жайып отыр.
дайындап бар сайманды жаңа жылға,
Жоспарды орындауға дайын отыр.
ақынның таусылмайды айтса жыры,
Керемет түгел айтса іштің сыры.
«Победа» колхозында тегіс бітіп,
дайын тұр жер жыртуға тракторы.
айтпаймын аз жұмысты ауыз толмас,
Басқалар жетемін деп әуре болмас.
істеген басшылықты ынтасымен,
дейді жұрт «бригадир инчук жолдас».
Кемістік неге айтпайсың бар шыныңды,
Жоспардан біз береміз артық мыңды.
Күшімен механизм қопарамыз,
Жаңадан жүз мың гектар қара тыңды.
сәулетті көрінбейді салған үйің,
Барлығын жасырмаңыз қандай күйін.
ауданда тамағы жоқ шайхана тұр,
Қонаққа қайда сенің қылған сыйың.
орынсыз дей көрмеңіз мені сөкті,
ауданда баратұғын қонақ көп-ті.
тамақты мезгілінде пісірмепті,
Жоқ дейді істейтұғын продукті.

56
Қазақ өнерінің антологиясы
тарады дәнеме ішпей жиылған көп,
Басшылар ойламапты тамағы тоқ.
айтылар мұнан кейін тағы бәрі,
Жайылған столында дастархан жоқ...
мен сондай аралауға болдым құмар,
сезімнің жиылған көп мінін сынар.
Бар екен екі дүкен, қызыл бұрыш,
«демалыс, ашылмайды», – дейді бұлар.
Қараңғы көріп едім, барған түнде,
дүкені жоқ демеймін басқа мүлде.
Жазбай-ақ дежурка деп ат қойыпты,
ас сатып тұр трактор вагонында.
Болдыңыз ауыр жүкті көтерген жан,
Келмейсіз қай жағынан сіз маған пар.
Клубымда күні-түні ойын-сауық,
он жеті семиозерде магазин бар...
алдымда зымырайсыз желген аттай,
өткір тіл өлтірмей ме жанға батпай,
Жетерлік енді сізге болған шығар,
тоқтайық сөздің артын көп ұзатпай...
1957 жыл.
МҰСА МЕН ҚҰДЫКЕН
Мұса:
Жүрсің бе сау-саламат, ақын құрбым?
сен-дағы бұлағы едің сұлу жырдың.
атым – мұса, танысалық қол алысып,
ақындық дәстүрімен, сөзден бұрын.
ал, құрбым, жөнелейін толқындатып,
маржандай сөз асылын түптен тартып.
мен болсам Көкшетаудан қалағаның,
өлеңді жіберейін көшіңе артып.
Шақырсаң майдан жерге, жекпе-жекке,
Қорғалап Чистопольдай қалман жатып.

57
Айтыс 4 ТОМ
ақыным, әділ сын ғой көңілге алма,
өткір тіл шымбайыңа кетсе батып.
салайық таразыға екі ауданның,
Байлығын ақ алтындай жатқан шалқып.
Құдыкен:
өзің де амансың ба, ақын мұса,
Жасыңнан өлең-жырға жақын мұса.
Келіпсің айтысуға айыртаудан,
сұңқардай шабытыңды шақыр, мұса.
менімен айтысам деп дәмелендің,
отырып қалып жүрме тақыр мұзға...
Мұса:
ал, сайра, бұлбұл құстай қызыл тілім,
сайрайтын келді кезек саған бүгін.
Қолбасшым партияның нұрыменен,
ырғалып қанат қақсын асқақ жырым.
Партия десем бойды жігер кернеп,
Құйылар сөз асылы жүрек тербеп.
Қайнайды бойда қуат, қайрат күшің,
Жайлайды жайлауымыз ерлік еңбек.
Қонысым саумалкөлдей жер шұрайы, 
Шалғыны кең суатты, малға жайлы.
Бес түлік малдарымның бәрі күйлі,
Шығады түгін тартсаң қарыс майы.
Кешегі сері ақанның туған жері,
Ән салып, сауық-сайран құрған жері.
ұрпақтың ұрпағына аңыз болған,
топ жарған тұлпар тұяқ Құлагері.
Қос өркеш, нар келбетті айыртауым,
ерге азық, тарыққанда болған сауын.
туғызып талай батыр саңлақтарды,
Ән-күйден алқа жапқан омырауын.
отыз бес мың гектар жерге егін салып,
Көшіне коммунизм алтын артып.

58
Қазақ өнерінің антологиясы
айыртау атындағы совхозымыз,
ен жайып, жарқын келіп жатыр шалқып!
сүті мол сиырларым – асыл тұқым,
Келісті, еті қалың майлы құтым.
лықсып арнам толды ақ қаймаққа,
Болған соң жылы қора, жақсы күтім.
үш жылғы табысыңды алады орап,
тек қана өткен жылғы сауған сүтім.
Қазына, құт орнаған саумалкөлім,
ақтайды құнарымен ел еңбегін.
орденді, еңбек ері атын алған,
соның бірі - атақты тұрлыбегім!
Көрсетіп қадамынан үлгілі істі,
еңбек десе бел шешіп алмас демін.
Қайыржан, төлеу, өтеш, Әбділмандар,
ісіне бәрі маман, өңшең өрім.
Құрылған шым болаттан берік шебім,
Құр мақтан емес сөзім айтқан менің.
Кем емес жұмсақтығы құс төсектен,
оранып ақ бөстекте жатыр төлім.
Құдыкен:
Болса да ауданым жас жасқанбаймын,
Жыр менен өлең десе аспандаймын.
толтырып сырлы сөзбен кемдігімді,
мен сендей жай олжаны жастанбаймын.
айыртау дедің маған жер шұрайым,
Қазаннан жерің бар ма асқандайын?
Білесің бізде де бар ондай көрік,
Қалайша мен оныма мақтанбаймын.
табысы артып отыр жылдан-жылға,
Жаңадан бораздалар тартып тыңға.
Биыл да зор байлықты игермекпіз,
дабылға біз көтерген қанықсың ба?
еңбекке еселеген, жігер қосқан,
ауданның үндеуімен таныстың ба?

59
Айтыс 4 ТОМ
тұқымды құйып алған қамбасына, 
Күтіп тұр колхоздарым жазды асыға.
аламыз әр гектардан артық өнім,
менімен шамаң бар ма сайысуға?
үйлерің шымнан салған, шалаш күрке,
неге сен жөндемедің шамаң келсе.
селкілдеп тіреуі тұр құлағалы,
мектебің, астық қойма, ескі кеңсе.
егіске дайындалу жоқ ойыңда,
өлеңмен алқымыңнан алайын ба?
Шашылып айыр, тырма, жарма, қамыт,
Жөнделмей әлі жатыр сарайыңда.
аулыңда көз тартатын жалғыз клуб.
оның да терезесі қалған сынып.
ішінде не бар, жоғын кім біледі,
Бір адам маңайламас халін біліп.
Қысы-жазы кино көрмей колхозшыңыз,
ренжулі көрінгенге арыз қылып.
алты ай бопты ішіне жан кіргізбей,
есігін күзеткелі қара құлып...
Барайын енді аяңдап сартүбекке,
салайын кемшілікті жалпы көпке.
алады ертеңгі күн қандай өнім,
тұқымды сол қалпымен барып сепсе?
Қоймасы астығыңның тұрған қалт-құлт,
Кетпей ме күн жылынса суға қалқып?
Бидайда сапа болмас оған жиған,
өзі шым қабырғасы ашық-тесік.
астықты жатыр інге тышқан тасып.
осындай кемшілікті көзбен көріп,
мұның да көмегі бар игі іске,
Кінәлап ешкім бізді жатпас сөгіп.
1957 жыл.

60
Қазақ өнерінің антологиясы
БАЙМҰҚАШ ПЕН ШАБАЛЫ
Баймұқаш:
Қырандай қалықтаған қиядағы,
аққудай қанат жайған тұмадағы.
Жез таңдай, жыр жебеген сылдыр көмей,
асқақ ой ақын жаны бұла-дағы.
толғанса төгілмей ме сөз тасқыны,
өзендей жөңки тартқан құламалы,
ашпаса ән арнасын осындайда,
ақынға кешірмейтін күнә-дағы.
айқайға алайын бір басып-басып,
Шашуым болсын көпке ұнағаны,
мұндайда күйбең қағар күшеншек жан,
Шалшықтай жылап аққан жырадағы.
телегей теңіз етіп шалқытайын,
Халқымның өлең болса сұрағаны.
ардақты малшылардың арқасында,
Шалқымай жаным қайтып тұра алады?!
Күміс көл көбік атқан, жерім жәннат,
Балқұрақ, көкорайлы шығанағы.
ақ көлім, ақ ару ғой аршын төсті,
Қаусырған құшағымен сай-саланы.
Құлшынған еңбек десе, ерлерім көп,
мал, егін қайыстырған кең даланы.
Бергендей соның нағыз куәлігін,
отырған мына жиын мың қаралы.
Келіпті көктей өтіп колхозынан,
«советтің» шаң жұқпайтын мұз табаны.
ежелден салғыласқа жаны құмар,
сөз сауған қира кезік бұл Шабалы.
Қояды қозғалақтап қарап маған,
мін тауып, ілік іздеп сынағалы.
несіне дүр атандым Баймұқаш боп,
тартпасам төрт есе қып сыбағаны?!
Шабалы:
советтік ұлы дәурен заманында,
мен өстім жыр тамылжып тамағымда.
Шоқтығы өркеш-өркеш тау тізбегі,
арқаның аулым жатыр алабында.

61
Айтыс 4 ТОМ
сеңгір тас аққайыңға иек артып,
Кер құлжа асыр салған алаңында.
дәулетім өрбіп күнде етек жайған,
өлкемнің сыймай шалқып табанына.
сәлемім сеңгір тастың сөресінен,
Құт қоныс, кең жайлауы дөңесінен.
Шетіне көз жетпейтін көк орайы,
өзеннің аққан асау көбесінен.
Жіберген өкілдерін осы тойға,
Шаршы топ колхозшының келесінен.
Коллектив болып шешкен барлық істі,
ауылым ақтайлақтың кеңесінен.
айбынды совет аттас колхозымның,
мыңғырып мыңдар өрген белесінен.
ерлер мен еңбектегі аруымнан,
Халқымның көпті көрген кеңесінен.
о, Байке, жаңа мені шалдың неге?
Қанжардай өткір тілдің жебесімен,
төрт есе сыбағаны сіз тартқанда,
Боларын қайдан таптың бересі мен?
Баймұқаш:
еске алып октябрьдің ұлы күнін,
Шаттықтың шабытымен шалқыр үнім.
толысып тұрғанымда қысым жаз боп,
Жетілді сағат сайын өнер-білім. 
Жасанды Жер серігі жүрген жоқ па,
түгендеп дүниенің бар түкпірін.
лениндік партияның жебеуімен,
Бақытпен масайрады өмір-гүлім.
отырмыз қырық жылдың қарсаңында,
ойыңда бар ма, сірә, Шабал інім.
тартуға бар жақсыны соған арнап,
дайындап жатыр едім онан парлап.
табыстың салтанатын көштей тізіп,
Колхозшым түгелімен тойға бармақ.
алуға шаршы топтан төрден орын,
Кәрі-жас бірі қалмай ұмтылды аңдап.

62
Қазақ өнерінің антологиясы
облысын толтыруға белін буып,
Білегін түріп алды өңкей саңлақ.
тап қазір қызу жұмыс үстіндеміз,
өйткені жатыр жұртым соны қамдап.
Жарыста жеке-дара шығып алға,
той күні топты жарып бәйгені алмақ.
Құт шалған колхозымның көркемдері,
Балауса, шұрайлы шөп, барқыт белі.
Кең далам шеті ұласып көкжиекке,
туырылған топырағының құнар сөлі.
Құяды рақатын жүрегіңе,
Кең айдын шалқып жатқан шалқар көлі.
толқиды жаныңды бір тербеткендей,
Желпісе тұнық бетін самал желі.
Қаз-үйрек еркелетіп балапанын,
сұңқылдап әнін төгер аққу сері.
ойнақтап асау тайдай еркін жүзген,
ақ балық айдынында өскен төлі.
Жерімнің арғы шетін ақжол бастап,
Қосқопа құшақ жаяр онан бері.
Қызылту даласының алып төрін,
Жаз көрсең жайқалады толқып егін.
Күз көрсең дәннен үйген ақ шоқылар,
еріксіз есің шығып кетер сенің,
Бойкүйез, ықылас жоқ еңбек десе,
Көрдім мен қырсауыңның бос жүргенін.
Шабалы: 
домалап өрге тасым бірден-бірге,
Бөленген ұл мен қыздар қызыл гүлге.
Шаттықтың дариясы жатыр шалқып,
октябрь қуат етіп ну өмірге.
Бақыттың кемесімен жүзді халқым,
дайындап өз тартуын ұлы күнге.
атымен партияның қуаттанып,
тұлпардай еті қызып алған мүлде.
ұмтылған әр саладан озаттардың,
айқайы қосылып тұр бір-ақ үнге.

63
Айтыс 4 ТОМ
екпіні ескен желдей үдей соғып,
Жарыстың желісімен тепкен ірге.
тым асып кетпе жеке, Байкен аға,
Белгісіз тиері әлі кімге жүлде.
Шабалды осы жақтан сүрінтем деп,
Көптігін көлдеріңнің алға салдың.
Қопаңды қара шірік көкорай деп,
тоқтаусыз жәннатқа да барып қалдың.
Баймұқаш:
Құр мақтан кенеуі жоқ жығар жарға,
өзің айт куәлігін салып арға.
Әр жүзден жүз он жеті қозы өсірген,
Шәмердей колхозыңда қойшың бар ма?
Әрінов Кәмен сынды жас шопаным,
мыңғыртқан әр жыл сайын өз отарын.
міндеттен қабат асып қозы мен жүн,
Шайлатты қалың майға баққан малын.
адамым осы тектес, бәрі сондай,
емес жай айта кетер бірді-жарым.
айтқожа, уәли, нығмет, уақас, сыздық,
Қаларсың есеңгіреп тізсем бәрін.
ал сен де жоспарыңа төрт мың жетпей,
Шабандап, Шабал інім, кейін қалдың.
Жаным, сен ширатсаңшы адамыңды,
ұясы бола бермей жалқаулардың.
о, Шабал, тауың қатар, жерің бөктер,
сырт көзден шалғай жатқан едік шектер.
осындай қалтарыстың кесірі ме,
неге көп колхозыңда еріншектер?
артынан алты адамды еліктіріп,
Шұбатқан Шортанбайды өзің тексер.
Жүргенде жорғалыға жол бермейтін,
ақ саусақ, бойы сылаң келіншектер.
Шабалы:
о, Байке, тым дардитып, сандағыңды,
сүрінер ойламайсың аржағыңды.

64
Қазақ өнерінің антологиясы
Қозының санын ғана ұстап бетке,
мақтайсың биыл артық алғаныңды.
мен емес бөспе сөзге бос жармасар, 
Білемін бұл жағынан қалғанымды.
егер де таразыға түсер болсақ,
Баспайсың тас салсаң да салмағымды.
Баймұқаш, жайың бар ма оңалғандай,
өнеге мал жағынан бола алғандай.
«Қыс көзі қырау» деген мәтел де бар,
Қарашы таяп қалды қораң қандай?
Баймұқаш:
ізденіп міндер таға келгеніңде,
Қызығып Қызылтуды көрмедің бе?
Қамыстан салған қорам ұнап кетіп,
ішіне жылдам басып енбедің бе?
Жалғас деп, сенен көмек сұрамаймын,
Қорамның кемдік болса жөндеуінде.
Колхозшым істеп шыққан одан зорды,
Қысылшаң не қарбалас кездерінде.
өткіздім қой қырқудың бәрін қолдан,
уақыт жеме-жемге келгенінде.
Былығып жатар едім, әлде болса,
Қарқаралы мтс-на сенгенімде.
ерлерім жыл басынан өрге самғай,
Жұмысқа сыбанған-ды бірі қалмай.
ісінің қорытындысын жасау үшін,
Келеді сол қарқыннан әлі танбай.
Шөп шапты он бес жасар мәру қызым,
үш айда бір күн тоқтап дамыл алмай.
ортаңа өнегеге жіберер ем,
Күз болды, күн қытымыр, жерің шалғай.
суреттеп айтылса да әрі батым, 
Фактысыз сөз шіркінде болмас татым.
Клубты күмбірлетіп орталыққа,
орнаттым киноның да аппаратын.

65
Айтыс 4 ТОМ
осының өзінен де ұқсаң, Шабал,
тұрғанын көрсетпей не шығып атым.
малшыңа қыстақ сайын жеткіз соны,
Шынымен патриот болсаң ақын.
Шабалы:
дәуірлеп әр сөзіңмен, Байкен аға,
Клубым күмбірлеп тұр дедің жаңа.
Жақсы істі кім бекер деп жазғырады,
мен айтам ондайларды енді ғана.
малшыма қос бөлмелі бес үй салдым,
солардың қамын ойлап алдын ала.
магазин, жетіжылдық мектеппенен,
Бір жазға жеті қора аз ғана ма?
Жайқалған баққан қойы топты жара,
Жетпіс үш жасқа шыққан қойшы қара.
Шыққысыз кірсең үйі жайнап тұрған,
мұнтаздай іші таза, шамы жаңа.
Баймұқаш:
о, жаран, құдіретті күшті, халқым,
Біздерді кездестірген сенің салтың.
ортаңда құрдық күрес сөз майданын,
орындап міндеттердің барлық шартын!
тағы бір бас қосалық ендігі жыл,
сөзіңнен ісің асып, артсын даңқың.
 1957 жыл.
ЕРЖАН МЕН ӘЗМҰХАМБЕТ
Ержан:
Көріп пе ең Қараталдай біздің жерді,
мәуелі неше түрлі жемістерді?
Көтерген тоғайымен сәнді көше,
Көз тартып көруге әсем, көріктенді.
Жайлауым алыбай-Боқан, сауыр, сайқан,
Жарқырай көліменен сәмен жатқан.

66
Қазақ өнерінің антологиясы
малымыз төрт түлігі түгел сыйып,
малшылар масайрап жүр оны баққан.
Әзмұхамбет:
ақындыққа жөн емес бөгелген соң,
тоқтамай сөйлеу керек жөнелген соң.
«ақжардың» совхозынан сөз сөйлейін,
Көпшілік көңіл қоштап жіберген соң.
ер қанаты арғымақ асыл қандай,
Біркелкі жылқыларым сай тасындай.
Қора-қора қойларым жайылғанда,
тарбағатай, маңыраққа жатыр сыймай.
диханымның түсімді алтын дәні,
десем болар мичурин алмасындай.
Шаруашылық дамыды, өркендеді,
ертістің көз жеткісіз арнасындай.
Ержан:
... Пункт жоқ тоғытатын қойыңызда,
Қотыр болар дейтін жоқ ойыңызда.
тоғытпаған қойларың тақыр жалақ,
айтасыз енді не деп соныңызға?
Пункт салсаң, колхозда күш жетпей ме, 
Қолға алса, еңбекшілер іс бітпей ме?
«ақжарда» адамдардың көбі бос жүр,
Басшылар оған айтып істетпей ме ?
«Қандысу», «Жетіарал» мен «ластыөзен»,
салынған диірмен бар неше жерден.
Болмас па ед тартып берсе жемді соған,
малыңа ас болмай жүр бітеу жеген?
Әзмұхамбет:
ауданнан алсаңыз да талай нұсқа,
Қойдан бердің көп шығын осы қыста.
Қалпына шаруаны келтіре алмай,
дабылың жетіп жатыр облысқа.

67
Айтыс 4 ТОМ
ақыным, сөз сөйлейсің желдей шауып,
Құр сөзбен озған бар ма еңбек тауып?
совхозда клуб жоқ па, жастар жоқ па?
алты ай қыста болмапты ойын-сауық.
Басшың жоқ кемшілікке назар салған,
мәдениет жұмысын ойына алған.
алтыншы товарлы сүт фермасының,
Жөнделмей клуб үйі құлап қалған.
тастама тере сөйле кенедейді,
Безентіп домбырамен тіл-көмейді.
мұжықсу, Көкадайдағы оқу үйі,
неліктен дұрыс жұмыс істемейді?
емшілік Қараталда аз емес қой,
тұқымың шашып жатқан таза емес қой.
егісің, өгіз аяң аз алдында,
Көрген жан жұмысына риза емес қой.
Ержан:
Коммунист Бапақовтай шопаным бар,
еткен жоқ оған әсер биылғы қар.
Шығынсыз талай жылдар мал бағуда,
еңбекпен озып алған ордені бар.
Байғали Жексенбаев малын баққан,
сайқанның саясында күлім қаққан.
Қойлары семіз, етті, жібек жүнді,
Жарқырап ер кеудесін медаль жапқан.
Әзмұхамбет:
Широков үздік озат еңбек ері,
Көктемде сапалы айдап жер игерді.
еңбек Қызыл туын да алды бірде,
Бар оның медальдан да жүлделері...
миллиардқа қосты үлес Әубәкіров,
отыз жыл еткен еңбек ешбір тынбай.
Жиырма бес центнерден түсім алған,
айта қойшы, аулыңда кім бар мұндай?..

68
Қазақ өнерінің антологиясы
Ержан:
Әзеке, кемшіліктің айттың жөнін,
Шындыққа дау айтуға шықпайды үнім.
Басшылар салақ қарап, жем-шөп жетпей,
рас-ақ, қозыдан да болды шығын.
айттың ғой Қармақ пенен Қатаровты,
малды олар салқындықпен қаңтарыпты.
Қыс тұрғай, жазда малды шығын еткен,
сіздегі омарғазин қайда бұқты?
...Қотыр, көнтек көбейген қойыңызда,
емдету жоқ па сіздің ойыңызда?
сіздерде үйде «емдейтін» дәрігер бар,
Әзеке, соны қозға, соны қозға! 
...Фермалы шошқа жоқ қой сіздің елде,
Бағудан безіп жүрген себебі не?
Бізде оның талайы бар, өнімі мол,
өспей ме, әлде шошқа сіздің елде?
Басшылар әлде оны бақтырмай ма?
өсіріп, одан табыс таптырмай ма?
Шіркін ау, тым болмаса бір шошқаң жоқ,
Басшыңыз әлде оны жақтырмай ма?
 1957 жыл.
КЕНЕН МЕН ХАЛИМА
Кенен:
ақ серке ай мүйізді қой бастаған,
анық батыр жорықта жол бастаған.
атамыз қазақ халқы өлмес-өшпес,
торқалы міне осындай той бастаған.
Батырымыз Компартия жол бастаған,
Бұлжытпай нұсқауларын ел қостаған.
ақ отау отан тіккен орда мынау,
отанның ақынымын ойқастаған.
айталық партияға сансыз алғыс,

69
Айтыс 4 ТОМ
Кедейді ең алдымен алға ұстаған.
Халима, әріптесім бері отыршы,
Шал едім келінге көп жамбастаған.
Келінжан, шайқасуға бар ма шамаң,
Көпшілік сөз бастауды берді маған.
Әуелі есендесу елдің салты,
Халима, бала-шағаң бар ма аман?
атыңды жүруші едім сырттан біліп,
естуші ем өнеріңді оқып-біліп.
Шал екен деп Халимаш, күдер үзбе,
Көп ішінде бетімнен қойшы сүйіп.
сырымды мына жұртым білген қайдан,
адамның дос болмағы осындайдан.
тоғыз келін, қырық балдыз қоршап отыр,
Халқымнан айналайын қолын жайған.
мен өзім кешке дейін жалықпаймын,
айтыс десе ақ сұңқардай шарықтаймын,
латипа, мөртай және Бәтимамен,
айтысып талай елді анықтадым.
Халима, атыңды естіп құмар едім,
Кәрі деп енді мені налытпағын.
ат арғымақ бола ма,
алыс ұзап шаппаса?
Батыр ұран бола ма,
Бастап шеру тартпаса?
ақын – ақын бола ма,
Халық ішінде осындай
төгіп өлең айтпаса?
мерген – мерген бола ма,
Жауды көздеп атпаса?
Шопан жақсы бола ма,
өсіріп қойды бақпаса?
Көп ұзартпай сөзімді
сізге кезек берейін,

70
Қазақ өнерінің антологиясы
Қызығыңды көрейін.
айып етпе, ел-жұртым,
Бұдан артық не дейін.
Әйел құмар Кенен ем,
Бетіңнен келін, өбейін.
Қазақстан шатты күн,
айтысып жатқан сәтті күн.
өрендерім, ұрпағым,
ойнап-күлер тәтті күн.
осыменен тоқтайын,
Қызып кетер аптығым.
ал келінжан, Халима,
сен де айтып бір көрші,
өнердің ашып қапшығын.
Халима:
Шіркін-ай, ауыр екен өлім деген,
Бұл ажал еш пендеге көрінбеген.
Кешегі асқар таудай мұхтар қайда,
адам жоқ естігенде егілмеген.
Бұл фәни дүниеден мен де кетем,
өлгенше көргенімді жырлап өтем.
Балауса жас өмірім өтті-кетті,
Кенеке, сол күнімді арман етем!
Көпшілік қаумалап тұр іштен, сырттан,
Бағалап сынай білер сөзді ұққан.
Қызымын исатай мен махамбеттің,
ерлікпен, ақындықпен аты шыққан.
Кенеке, сәлем бердім өлеңменен,
Құрбысыз заманың бір дегенменен.
Бас қосқан ақын-әнші осындайда,
Қағыспай қалуымыз бола ма жөн.
сен бе едің Қордайдағы ақын Кенен,
Құлағым «Кенен» десе елеңдеген.
түсімде үш ұйықтасам бар ма менің,
Кенеке, қатарыңа келем деген.

71
Айтыс 4 ТОМ
сен бе едің, ақын Кенен Қордайдағы,
Шалдардың жуан мойын, сер бойдағы.
Кешегі теңдіксіз күн еске түссе,
Қайнайды зығырданым қай-қайдағы.
Кәнеки, енді жүрші маңайымнан,
Қарт қыздың шошынарсың ырғайынан.
Жүйріксің жетпісіңе желіп жеткен,
теріңді шұбыртайын самайыңнан.
Қолымда праволы документім,
Жазылды қамшы тиген жаралы етім.
Келгенде кемпір жасқа қайрат беріп,
Көтерді қолтығымнан үкіметім.
Келсең-кел, Кенен құрбы, қолыңды бер, 
Қарт қыздың көрсетейін кереметін...
Әуеде бір жұлдыз бар, жұптамадым,
Кененжан, уәдеңді мықтамадың.
аузыңнан «жаным» деген бір сөз естіп,
дөңбекшіп өткен түні ұйықтамадым.
Әуеде бір жұлдыз бар ай көзіндей,
Шоқ шашпай, алтын айдар мен де өзіңдей.
Кенен сал, аяғыңды ширақтау бас,
сүйретпей байдың жалқау кербезіндей.
Жарасқан құндыз бөркің басың қандай,
Күмістей жылтылдаған шашың қандай. 
Біздермен тағдыр қосып дәмдес болсаң,
Кененім, болар көңілің тасығандай.
ішінен осынша жұрт мені қалап,
отырмын мен де сізді ерге балап.
Әркімнің өз қатары өзіне алтын,
мен үшін жас жігітсің жаңа талап.
Кенен:
өлеңің Халимажан, қандай тәтті,
Қартайған жүрегімнің шамын жақты.

72
Қазақ өнерінің антологиясы
«дөңбекшіп» төсек жайын айта кеттің,
Болсын сол уәдеміз енді нақты.
сөз табылса айтайын,
Қуатыңды байқайын.
Жұмыртқа бол Халимажан,
Бауырыма салып шайқайын.
 1961 жыл.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет